Жаңалықтар

«Ел аузында» танымал тұлғалар

ашық дереккөзі

«Ел аузында» танымал тұлғалар

«Бұл ән бұрынғыдан өзгерек» демекші, бұл бағдарламаның өзге жобалардан жөні бөлек. Өйткені бұл жоба әйгілі адамдардың өмірінің қызығы мен шыжығын көрсетпек. «Астана» арнасында тұсауын кескелі отырған «Ел аузында» бағдарламасы зайырлы хроника негізінде дайындалып отыр. Елдің аузында жүрген тұлғалардың өмірі туралы, олардың қайда демалып, қайда думандататынына шекті бүге-шігесіне дейін қалдырмай, көпшіліктің назарына ұсынылып отырмақ.

«Астана» арнасының көрермендері 20 минут ішінде көгілдір экраннан әйгілі адамдардың шиеленісін, шатағын, тексеруін, тіпті махаббаты туралы әңгімелерінен де құлағдар болады.

«Ел аузында» бағдарламасын Маржан Сұлтанбаева жүргізетін болады. Екі жүргізушінің назарына іліккен әйгілі адамдардың өмірін тамашалағыңыз келсе, «Астана» арнасының «Ел аузында» бағдарламасын көрсеңіз болады. Әр бағдарлама тосынсыйларға толы. Жүргізушілердің мақсаты – бұл оқиғалар туралы баға беру емес, қызығы мен шыжығы мол өмірдегі кейбір көріністерді көрсету ғана болып отыр. Сол себепті де, «Ел аузында» жобасынан қапы қалмаңыз!

Г.БЕКТАС