Жаңалықтар

Бәйге! Бәйге! «Түркістан – 20»!

ашық дереккөзі

Бәйге! Бәйге! «Түркістан – 20»!

«Түркістан-20» халықаралық бәйгесінің ережесі

Халықаралық «Түркістан» газеті басылымның 20 жылдығына орай кезінде түркі бірлігін ту етіп көтерген Мұстафа Шоқайдың рухына, Алаш көсемдерінің бірі Әлихан Бөкейхановтың рухына, Түркістан республикасының алғашқы басшыларының бірі Тұрар Рысқұловтың рухына бағыштап, қалам ұстаған қауым арасында бәйге жариялайды.

Алаш арыстары көтерген идея­ларды жалғастыру мақ­са­­тында «Түркістан» халық­ара­лық газетін ашқан Қалтай Мұхамеджан атында осы бәй­ге аясында арнайы жүлде та­ғайындалды.

Бәйге шарттары:

«Түркістан-20» бәйгесіне публицистикалық және ғылыми-танымдық мақалалар қабылданады. Бәйгеге ұсынылатын мақалалар белгілі бір тақырып аясынан ауытқымай, көркемдік талаптарға сай жазылуы тиіс.

Бәйгеге ұсынылатын мақа­лалар төмендегі үш тақырыптың біріне жазылуы керек:

– Түбі бір түркі бірлігі;

– Біртұтас Алаш идеясы;

– Біртұтас ұлт ұстындары.

Ұсынылған тақырыптарға орай тың деректері бар шығар­маларға басымдық беріледі.

Бәйгеге ұсынылатын мақа­лалар көлемі компьютерде басылған 3-7 беттен аспауы тиіс (шрифт Times New Roman, кегль 14).

Бәйге жүлдесі:

Бас бәйге – 500 000 теңге (біреу)

Бірінші орын – 350 000 теңге (біреу)

Екінші орын – 250 000 теңге (екеу)

Үшінші орын – 150 000 теңге (үшеу)

Ынталандыру сыйлығы – 100 000 теңге (бесеу)

Қалтай Мұхамеджан атындағы арнайы жүлде (біреу).

Бәйгенің өткізілу мерзімі:

Бәйгеге қатысатын шығар­малар 2013 жылдың 22 наурызынан бастап 2013 жылдың 1 қарашасына дейін қабылданады.

Бәйгенің қорытындысы 2013 жылдың 15 қарашасында шыға­рылады.

Бәйге екі сатыдан тұрады:

Бірінші сатысы – іріктеу сатысы. Бәйгеге ұсынылатын шығармалар сыртына «Түркістан-20» деп жазылған конвертке салынып, 050009, Алматы қаласы, Абай д., 143, 603-кеңсе мекен-жайына немесе дәл сондай айдармен turkestan_gazeta@mail.ru электронды поштасына жолдануы тиіс. «Түркістан-20» бәйгесіне келіп түскен мақалалардың бәрі арнайы құрылған тәуелсіз комиссия сарабынан өткен соң ғана газетке жарияланады. Бәйге талаптарына сай емес, көркемдік деңгейі төмен, тақырып аясынан тыс шығармалар газет бетіне жариялауға жіберілмейді.

Екінші саты – таңдау сатысы. Арнайы құрылған тәуелсіз комиссия 2013 жылдың 28 наурызы мен 2013 жылдың 1 қарашасы аралығында «Түркістан» халықаралық газетінің бетінде «Түркістан-20» айдары аясында жарияланған мақалалар арасынан жүлделі орындарды анықтайды.

Ескерту! Халық жазушысы Қалтай Мұхамеджан атындағы арнайы жүлденің иесі ғана (бір сыйлық) «Түркістан» халықаралық газеті ұжымының жалпы жиналысында ашық дауыс беру арқылы анықталады.