Жаңалықтар

ЖӘРДЕМАҚЫ ҚОЛҒА ТИСЕ...

ашық дереккөзі

ЖӘРДЕМАҚЫ ҚОЛҒА ТИСЕ...

«Қазақстан жаңалықтары» ақпараттық агенттігінің мәліметтері бойынша, Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің стратегиялық жоспарларының бірі – 2011-2013 жылдар аралығында оралмандарға арналған бір жолғы жәрдемақыны 26 пайызға ұлғайтуды көздеген.

2010 жылғы оралмандарға арналған жәрдемақы көлемі – 187,7 мың теңге болған болса, 2013 жылы оның көлемі – 237,2 мың теңгеге артатын болады. «Оралмандарға әлеуметтік көмек көрсету» бағдарламасына сәйкес алдағы үш жыл бойында квота көлемі өзгермейді. Бағдарламада көрсетілген бюджет шығындарының жалпы көлемі – 2011 жылға 12 055 миллиард теңгені, 2012 жылға – 14, 995 миллиард, 2013 жылы – 16,043 миллиард теңгені құраған. Алайда, мемлекеттік көші-қон квотасының тоқтағаны қазір де көш жолын бөгеп тұрғаны мәлім. Қазір шетелден квотадан тыс келіп қоныстанып, «оралман» куәлігіне ие болушылардың саны күн өткен сайын артып келеді.