Жаңалықтар

«НҰРБЕСІКТІҢ» ҮЛГІ-ЖОБАСЫ БЕКІТІЛДІ

ашық дереккөзі

«НҰРБЕСІКТІҢ» ҮЛГІ-ЖОБАСЫ БЕКІТІЛДІ

Бүгінде Астана қаласының Тұрғын үй басқармасында баспана кезегінде 500-ден астам оралман тұр, – деп хабарлады astana.kz сайтына «Асар» қоғамдық бірлестігінен.

Астана қаласы әкімдігінің (№37-798П 17.09.2007 ж.) шешімімен оралмандардың тұр­ғын үй мәселесін шешу үшін «Асар» бірлестігіне «Көктал» тұрғын үй алабынан «Нұрбесік» көпфункциялы тұрғын үй кешенін салуға 26,9 гектар жер телімі бөлінген болатын.

Осы шешім негізінде тұрғын үй кешенінің бас жоспары мен нысанның үлгі жобасы бекітілді.

«Нұрбесік» кешенінде жеке­меншік үйлер, көпқабатты үйлер, әкімшілік орталық, балабақша, сауықтыру, ойын-сауық орталығы, мешіт және қонақүй бар.

Астана қаласы әкімінің №37-502П 09.05.2010 ж. шешіміне сәйкес тұрғын үй кешенінің бірінші кезеңінің құрылысына рұқсат берілді. Оралмандар өз күштерімен және қаржыларымен жеке үйлердің қабырғасын тұрғыза бастады. «Асар» ҚБ-дан мәлім еткеніндей, биыл алғашқы қоныс тойы тойланатын болады. «Нұрбесік» кешенінен тұрғын үй алу үшін «Асар» ҚБ-ға барлығы 1300 отбасы өтініш берген.