2012 ЖЫЛҒА – САЛАУАТ, 2013 ЖЫЛҒА – ҮМІТ
2012 ЖЫЛҒА – САЛАУАТ, 2013 ЖЫЛҒА – ҮМІТ
Эйр Астана:
2012 жылы әуекомпанияның кірісі 16 пайыз, ал жолаушылар саны 14 пайызға артты. Жалпы алғанда, компанияның кірісі 870 миллион долларды құрады. Әуекомпания өз тарихында алғаш рет 2 Airbus A321, 1 Airbus A320 және 2 Embraer 190 ұшағын меншікке сатып алды. Соған қоса Fokker-50 әуе кемелерін авиапаркінен шығарды. Осылйша, «Эйр Астана» авиаиндустриядағы дағдарысқа қарамастан жылды табыспен аяқтады.
«Эйр Астана» АҚ президенті Питер Фостер жылды қорытындылау кезінде: «Бірінші жартыжылдықтағы пайданың 80 пайыз төмен түскендігі біздің көрсеткіштерімізді нашарлатқан, бірақ екінші жартыжылдықта ТМД елдеріндегі қарқынды жолаушы ағыны, Қытай мен Гонконгқа рейстердің сәтті ашылуы, сондай-ақ қаражатты үнемдеу авиакеросинге баға өсуін ішінара есесін қайырды, дегенмен пайда маржасы азайды. Біз баға қысымына байланысты тағы бір қиын жылды болжаймыз, дегенмен әуетасымал нарығы тұрақты болып қалды. Біз 2013 жылы маршруттық желінің кеңеюін Қазақстан елордасы Астанадан жалғастырмақпыз. 2013 жылы зауыт-өндірушіден әуекомпания меншігіне алынатын жаңа 3 Airbus 320, 2 Embraer 190 және 2 Boeing 767 ұшағының келуін тосып отырмыз» деді.
2012 жылы «Эйр Астана» Skytrax халықаралық рейтингтік агенттігінің 4 жұлдызымен марапатталған және Орталық Азия мен Үндістанның үздік әуекомпаниясы атанды. «Эйр Астана» Skytrax 4 жұлдызды рейтингісіне ие болған ТМД және Шығыс Еуропа әуетасымалдаушы арасындағы жалғыз әуекомпания.
Дана БЕКТАСОВА