Жаңалықтар

КІМ НЕ ІСТЕДІ?

ашық дереккөзі

КІМ НЕ ІСТЕДІ?

Имамдар есебі:

фқорытындылап, жаңа жылды қандай қадаммен басатындығы жөнінде есеп берді. Бұл әрине, өңірдегі имамдардың жауапкершілігін молайтып, біліктілігін шыңдай түсу үшін ауадай қажет дүние. «Имамдар есебі: кім не істеді?». Осы тақырып аясында еліміздің дін саласында жасалынып жатқан игі істерге терең талдау жасалуда. Мәселен, Алматы қаласының бас имамы Құлмұхаммед Маханбеттің пікіріне қарағанда, былтыр қала мешіттерінде жалпы саны 6384 бала діни сауат ашу курстарында білім алса, өзге ұлт өкілдері Ислам негіздері, Құран оқу сабақтарын орыс тілінде оқып келеді. Сондай-ақ жастардың діни уағызды кітап нұсқасынан ғана емес, бейне және үнтаспалар арқылы сусындауына жол ашылған. Бұл хақ дініміздің дұрыс насихатталуына, жамағаттың ақ пен қараны ажырата алуына өз көмегін тигізетіні анық.

Ал, Наиб мүфти, «Нұр Астана» мешітінің бас имамы Қалижан Заңқоевтың есебінен де біраз жайтқа қанықтық. 22 оқу орнында студенттер арасында «Жастардың рухани мәдениетін қалыптастыру және радикалды экстремистік идеологияның зияны» атты тақырыпта кездесу өткізу де үрдіске айналған көрінеді. Тағы бір жағымды жаңалық – Астана қаласындағы мешітке бір үлгідегі сұрақ-жауап жәшігі орнатылған. Мешітке келген кез келген мұсылман баласы өзін мазалаған сауалдарға жауап ала алады. Сонымен қатар «Нұр Астана» мешітінің имамдары бірнеше жылдан бері Ұлттық бірыңғай тестілеу алдында оқушыларды сабырға шақырып, өзара психологиялық әңгімелер өткізуді дәстүрге айналдырғаны басқа да мешіттерге үлгі. Жас өрендерге өмірлік бағыт-бағдар беру – аға буынға жүктелген міндет екенін әркез ескерген абзал болар. Еліміздің бас мешітіне елор­­да­дағы қазақ тілді 15 мектептен 50-ге жуық мұғалімнің жетекшілігімен 672 болашақ түлек келіпті. Мәселен, өткен жылы Ас­та­нада 41 өзге дін өкілдері Ислам ді­­­­нін қа­былдаса, оның 18-і «Нұр Ас­­­­та­­на» мешітінде, 22 адам «С.Ғылмани» меші­­тін­де, «Әс-Салам» меші­­­тінде 1 адам өз еркімен Ислам дінімен қауышқан. Уағыз-насихат жүргізу – тек әрбір адамның иманды болуына себепші амал ғана емес, сондай-ақ, ол ел ішіндегі терроризм мен экстремизм идеяларының және теріс ағымдар әрекетінің алдын-алуға бағытталған іс-шара. Міне, біздің имам-молдаларымыз да дәл осы сауапты жолда ауқымды істерді жауапты атқаруда.

Бұдан түйгеніміз – бүгінде Ислам насихатының көкжиегі кеңейіп келеді. Дін маманы әрдайым ізденіс үстінде болу қажет деп санайтын имамдар мұ­­сыл­мандарға үгіт-насихат жүргізумен қа­тар, өз білімдерін толықтырып отыруды да естен шығарған емес.

Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев халыққа жолдаған Жолдауында еліміздің 2050 жылға дейінгі даму стратегиясын айқындап берген болатын. Мұнда дін саласына қатысты бірқатар мәселелер көтеріліп, оны шешу жолдары қарастырылған. Бүгінде Діни басқарма осы бағыт бойынша жұмыс жасап келеді. Қазақстан Мұсылмандары Діни басқарма төрағасы Әбсаттар қажы Дербісәлі өзінің есебінде еліміз бойынша 1500 елді мекенде жамағат мінәжат ететін мешіттің жоқтығын тілге тиек еткен еді. Шын мәнінде, мешіті жоқ ауылдан иманы әлсіз жастар өсіп, жат діни ағымдардың жетегіне еріп кетпесіне кім кепіл?

Қазақстандағы барлық мешіттерді бір орталыққа қарату, олардың қызметтерін қадағалап, басын қосып отыру – елімізде Ислам дінінің ел арасында дұрыс насихатталуының үлкен кепілі. Сонымен қатар Ислам діні көптеген ұлттар мен ұлыстар мекендеген рес­публикамызда татулық пен достықтың, өзара келісім мен бірліктің нығаюына өз үлесін қосатыны даусыз. Осыны ескере отырып Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы барлық облыстар мен өңірлердегі мешіттерді 2000 жылдан бастап өзінің филиалы етіп тіркеуден өткізу іс-шараларын бастаған болатын. Бүгінгі таңда еліміз бойынша олардың саны 2300 мешітті құраса, бұлардың басым көпшілігі филиал болып тіркеуден өткен. Қаражат тапшылығы қиындық тудырып, әлі тіркеле алмай отырған мешіттеріміз де кездеседі екен.

«Осман ибн Аффаннан (р.а.) риуаят еткен хадис шарифте Пайғамбарымыздың (с.ғ.с) «Кім Алланың дидарын қалап, оның жердегі үйін тұрғызса, Алла тағала оған жәннатта сондай үй тұрғызады» – дегенін естідім», – деген екен. Аллаға шүкір, еліміздің барлық облыстары мен өңірлерінде Алланың үйлерінің саны күн санап өсуде. Бұлардың бірқатары жеке азаматтардың қаржысына тұрғызылса, сонымен бірге қайырымдылық қорлардың демеушілігімен тұрғызылып жатқан мешіттер де бар.

Мешіт – мұсылмандардың намаз оқып, құлшылық жасап, Алла Тағалаға мінәжат жасайтын қасиетті орны. Елімізде күн өткен сайын ғибадат үйлерінің саны көбейе түсуде. Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының жарғысында мешіт имамдары мен қызметкерлерінің белгілі бір міндеттері мен құқықтары белгіленген. Сол міндеттерге орай, құлшылық үйлерінде бес уақыт азан шақырып, намаз оқу, жұма күндері уағыз айту, құтпа, жұма намазын өткізу секілді т.б. діни істердің атқарылуы бір ізге түскен. Имамдар ондағы бүкіл діни істерді атқарып әрі басқарып, бақылауында ұстайды.

Болатбек ИМАШЕВ,

дінтанушы