Әріптесіміз ақталған екен

7 ақпан, 2013 / Дана Ізтілеуова
ашық дереккөзі
Әріптесіміз ақталған екен

«Түркістан» газетінде жарияланған «Ұлу жылы журналистерге оңай болған жоқ» атты сұхбатта «Әділет» газетінің бас редакторы Қуанышбек Ботабековтің үстінен ҚР Қылмыстық кодексінің 129-бабы 3-бөлігі, 130-бабы 2-бөлігі бойынша іс қозғалып, шартты түрде 1,5 жылға бас бостандығынан айрылғаны туралы айтылған еді.

Алайда 2011 жылдың 8 желтоқсанында Оңтүстік Қазақстан облыстық сотының аппеляциялық сот алқасының судьясы Ә.Керімшеев «Шымкент қаласы әл-Фараби аудандық сотының 2011 жылдың 19 қазанындағы Ботабеков Қуанышбек жөніндегі үкімнің күші жойылып, ақтау үкімі шығарылсын» деген қаулы қабылдағаны белгілі болды.