КЕСІЛГЕН ШЫРШАНЫ КӨТЕРІП КЕЛЕ ЖАТЫП...
КЕСІЛГЕН ШЫРШАНЫ КӨТЕРІП КЕЛЕ ЖАТЫП...
Поэзиямен егіз, поэзия олармен егіз ұғым сияқты… «Өлең – сөздің патшасы» демей ме, патша өлеңнің құдіреті арқылы ұлтының мұңын, қайғысын өлеңмен жеткізіп отырған ақындардың арқалы жыры қай заманда да, қай ғасырда да өзекті болған. Олардың жырында замананың бүгінгі келбеті жатыр, қоғамның бүгінгі көрінісі де осында. Сондықтан, біз ықылым заманнан өлеңнен алыстап кете алмағанбыз. Бүгінде алыстай алмаймыз. Бүгінгі өлеңде бүгінгі халықтың мұңы, жан сыры жатыр. Ендеше, жас поэзияға тағы бір құлақ түрелік…
ЖАҢА ЖЫЛ
Уақыт мұнарасының жанынан өтіпбара жатып,Ғұмырымның көктем, жаз, күз, қыс
маусымын –Жылжыған жыл деп білгем.Қабағыма тұрса да мейірімсіз мезгілдіңтырнағы батып,Маған жат ғадет қаныма сіңген.Бір күн өтсе жылайтын бабамның
уайымы ұмытылған,Ертең базарды кезіп бағалы сыйлықіздеймін,Тер саулаған маңдайымды сүртіп.Тамағымды кенеп салатыным дабылтырғы ән,Кесілген шыршаны көтеріп келе
жатып біртүп.Майя мәдениетін жерге көмгенімдетепкілеп,Өмір сүргім келетін өзге өркениет
жасап…Календарьдың соңғы бетіндегі нүкте.Ертең үрей толы 2012-ге де қош
айтамыз,Уақыт үшін үйренбегеміз бармақ
тістеп…КЕРТОЛҒАУМәңгілік тоқтап қалған уақыттың демін
сезіну –Қаншалық азап болса да,Керемет, ғажап!..Өмір мен өлім үзігіндегі Ұлы сағыныш –
Бәлкім ол біз айтып жүрген,Обал мен сауап.Қою орманға сүңгіген жалғыз аяқжолдың,Жалбызы бұрқырап түйсікке ұратын…Әттең, сол аумақты қанша шарласам да,Баяғы таңғы шапақпен жүзіңді жуасың.Тоқтап қалған. Мәңгілік тоқтап қалғанырас,Көзімде ғана сарғыш тартқан жапырақдірілі.Өтіп барамыз… кімді, қайда қалдырып…Қолымда үзіліп түскен уақыттың
бұрымы…Таң бозынан оянып бір шумақ өлеңарнадым,Кірпікке байланған тамшыдай зілмауыр.Құсы да сайрамас жасыл көшенің,Еске алып өмір сүретін –Мәңгілік тоқтап қалған бір дәуір…Ырысбек ДӘБЕЙҰЙҚАССЫЗДЫҚМына ескі сарайды құстар мекендейді.
Бөренелер ежелгі сәнін еске салғанымен,Өрмекшінің торы өткенін шимайлаптастаған.Кептер мен қарлығаштың қауырсындарыДөдегелердің қуысынан жерге түседі.Оларды жел баяу қалқытып,Белгісіз қиырларға ұзатып салуды
шешкендей.Сары ауыз балапандар шиқылдап,Жем іздеп кеткен аналарын күтеді,Тіршілік бәрінен қымбат.Аңқиған есіктер мен терезелер
Бізге әлдебір қимас көзбен сыр
шерткендей,Бірақ олар емес, біз солай қиялдаймыз.Жел кеулеген жақпардан ішке үңілсең
жүрегің лоблиды,Саңғырыққа толы босағаны аяйсың.Қираған пештің қалқасында өскенсарғыш саңырауқұлаққа күйе жұқпаған.Мүк басқан ағаштар жаңбыр суыменкөгеріп,Еден тақтайлары иесіз қалудың не
екенін паш еткендей…Бәлкім бізге жұмық көздерімен қараған
марғаулармен тілдесерміз,Олар бұрыштар мен қуыстар жайлы
ертек айтар.Шырмауық ораған жетім гүлдердің аянышты халіне назар салма,Бәрібір біз құтқара алмаймыз…Көзіңе жас алма, інім, кері қайталық.Анамыз алыс сапарға шықсаңдар,Арттарыңа бұрылмаңдар дейтін.Бұл ұғым өшпестей мөрленген.Біз туған үйдіңБіз тұрған үйден әлдеқайда ыстық екенін сезбейді қазір ешкім,және ешкім біздің әулет тарихын баяндап бере алмайды.Ол — тек біздің шежіре, көкірегімізге жерленген…Тоқтарәлі ТАҢЖАРЫҚЖЫЛЫЛЫҚӘкемнен қалған жылылық,Шешемнен қалған жылылық.Лебіңе жүрем жылынып…Сарсаңға түскен сәттерде,Мұз болып қатқан көңіліме,Көктем боп келдің жылымық.Бабамның салған жолымен,Әйтеуір, келем сүрініп,Әлсіздігім де білініп…Бір Алла берген ғұмырдыңКөшіне әрең ілігіп.Ей, Әлем, сен де бір ұлдыңАйтылмай жүрген сырын ұқ;Бақыт та кетті қона алмай,Басымнан кері бұрылып.Уақыт та кетті таба алмай,Ақыннан кінә, бір ілік.Шытынап түйсік-терезем,Аязды күнгі атыздайАйғыз да, айғыз тілініп.Ағадан көрмей ірілік,Кішіден көрмей інілік.Аспалы көпір шетінде,Тұрғандай болам ілініп.Сондай бір сұрқай сәттерде,Әкемнен қалған жылылық,Шешемнен қалған жылылық —Лебіңе жүрем жылынып…Маңымда қалған жақсылар,Сендермен қайғым жоқ шығар,Болыстың маған жұмылып.Жаныммен сүйдім бәріңді,Алдыңда белім бүгіліп.Сыртымнан өсек боратқан,Басыма пәле жалатқан.Жандарға кінә тақпаймын,Жатсам да жолда жығылып.Өйткені менің бойымда,Жағып тұр Өмір шырағын —Әкемнен қалған жылылық,Шешемнен қалған жылылық.Тағдырға көндім амалсыз,Жетелеп алға бір Үміт.Біресе Мысым басылып,Біресе Рухым тіріліп.Ескексіз қалған қайықтай,Жанашыр адам жолықпай.Болам деп жүрген кезімде,Өмірдің сырын ұғынып,Бәріне мені үйреткен —Әкемнен қалған жылылық,Шешемнен қалған жылылық.Және деӨлеңнен қалған ұлылық.ТӘУБЕСәттерде жаным езілген,Медетім болып қолдаған.Тайғанда бағым төрімнен,Үмітке үміт жалғаған.Жаралған шексіз төзімнен,Нәр алған уыз арнадан,Құдірет барын сезінгем.Пендені баурап, арбаған,Жүйкені күнде кемірген.Қарасаң — құмар қанбаған,Кетпейтін ешбір көңілден,Дүние-байлық, мал, қораң —Таусылмайтұғын өмірде,Біз айтып жүрген арман ән,Серпілер қашан сал қоғам,Ертеңін ойлап сеніммен.Таңдайым қағып, таңданам,Бәрін де көріп көзіммен,Шарасыз қалып дал болам.Жамандық көрсем — өзімнен,Жақсылық көрсем — Алладан.БҮГІНӨзгерді бүгін қоғам –
Көз көрді түрін жаман.Кез келді Ақиқаттың,Көмейін тығындаған.Тағдырды мойындадық,Әр күнді уайымдадық.Жақсылар жасып қалды,Жаманның жайын бағып.Күдіктен көңіл сынып,Үмітпен өмір сүріп,Өзгелер менсінбейді,Бізді әлі тобырсынып.Заңғардан өте алмадық,Арманға жете алмадық.Жылтырақ дүниеге,Арбалып, неше алданып?!Жасырып шындығыңды,Ақыры сұмдық ұрды.Алаштың – тірегі еді,Ластадық тілді, дінді.Тар жолда тығындалып,Ақ жолға бұрылмадық.Мастанған төрелерге,Мадақтау жырын жазып.Ақшадан оңалмадық,Жақсы адам бола алмадық.Тілге тіл қосып алып,Басқаша амалдадық.Даланы күмілжітіп,Қаланың уын жұтып,Шындықты айта алмайсың,Тұрса да тілің қышып.Уақыт – құйын, боран –
Артына бұрылмаған.Алдыңда жер қалмады,Тұзақ, тор құрылмаған.Әлі де тыйылмаған,Бұрынғы қиын заман.Жол кесіп Батыраштар,Жасап жүр бұрын қадам.Құйғытып Құлагермен,Асқанда құба белден,Баяғы Батыраштар,Балта алып, шыға келген…Алмат ИСӘДІЛНАМЫС ЖЫРТЫП ШЫҚТЫ ІНІҢ, АТЫҢДЫ АЙТЫП…Ел емес пе шығады ертең шығады,Намыс жыртып, атымды айтып
есті іні.Есжан АЙНАБЕКОВЖырын оқып ағамдай кемеңгердің,Мен қалайша тұғырдан төмендермін?!Сіз өмірден кеткенде мен жас едім,Мұрнына иісі бармас өлеңдердің.Сезсең егер кетер ме ең ақылды айтып,Кеңесіңді берер ме ең нақылдай ғып.Нәр алып өзіңіздің жырыңыздан,Намыс жыртып шықты іні атыңды
айтып.Талай түнде жыр жазып қажымадың,Ілестіріп ап жүрдің сазына мұң.Ағатай, сіз жазуға үлгермеген,Үлгермеген жырларды жазудамын.Жазудамын шабытты көлік қылып,Берудемін өлеңге көріктілік.Ағатай, өзің салған даңғыл жолға,Мен де шықтым өлеңді серік қылып.Кім білер қанша өмір сүрерімді,
Өлеңмен қанша бірге жүрерімді?!Сізден қалған жалынның ұшқындары,Қыздырып жүр бүгінде жүрегімді.Ерболат АЙНАБЕКОВ,ХҚТУ студентіТУҒАН ЖЕРЖылайды өлең, жылайды өлең.Шындық қайда, шырайлы әлем?Өзім қазған ой түбіне
Қайта-қайта құлай берем!Зулап барам. Зымыранмын.
Елдің зарын ұғынармын.Замандастың көкірегінеӨксік болып тығылармын…Сауалым көп, сынық айым,
Жауабым жоқ. Булығайын.Ата-баба қонысынаЖылап келіп жығылайын.
Сонда мені сүйе, далам.Әрбір жотаң кие маған!Іңгәсіндей сәбиінің
Туған жерін сүйеді адам!*****Көкейімдегі көтерілістерді басып
жаншығанМен – Көсеммін!Заманаларда қалған есеңмін.Қазағым, мен тыңдаушысы кем
шешенмін…Кеудемдегі алапат дауылдардан қалайаман қалып ем?Білмеймін.Басыңа төнген бұлтты
сын деймін.
Қазағым, мен сел болып тасып, Сен
болып сөйлеймін.2 млн 724 мың 900 шаршы шақырым
туған жерге жыр белгі қадап,Әр тасыңа айтқым келеді мадақ.
Қазағым, мақпал жүрегімнің лүпілі де
– азат!Мен де – Азат!
Осы сезім ғажап!Осы сезім ғажап!БАРОКАМЕРАКең дүние тарыладыБір жұтым ауа жетпей…Ауаға зарлық болу –
Дәрігер, шын дерт пе, ей?!Алматы желдетпедіЖүрегім жел тіледі.Дәрігер бұл тілектің
орайын келтіреді.Жатқызып камераға,
Оттегін жібереді.Бұл көңіл алай-дүлей,Тағы да түнереді.
Туған жер, жусан иісті
Далаңа не жетеді?Оттегін жұтқан сайынЖүрегім дір етеді.Жасанды. Бәрі солай.Ауа да жасалады…«Жасанды» сөйлеп адамШындықтан қаша алады.
Мен сені ұнатпаймын,
Заман-ай, ұсақталдың.Шыққанда камераданСанамда сызат қалды.Ақиқат іздегенге
Айыбы тағылар кез.Ақылы бар адамның
Тынысы тарылар кез!Мен сенен қорқам…Ауа жетпейді…Мақпал ЖҰМАБАЙ
ОТАНАспанның астындағы,Қастерлі шаңырағым.Көруге хас тұлғаңды,Шығады сағына Күн.Даламды-дауам дер ем,Сенсің ғой көңілді әнім.Әр жұтқан ауаңменен,Сезінем өмір мәнін.Боламын тауларыңдай,Қорғаған еңісіңді.Жайқалған бау-бағыңдай,Беремін жемісімді.Ел қайда өз еліңдей,Толтырам жаңа нұрға.Мөлдіреп өзеніңдей,Сылдырап ағамын да.Ай мен Күн – алқаң сенің,Шашылған нұр шапағы.Ұлыңмын артар сенім,Кетпейтін қуса-дағы.Тұғыры даралардың,Мұқалмас намысым ба ең?!.Бұл жерге бабалардың,Тері мен қаны сіңген.Жайғызған жапырағыңды,Мекен бұл кие өрілген.Жаралған топырағымды,Тыңайтам сүйегіммен.Сен тудың орала бақ,Жүргеннен байқап енді,-Келемін әлі аралап,Осынау байтақ елді.АУЫЛДЫ АҢСАУТалайлардың ырысына айналған,Шіркін, ауыл – мейірімділер мекені.Қазығымсың сағынышым байланған,Шаттық сыйлап жарқыраттың шекені.Армандарым сенде жүріп қаланған,Бауырыңда ерек, керім күйге ендім.Жазиралы шалқып жатқан далаңнан,Сабырлы әрі кең болуды үйрендім.Ортамды іздеп Алматыға аттанғам,Жаныңды ұғар жақсы адам да баршылық.Жапырақтай болмас үшін тапталған,Кей зұлымға көрсетесің қарсылық.Туған елді ізгіліктің ізі етіп,Шын жаңғырта салып жүрмін ырғақты.Тас көшеде табанымнан сыз өтіп,Топырағыңды аңсап жүрмін тым қатты.Жазғандығы осы ма деп маңдайға,Бұл өлкені тастай алмай жынданам.Тұлпарды ерттеп кете алмаймын
шалғайға,Құтыдағы өмір сынды бұл маған.Арайланып атып та жүр әр таңым,Азамат боп енгеніммен қатарға.Тасқа айналып кетем бе деп қорқамын,Тасбауырлар талтаңдаған шаһарда.Тастай суық мұқата алмас тас қабір,Одан емес, бірақ кеудем – арса мұң.Ұлы өлкеге қоныстанам басқа бірТас қаладан кетем бір күн, шаршадым…Бауыржан ӘЛІҚОЖА
Бетті дайындағанГүлзина БЕКТАС