Талабы бар жастарға...
Талабы бар жастарға...
«Шеврон» байқау нәтижесін жариялады
«Шеврон» компаниясы Алматы энергетика және байланыс уинверситеті мен «RESD» қоғамдық қорымен бірлесіп, студенттер мен магистранттар қатысқан байқау нәтижесін жариялады. Байқаудың басты мақсаты – Қазақстан Республикасында энергия тиімділігі идеяларын насихаттау.
Тұрғын-үй коммуналды шаруашылықтағы энергия тиімділігі жобалары бойынша байқаудың жеңімпазы анықталып, 29 жоба іріктеліп алынды. Бесінші республикалық жобаның жеңімпаздарына жобаны жүзеге асыруға жеткілікті қаражат табысталды. 2008 жылы басталған ғылыми-техникалық байқау шығармашыл жастардың үнемі өтетін форумына айналды. Еліміздегі энергия тиімділігі идеяларын насихаттау, жас ұрпақтың шығармашылық қабілетін дамыту, энергияны үнемдеу және табиғат ресурстарына жанашырлықпен қарау мәдениетін қалыптастыруға көмектесері анық.
Биыл байқауға 14 жоғарғы оқу орындарының тәлімгерлері қатысты. Іріктеу нәтижесінде 36 студент пен магистранттың 29 жұмысы үздік деп танылды. Алдағы уақытта осы жобаларды жүзеге асыру үшін арнайы қаражат бөлінеді.
Ақниет ОСПАНБАЙ