Жаңалықтар

«БОЛАШАҚ КӨШБАСШЫЛАРЫ» АЙҚЫНДАЛДЫ

ашық дереккөзі

«БОЛАШАҚ КӨШБАСШЫЛАРЫ» АЙҚЫНДАЛДЫ

Алматыда «Қазақмыс» тобының қызметкерлері «Болашақ көшбасшы» бағдарламасы бойынша талантты жастарды іріктеп алды. Компанияда қызмет ететін 60 мың қызметкердің ішінен 100 үздік шәкірт іріктеліп, 3 модульмен танысқаннан кейін өзіндік бизнес жобаларын ұсынды. Бұл бағдарлама компанияның жарқын болашаққа жоспарлаған жобаларының бірі. Бағдарламаның мақсаты – талантты қызметкерлердің білімін жетілдіру арқасында компанияның кадр резервін жасақтау. «Топтың болашақ басшыларын кемеліне жеткіземіз.

Бағдарламаға қатысушы әрбір шәкірт білімін шыңдап, біліктілігін арттырады. Қызметкерлер мұнда алған білімдерін жұмыс барысында сәтті қолданып жатыр», – дейді «Қазақмыс» Тобының басқарушы директоры Олег Шевчук. Бұл үрдіс 2013 жылы да жалғасын табады, – дейді ұйымдастырушылар.

Қатысушы үміткерлердің тең жартысы техникалық мамандықтың өкілдері. Мамандардың білімін жетілдіруге бағытталған бағдарламаға 25 пен 39 жас аралығындағы талапты жастар қатыстырылды. Солардың бірі Нұрқазған кенішінің қызметкері – Қуаныш Жұмабаев. Қызмет жолын қарапайым жұмысшы болып бастап, 6 жыл ішінде басқарма бастығына көтерілген.

«Қазақмыс» еліміздегі мыс, алтын, мырыш, күміс электр энергиясын өндіретін бірден-бір кәсіпорын. Алып компания Азиядағы ауқымды табиғи ресурстарды игеру саласын кеңейтуді жсопарлап отыр.

Ақниет ОСПАНБАЙ