ИННОВАЦИЯ — ЕЛДІҢ ДАМУЫНА СЕП

ИННОВАЦИЯ — ЕЛДІҢ ДАМУЫНА СЕП

ИННОВАЦИЯ  — ЕЛДІҢ  ДАМУЫНА  СЕП
ашық дереккөзі

Дамыған елдердің алдыңғы қатарынан көрінуге мүдделі Қазақстан заманауи техника мен технологияның мүмкіндігін барынша кең пайдалануға талпынады. Осы мақсатта Елбасының тапсырмасымен түзілген Үдемелі индустриалдық-инновациялық даму бағдарламасы да бар. Ертең Алматыда өтетін Халықаралық Инновациялық форумда жаңашыл бастамаларға негізделген мәселелер қаузалмақ. Осы шара қарсаңында біз «Жанар Қазақстан ҚИҚ» АҚ Қоғаммен байланыс департаментінің директоры Серік Акишев мырзамен әңгімелескен едік.

– Серік, аты мен заты өзгеше бұл форумның басты мақсаты не?

– Негізі форум алғаш рет өткізілгелі отырғанмен, Инновациялық конвент Алматы қаласы әкімінің жанынан құрылған Инновациялық кеңес пен қалалық әкімдіктің қолдауымен, биыл үшінші рет өткізіледі. «Жанар Қазақстан ҚИҚ» АҚ ұйымдастырылғалы отырған Алматы Инновациялық форумы мен Инновациялық конвент қалалық әкімдік, инновациялық бастамаларға жауапты түрлі министрліктер т.б. мемлекеттік орган өкілдерін, жаңалықтарды енгізуге құлшынатындар және кәсібіне жаңалық енгізген немесе енгізуге мүдделі жекеменшік кәсіпкерлерді бір алаңға жинайды. «Билік кәсіпкерлердің айтқанына құлақ аспайды, жағдай жасамайды, қолдау көрсетпейді» деген шағымдарға құлағымыз үйреніп кеткен. Бірақ форумда біз тараптардың арасын жақындастырып, қиындықтарды ашық айтуға мүмкіндік береміз. Ал мемлекеттік қызметкерлер кәсіпкерлердің ұсыныс-тілектерін өз ауыздарынан естімек. Шараға қатысатын төртінші тарап – шетелдік қатысушылар. Оңтүстік Корея, АҚШ, Польша, Ресей т.б. мемлекеттерден келетін олар өз елдеріндегі тәжірибемен бөліседі. Шара шеңберінде Алматы Кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасы, «Жанар Қазақстан ҚИҚ» АҚ баста­масымен, сондай-ақ, «StartUp.kz» Қазақстан стартаптар, инвесторлар және сарапшылар қауымдастығы» ҚҚ т.б. ұйымдардың қолдауымен Инновациялық жобалар көрмесі жұмыс істемек. Ал арнайы ұйымдастырылатын Технологиялық компаниялар көрмесінде Алматы аумағында қызмет ететін кәсіпорындар үлес қосады.

– Қазақстанға инвестиция тартуда форум қалай ықпал етпек?

– Біздің басты мақсатымыз – аза­мат­тар­­дың жүзеге асыра алмай жүрген инно­вациялық жобаларын қолдау. Осы мақсатта еліміздің түкпір-түкпіріне телеарналар, басылымдар арқылы хабар­ландыру жасап, жаңа бастамаларына серіктестер немесе қаржылық қолдау керектерді іздейміз. Инновациялық жоба­ларды жүзеге асыруда мемлекет тарапынан қыруар шаруа атқарылуда, бірақ кейде тым күрделеніп кететін мәселелер бар. Мысалы мен жазуды білетін, қолыма қалам ұстағандардың бірімін. Бірақ министрліктің сайтына кіріп, өтінішті қалай жазу керектігін оқығанда түсіне алмай, қара терге түстім. Инвестиция мәселесіне келсек, инновациялық жобаларға үлес қосқысы келетін қазақстандық инвесторларға ғана назар аударамыз.

– Екі ай бұрын арнайы байқау жарияланғаны белгілі. Қазылар алқасы жобаларды бағалап үлгерді ме?

– Иә, ертеңгі форумда жүлдегерлердің есімдері анықталады. «Қазақстан Рес­публикасы үшін 50 инновациялық бастама», «Іске асырылған инновациялар», «Инновациялық стартаптар» деп аталатын 3 байқаудың басталғаны мәлімденді. Сыйақы қоржынындағы қаражат көлемі 6 млн. теңге болатын бәйгелердің алғашқысында 2 жоба қаржылай марапатталады. Ал ендігі жұмыс істеп жатқан инновациялық жобалар бойынша арнайы блогтарында атқарып жатқан еңбектері жайлы егжей-тегжейлі ақпарат берген кәсіпкерлердің 2-еуін ақшалай сыйақы күтуде. «Инновациялық стартап» – ІТ саласындағы инноваторларға арналған жоба. Бұл тақырыпта да кәсіби тұрғыда білікті мамандардан құрылған қазылар алқасы 2 жүлдегерді анықтап, ақшалай сый тапсырмақ. Алматы қаласы мен еліміздің өзге облыстарынан ұзын-саны 600-ге жуық тапсырыс түсті. Бізді әбігерге салғаны, тапсырыстың басым бөлігі байқаудың ең соңғы күні – 16 қарашада келіп түсті. Оның 30 пайызы кәсіби тұрғыда сауатты түзілсе, 40 пайызына «жаман емес», яғни орташа баға беруге болады. Есесіне, 30 пайыз ұсыныс – атүсті жасалғандар. Әрине олардың арасында «шала піскендерін» таңдап алып, «бизнес-инкубатор» бағыты бойынша дамытуға көмектесеміз. Осы мақсатта жұмыс істейтін 5 кеңесшіміз бар.

– Инновациялық бастамаларды белсенді түрде жүзеге асыру үшін Қазақ қоғамы жаңашыл болуы тиіс емес пе?

– Дұрыс айтасыз. Біз АҚШ-тағы жас кәсіпкерлермен жұмыс істейтін америкалық кеңесшілермен әңгімелескен едік. «Сіздер Қазақстанда енді қолға алған бұл шараны біз АҚШ-та екі жүз жылдай уақыт бұрын бастағанбыз», – деді. Яғни, америкалықтар ұғымында кәсіпкер – ұры-қары немесе алаяқ емес, әлеуметтік ахуалын жақсартуға мүдделі кез келген тұлға. Америкада мектеп оқушылары, жоғары оқу орындарының түлектері немесе студенттер жас кездерінен-ақ кәсіпкерлікпен шұғылданады. Мысалы егер бірдеңеге көңілі толмаса, кімге барып шағымданам, көмек сұраймын деп уақыт оздырмай, керісінше, әртүрлі жоба не стартаптар арқылы сол олқылықтың орнын өзі толтыруға талпынады. Бұл дегеніңіз – түйткілді жаңаша шешу яғни инновациялық шешім. Инновация – күрделі математикалық есептер емес қой. Ол – өмірде бар нәрсені жаңартып-жаңғырту, өмір сүруді оңтайландыру. Мысалы Қазақстанда ғана емес, жалпы біздің елге ұқсайтын кез келген мемлекетте қолдануға болатын бір жобаны айтайын. Байқауға жастар тарапынан тамаша бір ұсыныс келіп түсті: sogym.kz сайтын құрған белсенді топ Алматы қаласы мен облыстағы соғым соятын жерлердегі малдар, олардың бағасы туралы мәліметтермен қатар соғымды бөліп алудың жолдарын қарастырыпты. Айталық, соғым алғыңыз келді делік. Бірақ оны қалтаңыз көтермейді. Сонда әлгі сайт арқылы соғымды бірнеше адаммен бірігіп алуға мүмкіндік бар. Базар аралап, уақытыңызды ысырап етпейсіз, жүйкеңіз де жұқармайды. Тіпті соғымға телефон арқылы тапсырыс берсеңіз, олар өздері үйіңізге дейін әкеліп те береді. Тағы бір қазақы жоба – on-line айтыс. Қазір елімізде қаншама талантты айтыскер ақын бар. Әсіресе ауылды жерлерде. Олардың көпшілігі орталықтарға барып, бақ сынауға жағдайлары жоқ. Ал on-line айтыста ғаламтор арқылы батыс, шығыс, оңтүстік пен солтүстіктегі бірнеше ақынды бір мезетте айтыстыруға болады. Олардың шеберлігі мен ұтқырлығын саралайтын қазылар алқасы да ғаламтордың көмегіне жүгінеді. Мысалы бір сарапшы – Тараздан, бірі – Өскеменнен, енді бірі – Ақтаудан… Бірақ заманауи технологияның арқасында бір мезетте ақындардың айтысын бағалай алады. Біз осындай тиімді әрі жаңаша жобаларды жүзеге асыруға тырысамыз.

– Жаңашыл бастамалар жастар тарапынан көтерілген екен. Ал аға буын өкілдерінің белсенділігі қалай?

– Өте жақсы. Соңғы кездері жастары алпысты алқымдаған не жетпіске жақындаған ғылым докторларының жаңашылдыққа қарай бой түзегенін байқаймыз. Байқауға келіп түскен 600 жобаның кем дегенде 20 пайызы аға буын өкілдеріне тиесілі. Тағы бір жағымды жаңалық, байқау нәтижесінде кейбір отандасымыз қаржылық тапшылық кесірінен бірнеше жылдан бері іске асыра алмай келе жатқан жобасын жүзеге асыруға мүмкіндік алады. Мысалы жасы елуден асып кеткен бір отандасымыз суға кеткен адамды құтқаруға арналған құрал ойлап тауыпты. Жобалар арасында ғылымға негізделгендері де баршылық. Олардың саны шамамен 15 пайызға жуық. Кен өндіру, шикізатты өңдеу сияқты маңызды салаларға негізделген жобалар көп. Тіпті Кеңестер Одағы кезінде дайындалған ұсыныстарды қазір жүзеге асыруға құлшынғандар табылды. Бүгінгі таңда қоғамдық көліктердің уақытынан кешігіп жүруі де үлкен проблемаға айналып отыр. Осыған қатысты бір топ жас спутниктік жүйе арқылы қай автобустың қай жерде келе жатқанын анықтайтын құрылғы ойлап тауыпты. Сонымен қатар жаңашылдар арасында қолдарында өте сауатты түзілген жобаларын қайда және кімге апарарын білмей дал болатындар бар. Біз ондайда дәл осы жобаға қатысы бар өзге бастамашылдарды тауып, бір-бірімен қарым-қатынас жасауға сеп боламыз. Мысалы орысша жазылған мәтінге арнайы құрылғыны жақындатсаңыз, автоматты түрде қазақ тіліне аударып береді. Тағы бір жағымды жаңалық, байқауға қатысқандар арасында тарихи жерлердегі, мысалы, Берелдегі тастағы таңбаларды Қазақстанның ұлттық брендіне айналдыруды көздегендер табылды. Мысалы Алла есімді отандасымыз сол Берелдегі таңбаларды киім-кешек, ыдыс, кілтке арналған және басқа да керек заттарға суреттеп, елімізді насихаттаудың тамаша жолын ұсынды. Оның имидждік жобасы арқылы бүкіл әлем Берелдегі тарихи ескерткіштердің бар екенін біліп, Қазақ даласында дизайн өнері мыңдаған жыл бұрын керемет дамығанына көз жеткізеді. Жобалардың ішінен мемлекеттік тілді дамытуға мүмкіндік беретін ұсыныстар да келіп түсті.

– Әңгімеңізге рахмет!

Әңгiмелескен Нәзия ЖОЯМЕРГЕНҚЫЗЫ