ҚОСТАНАЙЛЫҚ ПАРТИЯ МҮШЕЛЕРІ ЕСЕП БЕРДІ

ҚОСТАНАЙЛЫҚ ПАРТИЯ МҮШЕЛЕРІ ЕСЕП БЕРДІ

ҚОСТАНАЙЛЫҚ  ПАРТИЯ  МҮШЕЛЕРІ ЕСЕП БЕРДІ
ашық дереккөзі

Жуырда Қостанай облысында «Нұр Отан» Халықтық Демократиялық партия­сының «ССГПО» аудандық филиалының есеп беру-сайлау конференциясы өтті.

«Кенші» мәдени-сауық орталығында өткен конференцияда «ССКӨБ» АҚ пре­зиденті, «Нұр Отан» ХДП аудандық филиалының төрағасы М.М. Тұрдахұновтың есепті баяндамасы тыңдалды. Сонымен бірге, БПҰ төрағалары мен партияның Рудный қалалық мәслихатындағы депутаттық фракциясы мүшелері сөз алып, филиалдың 2011-2012 жылдарда атқарған қызметіне баға берілді.

Конференция барысында филиалдың алдағы мерзімге атқаратын қызметінің негізгі бағыттары ұсынылды. Олардың қатарында:

депутаттардың сайлау алдындағы уәде­лері, партияның сайлауалды тұғырнамасын іске асырудағы және елді әлеуметтік жаңғырту стратегиясы бойынша нақты міндеттерді белгілеу және орындау;

әлеуметтік маңызды бағдарламаларды іске асыру барысы мен олардың тиімді орындалуына, ҮИИД, «Бизнестің жол картасы 2020», «Жұмыспен қамту – 2020» және басқа да мемлекеттік бағдарламалар шеңберінде бөлінген бюджеттік қаржы­лардың мақсатты жұмсалуына, қоғам­дық бақылауды күшейту;

барлық деңгейдегі мәслихаттардағы депутаттық фракциялармен өзара іс-қимыл түрлерін және әдістерін жетілдіру, депутаттардың сайлау округтеріндегі қызметтерін өрбіту;

жастармен жұмысты одан әрі дамыту;

партияның қоғамдық қабылдау бөлме­лерінің жұмысына маңыз беріп, халықпен кері байланысты тұрақтандырып, жақсарту, азаматтардың өтініштерін дер уақытында қарауға күш салу сияқты бағыттар бар.

Есеп беру конференция жұмысына «Нұр Отан» ХДП облыстық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Р.Ш. Бектұрғанова және облыстық филиалы Саяси кеңесі Бюросының басқа да мүшелері қатысты.

Бүгінгі күнге алып кәсіпорынның 21 471 жұмыскерлері мен инженер-техникалық қызметкерлері партия мүшелері болып табылады. Кәсіпорында 32 бастауыш партия ұйымдары ұйымдастырылып, жұмыс жасауда, оның ішінде 3 000 астам партия мүшесі бар 1 БПҰ, 1 500 астам мүшесі бар 2, 1 000 астам мүшесі бар 5 ұйым қызмет етуде.

Г.БЕКТАС