ЖАСТАРДЫҢ ФУТБОЛ ТУРНИРІ
ЖАСТАРДЫҢ ФУТБОЛ ТУРНИРІ
Күллі әлемді өзінің бейнелілігімен және жылдамдығымен таң қалдырған ең көне спорт түрлерінің бірі Қазақстан кеңістігін де айналып өтпеді. Қазіргі таңда біздің елімізде футбол дәстүрлеріне араласып жатқан адамдар саны артуда, яғни біреу мінберде тұрып қолдау көрсетсе, енді біреу алаңда ытқып жүгіруге асық. Бұлардың барлығы да адамға көптеген жағымды әсер қалдырып, ұжымдық рухты бекіте түседі.
Ал осы майданда жетістіктерге жеткісі келгендер алтын уақыттарын алаңда немесе жаттығу залында өткізіп, өз қабілеттерін балалық кезден жаттықтыруы қажет.
Оқушылар арасында саламатты өмір салты идеясын нығайту, елімізде футбол дамыту, Елбасымыз Н.Ә.Назарбаевтың «Қазақстанның әлеуметтік жаңғыртылуы: Жалпыға Ортақ Еңбек Қоғамына қарай 20 қадам» мақаласын насихаттау мақсатында «Жас Ұлан» Бірыңғай балалар және жасөспірімдер ұйымы «Жас Ұлан» кубогына республикалық футбол турнирін жариялайды. Турнир 7-8 қарашада Алматы қаласында өтеді. 16 өңірден ең үздік облыстық іріктеу ойындарының жеңімпаз командалары қатысады. Турнирдің ашылу рәсімінде барлық өңірлердің футбол командаларының салтанатты шеруі өтеді. Жеңімпаздарға бағалы сыйлықтар мен дипломдар табыс етіледі.
Аталмыш іс-шараға Қазақстандағы футбол жұлдыздары, мемлекеттік орган қызметкерлері, балалар қозғалыстары, черлидерлер тобы қатысады.
«Түркістан-ақпарат»