Жаңалықтар

БІР ТЕҢІЗДЕ – БЕС ЕНШІ!

ашық дереккөзі

БІР ТЕҢІЗДЕ – БЕС ЕНШІ!

Қарт Каспий бөліске түседі

Мұнай мен газы әлемдік саясаттың тартысын тудырған Каспий – әлі мәртебесіз. Теңізді бөліске салуда пікірлер қайшылығы орын алған бұл мәселеде Қазақ президенті мүдделі тараптарға ұтымды ұсыныс айтты.

Бұл кәрi құрлықтың байырғы тұрғындарын Кремльдiң аяғына жығып берумен тең. Сондықтан энергетикалық қауiпсiздiк мәселесiн күн тәртiбiне шығарған батыстықтар қиындықтан өз бетiнше шығуға тырысуда. «Набукко» газ құбырының құрылысын тезiрек бастауға құлшынулары соның дәлелi iспеттес. Жалпы көлемi 3000 шақырымға созылатын «Набукко» Түркиядан бастау алып, Балқан түбегi мен Орталық Еуропа арқылы Австрияға дейiн жеткiзiлмек. Құбырға Қазақстан, Түркiменстан, Әзiрбайжан, Иранның «көгiлдiр отыны» пайдаланылуы тиiс. Голландияның бұрынғы сыртқы iстер министрi Джозиас ван Аартсен жетекшiлiкке тағайындалған «Набукко» жобасына австриялық OMV, венгриялық MOL, түркиялық Botas, болгарлық Bulgargaz бен румындық Transgaz акционерi болып табылады. Келешекте орыстар iшкi нарықты «көгiлдiр отынмен» қамтамасыз ете отырып, экспортқа шығаратын газды қатар өндiруге қабiлетсiз болуы мүмкiн. Мұндай қатердiң алдын алу үшiн Қазақстан, Түркiменстан мен Әзiрбайжан газын орыс жерi арқылы тасымалдауға мүдделi. Бұл орайда, сырттай Еуропаға одақтас көрiнгiсi келгенмен, Америка да орталықазиялық энергоқордан дәмелi. Иранның табиғи газын кәрi құрлыққа жеткiзуге кедергi жасаудың басты қадамы – ядролық бағдарламадан бас тартпағанын сылтауратқан Вашингтон Тегеранға қарсы санкция енгiздi. Мұндай жаза ирандық нарықпен тығыз байланыс орнатқан еуропалық компанияларға керi әсерiн тигiзгенi анық. Мұндай «жазаны» америкалық кәсiпорындар да құптамайды. Себебi АҚШ ирандық билiкпен серiктестiк қатынас орнатқысы келетiн компаниялардың барлығын бiрдей тезге салуды көздейдi. «Құрама Штаттар Иранның энергетикалық қорын «Набукконы» толтыруға емес, еуропалық нарыққа шығаруын қолдайды» деп ашық мәлiмдеулерi сондықтан. Теңіз түбіндегі кен орындарын көптеп ашуға мүдделі Ресей үкіметі Каспийдегі өздеріне тиесілі мұнай мен газдың қорын анықтады. Батыстың мұнай компаниялары тарапынан берілген ресми деректерге сүйенсек, каспийлік кен орындарындағы 2,95 млрд. тонна «қара алтын» мен 3,1 млрд. текше метр табиғи газ бар. Сонымен қатар жылына 40 млн. тонна мұнай шикізатын өндіруге қауқарлы 10 кен орны ашылған. Ал жалпы каспийлік аймақтағы көмірсутегінің көлемі – 26-40 млрд. тонна. Ресейдің «Лукойл» компаниясы 2010 жылы теңіздің РФ-ға тиесілі бөлігінде «қара алтын» өндіруді қолға алған. Mehr агенттігінің хабарлауынша, Иран Каспий теңізінен ірі мұнай кен орнын тапқан. Жаңа кен орнындағы шикізат қоры 8-10 млрд. баррель көлемінде. Былтыр ирандықтар теңіздің өздеріне тиесілі аумағынан 50 трлн. текше метр газ кен орнын анықтаған болатын.

Қауіпсіздік – басты назарда

Соңғы кездері каспийлік аймақтағы қорғаныс пен қауіпсіздік мәселелеріне де аса қатты мән берілуде. Жуырда ҚР Қорғаныс министрінің орынбасары Сергей Громов «Каспийді достық теңізі деп атасақ та онда бірнеше мемлекет өздерінің әскери-теңіз күштерін ұстайды, сондықтан біз өзіміздің шекарамызды қорғауға міндеттіміз» деген болатын. Ал жыл басында Қорғаныс министрі Әділбек Жақсыбеков Қазақстан аймағындағы суда, құрлықта және аспандағы қауіпсіздікті заманауи әскери құрылғылар мен техникалармен жабдықтайтынын мәлімдеген: «Каспий аймағы жаһандық деңгейдегі стратегиялық аумаққа айналып келеді. Мемлекет Каспий маңындағы суда, құрлықта, аспанда әскери қауіпсіздікті қамтамасыз етуге қабілетті әскери топты қажетті деңгейде жасақтаудың жолдарын қабылдауда». Шынында да, әскери күштердің шоғырландырылғанына қарамастан Каспий аумағындағы ахуал шиеленісе түсуде. Мәселен ҚР Қорғаныс министрілігінің деректеріне сүйенсек, 2013 жылы Қазақстанның әскери-теңіз күштеріне 240 тонналық сыйымдылықты екі зымыранды-артиллериялық кеме мен 2014 жылы 600 тонналық кеме суға жіберілмек. Теңіздегі ең ірі қорғаныс күштеріне ие Ресей 2020 жылға қарай Каспийдегі әскери құрылғыларын жаңартып, судағы және жағалаудағы күзетті күшейте түсуді көздейді. «Етек-жеңін қымтауда» түркімендер де осал емес. Жуырда ресми Ашхабадтың Каспийде ұйымдастырған әскери-теңіз жаттығулары – соның айғағы. Сонымен қатар Түркіменстан Украинаға газ тасымалдай отырып, әскери катерлер мен кемелер сатып алды. Бұл тәсіл әлі күнге жалғасын табуда. Ал әзірбайжандардың теңіз жағалауындағы күзет базасы кеңестік империядан мұраға қалған. 2011 жылдан бастап Түркіменстан мен Иран арасындағы дау тудырған мұнай кен орны орналасқан аймақтағы қауіпсіздікті қорғайтын ұшқышсыз ұшақтар пайдаланылуда. Баку мен Тель-Авивтің 500 млрд. доллардан астам қаражатқа заманауи әскери құрал-жабдықтар мен құрылғылар сатып алуға қатысты қабылданған келісімі тағы бар. Әзірбайжан тіпті Ресейден бұрын теңізге арналған зымырандық жүйе мен әскери жүзгіштер тобын қолдана бастады. Орасан зор қуатты әскери-теңіз жаттығуларын өткізуге әзірбайжандардың көмірсутегі қорларынан үмітті АҚШ мұрындық болған. Егер теңіз бөлінісі тиімді шешілсе, арадағы араздық азаяды.

.

Нәзия ЖОЯМЕРГЕНҚЫЗЫ