Жаңалықтар

Нұржан ӘШІХАНОВ, Алматы қаласы Кедендік бақылау департаментінің бастығы:

ашық дереккөзі

Нұржан ӘШІХАНОВ, Алматы қаласы Кедендік бақылау департаментінің бастығы:

Елдің экономикалық қауіпсіздігін қамтамасыз ету үдерісінде кеден қызметінің маңызды рөл атқаратындығы белгілі. Оның үстіне сыртқы сауда-саттықты реттеуде және мемлекет бюджетінің кіріс бөлігін толықтыратын нақты тетіктердің бірі ретінде кеден қызметінің жұмысына ерекше назар аударылып келеді. Елбасы Н.Ә. Назарбаев өзінің дәстүрлі Жолдауында да еліміздің құқық қорғау және арнайы органдарын жаңа сапалы кадрлармен қамтамасыздандыру мәселесіне айрықша көңіл бөлетініне көзіміз үйренген. Себебі кеден саласы – елдің қауіпсіздігін сақтау мен экономикалық дамуымыздың кепілі. Біз осы мәселелер жөнінде Алматы қаласы бойынша Кедендік бақылау департаментінің бастығы Нұржан Әшіхановты әңгімеге тартқан едік.

– Бүгінде мекеменің бәрі ағымдағы жылы атқарылған шаруаларына есеп беруде. Бірінде табыс қомақты, бірінде аз дегендей. Сіздердің департаментте жағдай қалай?

– Мемлекет басшысы Н.Назарбаев еліміздің жасампаздық дамуына көп көңіл бөліп келеді. Ата Заңымыздың талаптарына сәйкес және жаһан­дық дең­гейде болып жатқан өзге­ріс­терді зерттей отырып жазған «Жалпыға Ортақ Ең­бек Қо­ғамына қарай 20 қадам» атты бағ­дар­ламалық мақаласы соның айқын дәлелі. Бүгінде Елбасының салиқалы саясатының басты негізі – халықтың әл-ауқатын арттыру, ел экономикасын көтеру мен тұрақтылық пен қауіпсіздікті қамтамасыз ету. Кеден органдарында кедендік әкімшілікті жетілдіру мақсатында тұрғындар мен сыртқы экономикаға қатысушылардың кеден қызметіне деген сенімділігін арттыру, әкімшілік тосқауылдардың алдын алу, жеке құрам ішінде жемқорлыққа жол бермеу және еліміздің экономикалық үрдісіндегі тауар айналым, транзиттік тауар экономикасын дамыту жолында қолжетімді шарттарды қарастыру болып табылады. Кедендік рәсімдеудің уақытын қысқарта отырып, әкімшілік тосқауылдардың алдын алу, сауатты кедендік әкімшіліктендіру жолында тауар айналымын жеделдетуге мүмкіндік туғызу. Мысалы республикалық көрсеткіштің ішінде оңтүстік шаһарымызда тауар айналымы бойынша тіркелген кәсіпкерлердің импортқа түсірген үлесі – 47 пайыз болса, ал экспорт – 6 пайыз шамасын құраған. Белсенді дамып келе жатқан бизнес құрылымдардың басым бөлігі Алматы қаласында шоғырланған. Жалпы сыртқы тауар айналымы импорт операциялары бойынша – 171 алыс және жақын шет елдерді қамтиды. Тауар айналымының жалпы көлемі – 9 млрд. 976 млн. АҚШ долларын құраса, ал экспорт бойынша 93 елді, оның тауар айналымы – 1 млрд. 901 млн. АҚШ долларын құрады. Алматы қаласы бойынша Кедендік бақылау департаментінің қызмет аймағына тауарлардың басым бөлігі, яғни 25 пайызы – Қытай, 10 пайызы – Германия, 4 пайызы –Түркия, 5 пайызы – Нидерланды, 4 пайызы – Финляндия, 4 пайызы – Украина елдерінен келеді.

Осы жылдың өткен тоғыз айында Алматы қаласы бойынша Кедендік бақылау департаментінде 136 033 тауарға декларация тіркелген, ал өткен жылда дәл мұндай көрсеткіш 100 599-ті құраған еді. Демек, бұл сыртқы экономикалық қызметке қатысушылар белсенділігінің арқасында 35 пайызға өсіп отыр. Департамент кедендік төлемдер мен салықтар бойынша жалпы саны – 149 млрд. 072 млн. теңгені республикалық бюджетке түсірді. 2011 жылдың 9 айында бір автокөлік құралынан орташа есеппен 1 млн. 596 теңге өндірілсе, ал темір жол көліктерінен 1 млн. 454 мың теңге өндіріліпті. Ал бүгінде кедендік төлемдер мен салықтар салу арқылы бір автокөлік құралынан 2 млн. 885 мың теңге, ал темір жол көліктерінен – 2 млн. 474 мың теңге өндіріліп алынған. Салыстырмалы түрде айтсақ, департамент өткен жылдың жеті айы ішінде республикалық бюджетке – 116 млрд. 186 млн. теңге түсірген еді. Ағымдағы жылы Қазақстан Республикасының Кеден органдары республикалық бюджеттің кірісіне кедендік төлемдер мен салықтар бойынша 838 млрд. 300 млн. теңге түсірсе, оның ішінде Алматы қаласы бойынша кедендік бақылау департаментінің түсірген үлесі – 149 млрд.100 млн. теңгені құраған. Сайып келгенде, көлік құралдары мен тауарларға кедендік декларация өткізу кезінде Департамент әкімшілік тосқауылдарды болдырмау жолында атқарылып жатқан игі бастамаларының арқасында әсем шаһарымыз – Алматының кәсіпкерлік саласында іскерлік белсенділіктері артып, 58 пайызға өскен.

– Ал департаменттің сыртқы эконо­ми­калық қызметке қатысуы қалай? Осы жөнінде толығырақ айтып өтсеңіз.

– Алматы қалалық департамент қызметі шеңберінде 20 000 аса СЭҚ қатысушылар, 62 уақытша сақтау қоймасы, 42 кедендік қоймалар, 19 бос, 75 жеке тауарларды сақтау қоймасы, 242 кеден өкілдері жұмыс істейді. Кеден органы қызметінде кәсіпкерлер мен сыртқы экономикалық қызметке қатысушыларға қолайлы жағдай жасау жолын қарастыру жоспары оңтайландырылып келеді. «Алатау кедендік рәсімдеу орта­лығы» мен «Іле-2» кеден бекеттері Алма­ты қалалық департаментінен Алматы облы­сы­ның құзырына өтіп отыр. Бүгінде қалалық департаменттің құзырында «Алматы кедендік рәсімдеу орталығы», «Жетісу», «Энергетикалық» және «Еркін экономикалық зона», «Ақпараттық технологиялық паркі» секілді кеден бекеттері бар. 2012 жылдың өткен 9 айы бойынша Алматы әуежайында орналасқан «Жетісу» кеден бекетінде 13 мың 200 әуерейстері рәсімделсе, 1 миллион 335 мың шамасында жолаушылар тіркеліпті.

– Бүгінде сыртқы экономикалық қызметке қатысушылар заң талаптарын қаншалықты орындап жүр?

– Кеден органы фискалды бөлімнен бөлек, кеден заңнамасындағы заң талаптарын бұзушылықтарға қарсы күрес жұмыстарын жүргізеді. Яғни бұл кеден органындағы құқық қорғау бөлімінің басым бағыттары болып табылатындығын айтып кеткен жөн. Міне, солардың бірі департаментіміздің заңсыз тасымалға қарсы күрес басқармасы өткен тоғыз айда кеден заңнамасын бұзу фактісі, экономикалық заңсыз тасымал кеден шекарасы арқылы есірткі заты мен т.б тыйым салынған заттар бойынша 55 қылмыстық іс қозғап, 801-ін әкімшілік жауапқа тартты. Осы қылмыстарға тергеу амалдарын жүргізу барысында республикалық бюджетке 35 миллион теңге көлемінде шығын қайтарылған. Тәркіленген тауарларға қылмыстық іс қозғалып, олардың жалпы сомасы 319 миллион 558 мың теңгені құраған. Қылмыстық іске қатысты сот шешімі бойынша 16 миллион теңге көлемінде жеке мүліктер тәркіленді. Ал әкімшілік жауапқа тартылған істерге қатысты жалпы құны 138 миллион 506 мың теңгені құрайтын айыппұл төленіп, 59 миллион 984 мың теңге шығыны қайтарылды. Сот шешіміне сәйкес әкімшілік жауапқа тарту бойынша 46 миллион 436 мың теңге көлемінде тауарлар мен көлік құралдарының жеке мүлкі тәркіленген. Жалпы жыл басынан бері департамент қызметкерлері есірткі тасымалы бойынша 6 факт тәркілеген. Олардың жалпы салмақтары 8 килограмм 285,63 граммды құрап, бүгінде осыған сәйкес 10 қылмыстық іс қозғалған. Сонымен қатар посткедендік бақылау жұмыстарының жемісті жұмыстарын айта кеткен жөн. Тексеру жұмыстарының қорытындысы бойынша, кедендік төлемдер мен салықтары – 151 миллион 839 мың теңгені құрайтын қосымша ақша аударылды.

– Елбасы Н.Ә. Назарбаев өзінің дәстүрлі Жолдауында еліміздің құқық қорғау және арнайы органдарын жаңа сапалы кадрлармен қамтамасыздандыру мәселесіне мән беріп, қаңтар айынан бастап осы салада қызмет етіп жүрген барша кадрларды қайта аттестаттаудан өткізу керектігін қадап тапсырған болатын. Осы тапсырма аясында сіз басшылық етіп отырған департамент қызметкерлерінің қайта аттестаттаудан өтуі қандай деңгей көрсетті?

– Еліміздің тыныштығы мен қауіпсіздігі жолында жарғақ құлақтары жастыққа тимейтін құқық қорғау органдарының жұмысы орасан зор. Ата заңды сақтап, қара қылды қақ жарып, әрбір азаматтың құқығын қорғап, ел мүддесіне аянбай қызмет етеді. Десек те, сөйтіп сенген құқық қорғау органдарының өзі сыбайлас жемқорлыққа бейім тұрады деген ой әрбір адамның санасына сіңіп қалған. Қылмысты ашу түгіл, оны жасыру көп. Сонда мұндай органдардың не қажеті бар деген ой мазалай түсетіні де рас. Міне, осыған орай Елбасымыз Н.Ә. Назарбаев Қазақстан халқына Жолдауында: «Ма­ңыз­ды мәселе – құқық қорғау және арнаулы органдарды сапалы кадрлық жа­ңарту және олардың бүкіл жеке құрамын аттестаттаудан өткізу міндетін қоя­мын», – деп тапсырған болатын. Елбасының құқық қорғау органдары қызметкерлерін кезектен тыс аттестаттау туралы Жарлығы да шықты. Міне, осыған орай бүгінде еліміздің жер-жерлерінде құқық қорғау органдары қызметкерлері кезектен тыс аттестаттау сынағынан өтіп, өз бағасын алуда.

Қазақстан Республикасы заңнамасына сәйкес, аттестаттаудан өтуге жататын қызметкер ҚР заңнамаларын бiлуi және логикалық ойлауы компьютерлiк тестiлеуден өтуi тиiс. Тиiстi құқық қорғау органының қызмет ерекшелiктерiн ескере отырып, дене шынықтыру, жауынгерлiк және қызметтiк даярлық жөнiндегi белгiленген нормативтердi тапсырады. Сондай-ақ, психологиялық жағынан тексеру қарастырылған. Барлық рәсiмдердiң ашық және объективтi болуы, әр қызметкердiң құқықтарын сақтау мақсатында жеке тәсiлдер қолданылу жоспарланған. Арнайы құрылған комиссияның алдынан өту, әңгімелесу осы алдыңғы сынақты қорытындылап, шешім шығарады. Алматы қаласы бойынша Кедендік бақылау департаментінің құқық қорғау органы болып табылатын 46 қызметкері кезектен тыс аттестаттаудан өту керек болатын. Ең бірінші жоғарғы аттестаттау комиссиясында Департамент басшылары өтті. Екінші санатта орталық аттестаттау комиссиясында департаменттің 10 қызметкерлері, яғни Ішкі қауіпсіздік бөлімі, Контрабандаға қарсы күрес басқарамасы мен жедел кезекшілік бөлімдерінің бастықтары сынға түсті. 2012 жылдың 27 тамызында аймақтық атестаттау комиссиясының қорытынды сынағы – әңгімелесу жұмыстарын жүргізу барысында, контрабандаға қарсы күрес басқармасы, ішкі қауіпсіздік бөлімі мен желдел оперативті бөлімдерінің 34 қызметкерлері өтті. Яғни 34 қызметкердің 22 атқарып жатқан қызметіне сай деп табылыпты.

– Кеденшілердің өздері заң бұзған жағдайлар орын ала ма?

– Кеден қызметінің экономикалық қауіпсіздікті және қоғамды қорғауда маңызды рөлін ескере отырып, кеден органдарындағы лауазымды тұлғалар арасында және кеден маңындағы құрылымдарда сыбайлас жемқорлықтың алдын алу мәселесі өзекті болып отыр. Осы мақсатты көздей отырып, Алматы қаласы бойынша Кедендік бақылау департаментімен Алматы кеденінің лауазымды тұлғалары және сыртқы экономикалық қызметті жүзеге асыратын тұлғалардың арасында сыбайлас жемқорлықты айқындап, алдын алу шараларын жүргізуде. Мемлекеттің экономикалық қызығушылығын қорғауды қамтамасыз ету, жеке кәсіпкерлік қызметі үшін оңтайлы жағдай жасау, сыртқы экономикалық қызмет қатысушылары үшін әкімшілік тосқауылды жою және рәсімдерді оңтайландыру, кеден заңнамасын жетілдіру мақсатында Алматы қаласы бойынша Кедендік бақылау департаментімен ағымдағы жылдың басынан сыртқы экономикалық қызметке қатысушылармен 150 «Дөңгелек үстел» кездесулері ұйымдастырылды. Онда кедендік рәсімдеу барысында жиі пайда болатын транзитті тауарларды рәсімдеу ережелері, кедендік тексеру жүргізу ережелері, кедендік баждарды, салықтарды бюджетке аудару және қателесіп төленген кедендік баждарды, салықтарды қайтару ережелері және т.б. мәселелер қаралды. СЭҚ қатысушыларымен сұхбаттасу түрі «Кеденге сұрақ қой» атты акция интернет-порталдарда және «Алматы кедендік рәсімдеу орталығында» кеңінен қолданылады.

Азаматтарға, кәсіпкерлерге және сыртқы экономикалық қызметке қатысушыларға түрлі сұрақтар бойынша, мысалға уақытша әкелінген автокөлік құралының әкелу мерзімін ұзарту туралы, мерзімді кедендік төлемдердің қашан және қалай төленуі туралы, әкелінген тауарларға декларациялардың мерзімін ұзарту туралы түсіндіру берілді. Заңды тұлғалар мен азаматтардың арыздары бойынша нақты жұмыс атқарылуда. Соңғы 9 ай ішінде Ішкі қауіпсіздік басқармасымен 29 арыз бен өтініш қарастырылды, бірақ тергеу алдындағы тексеру барысында ешбірі расталмай, қылмыстық іс қозғауда бас тарту туралы қылмыстық құрамы жоқ процессуалды шешім қабылданды. Ішкі қауіпсіздік басқармасымен жылдың басынан барлық заң бұзушылықтар бойынша барлығы 47 қызметтік тергеу жүргізілді, оның нәтижесінде 53 лауазымды тұлға тәртіптік жазаға тартылды. Жүргізілген қызметтік тергеу нәтижесінде 2 лауазымды тұлға сыбайлас жемқорлыққа саятын құқық бұзушылық жасағаны үшін кеден органдарынан жұмыстан босатылды.

Сұхбаттасқан

Динара МЫҢЖАСАРҚЫЗЫ