EXPO-2017: ҚАЗАҚСТАНҒА БЕРІЛЕТІН ЖАҢА МҮМКІНДІК

EXPO-2017: ҚАЗАҚСТАНҒА БЕРІЛЕТІН ЖАҢА МҮМКІНДІК

EXPO-2017: ҚАЗАҚСТАНҒА БЕРІЛЕТІН ЖАҢА МҮМКІНДІК
ашық дереккөзі

Алтынай АЙДАРҚЫЗЫ

Халықаралық деңгейде өткізілген көрмені өз жерінде ұйымдастыруға қазақтар да мүдделі. EXPO-2017 шарасын ұйымдастырушылар шешімін 2013 жылы жарияламақ. Алайда әлемдік сарапшылар бұл мәселеде Қазақстанның мүмкіндігі жоғары екенін айтады.

Үстіміздегі жылдың 25 қазанында ҚР Премьер-Министрінің орынбасары Қайрат Келімбетов жұмыс сапарымен Францияда болды. Қайрат Келімбетовтің Парижге жұмыс сапары барысында француз тарабымен екіжақты кездесулер, сондай-ақ Халықаралық көрмелер бюросы (ХКБ) жанында аккредиттелген бірқатар ел делегациялары басшыларымен келіссөздер өткізілді. Үкімет басшысының орынбасары Қазақ-француз іскерлік кеңесі мен «МЕДЕФ» француз кәсіпкерлер қауымдастығы ұйымдастырған бизнес-форумда сөз сөйледі. Шараға 40-тан астам француз компаниялары, олардың ішінде белгілі «Тоталь», «Альстом», «ЕАДС-Еврокоптер», «ЕАДС-Астриум», «Арева», «Вика», «Талес», «Лакталис», «Буиг» и «Вэнси» сияқты ірі инвестициялық және бірқатар банктік корпорациялар қатысты. Еліміздің әлеуетіне қызығушылық білдіріп отырған жаңа компаниялар арасында «Оранж» телекоммуникациялық алпауыт пен кіші және орта бизнесті атап өтуге болады.

Қ.Келімбетов еліміздің басымдықтары мен экономикалық жағдайы туралы айтып беріп, бизнесмендерді индустриаландыру бағдарламасына белсенді қатысуға және технологиялардың жергілікті мазмұны мен трансфертін көбейтуге шақырды. Кәсіпкерлердің көптеп қойған сұрақтары олардың іске асырылудағы ірі елді дамыту бағдарламалары және ҚР-ғы инвестициялық климаттағы бүгіндегі тақырыптарға білдірген қызығушылығын айқындайды.

Сол күні ҚР Премьер-Министрінің орынбасары Қ.Келімбетов Қазақстан Республикасы күніне арналған ресми қабылдауда сөз сөйледі. Қазақстан ЭКСПО-2017 көрмесін ұйымдастыру құқығы шеңберінде ұсынған «Болашақ энергиясы» тақырыбының өзектілігін қабылдауға қатысқан БҰҰ Бас хатшысының орынбасары Филипп Дуст-Блази, Қуат жайындағы халықаралық агенттігі басшысының орынбасары және АҚШ-тың Қазақстандағы бұрынғы Елшісі Ричард Джоунс, Францияның Атом қуаты мен баламалы қуат көздері жөніндегі комиссариаты директорының орынбасары Эрве Бернар айрықша атап өтті. Қабылдауда шетелдік дипломаттардан басқа саясаткерлер, жаңғырмалы қуат көздері саласына қатысты француз министрліктері мен ведомстволардың, ірі компаниялардың, сондай-ақ еуропалық және жергілікті БАҚ пен қоғам өкілдері болды.

Қатысушыларға арнаған өз сөзінде Қ.Келімбетов елдің даму стратегиясын табысты іске асыру нәтижелерімен, оның әлеуетімен және Қазақстандағы баламалы қуат көздерінің перспективаларымен таныстырды.

Р.Джоунс өз сөзінде энергияны үнемдеу жайындағы жаһандық мақсаттарға толық сәйкес келетін қазақстандық жоба тақырыбының маңыздылығын айтып, осы саладағы Қазақстанның жасаған тиянақты әрекетін дәлелдейтін деректерді келтірді. Ол Астананың кандидатурасын қолдауға шақырып, 2017 жылы өтетін Мамандырылған көрмеге жеке қатысуына үміт білдірді.

Э.Бернар өз кезегінде қатысушыларды күн энергиясын пайдалану саласындағы қазақстан-француз ынтымақтастығының дамуымен қысқаша таныстырып, өз елінің үкіметі атынан Астананы қолдауға шақырды.

ХКБ делегаттары мен шара қонақтарының назарларына елорда мен ЭКСПО-2017 жайындағы бейнероликтер ұсынылды. Шақырылғандар «Астана-2017» жобасын жеңіске жеткізетін Қазақстан мен оның бас қаласының әлеуметтік-саяси және мәдени-қоғамдық әлеуетін айрықша атап өтті.

Сонымен қатар, Қ.Келімбетов пен Қазақстан Елшісі Н.Дәненов Елисей сарайында экономикалық сұрақтарға жетекшілік ететін француз Президенті Әкімшілігі басшысының орынбасары Эманнуэль Макронмен кездесті. Э.Макронның айтуынша, Президент Ф.Олланд үшін Қазақстанмен стратегиялық әріптестікті одан әрі тереңдету маңызды болып табылады. Қазақстанның Әлемдік сауда ұйымының мүшелігіне енуі бойынша сұрақтарды талқылай келе француз әкімшілігінің жоғары лауазымды өкілі Париж Астанаға аталған ұйымға кіруге, сондай-ақ халықаралық институттар шеңберінде еліміздің бастамаларына жан-жақты қолдау көрсететінін баса айтып кетті.

EXPO-2017 – индустриялаудың символы мен заманауи техникалық-технологиялық жетістіктерге арналған ашық алаң. Алғашқы халықаралық көрме Альберт ханзаданың бастамасымен Лондондағы Гайд-паркте ұйымдастырылған. Сол кезде Джозеф Пакстанның темір мен шыныдан тұрғызған Хрусталь сарайы шараның басты кереметі саналған болатын. 2011 жылдың 23 қарашасында Парижде өткізілген жиында EXPO-2017 көрмесін ұйымдастырудан үмітті Екатеринбург (Ресей), Дубай (Біріккен Араб Әмірліктері), Аюттхая (Таи­ланд), Измир (Түркия), Сан-Паулу (Бразилия) сияқты қалалар өз ұсыныстарын айтты. Оларға бәсекелестер арасында Қазақстан да бар, әрине. Ұйымдастыру комитеті соңғы шешімін 2013 жылы жария етпек.