ҚЫЗМЕТТІК ПӘТЕРЛЕР БЕРІЛМЕК

«Жұмыспен қамту – 2020 бағдарламасы бойынша елімізде жаңа бастама — қызметтік баспана мәселесі қолға алынды. Бұл бағыт бойынша, жыл соңына дейін 480 пәтердің кілті иелеріне табысталмақ. Мемлекет ересек азаматтарды жұмысқа тұрғызып, балаларын балабақшаға орналастыруға қолдау көрсетеді.

Бұл жоба тек еңбекке қа­бі­летті жұмыссыздарға арналған. Бағдарлама бойынша, жұмысқа қабілетті жандардың екі қолына бір күрек тауып берілуі тиіс.

Шымкент қалалық жұмыспен қамту орталығының бастығы Жадыра Дәуренбекова бұл бағдарлама бойынша берілетін баспана жалға берілетінін, әрбір шаршы метр үшін 54 теңге, 6 тиын болатынын айтады. Бірақ қызметтік пәтер алушылар сол жұмыс орнында кемінде 5 жыл жұмыс істеуі тиіс екен.

Дәурен ӘБДІРАМАНОВ

Оңтүстік Қазақстан облысы

Back to top button