ПАРЛАМЕНТАРИЗМ ИНСТИТУТЫНА – 5 ЖЫЛ

ПАРЛАМЕНТАРИЗМ ИНСТИТУТЫНА – 5 ЖЫЛ

ПАРЛАМЕНТАРИЗМ ИНСТИТУТЫНА – 5 ЖЫЛ
ашық дереккөзі

Жуырда “Нұр Отан” ХДП Орталық аппаратында «Нұр Отан» Халықтық Демократиялық партиясы осыдан бес жыл бұрын, яғни 2007 жылдың 29 қазанында бекіткен Парламентаризм институтының бес жылдығына арналған салтанатты жиын өтті.

Партия Төрағасының бірінші орынбасары Бақытжан Сағынтаев институт ұжымын мерейтоймен құттықтады. Өз құттықтауында Бақытжан Сағынтаев: «Институт құрылған сәттен бастап өзін партияның негізгі ғылыми-зерттеу және талдамалық құрылымы ретінде таныта білді. Парламентаризм институты қазіргі уақытта өз қызметінің барлық бағыттары бойынша белсенді жұмыс істеуде, партияның саяси қызметін ғылыми-теориялық және ұйымдық-практикалық тұрғыда қамтамасыз етуде маңызды орынға ие болып отыр. Оның үстіне, Инс­титут Парламент Мәжілісіндегі партия Фракциясының қызметіне сараптық-құқықтық қолдау жасайды. Тұжырымдамалар мен заң жобаларын жасауға, ұлттық заңнамаға ғылыми-құқықтық сараптамалар жүргізуге, мониторингілер жасауға қатысады. Институт осы уақытқа дейін 200-ден астам партиялық жобалар мен партия құжаттарын әзірлеген», – деді. Сондай-ақ, Партия Төрағасының бірінші орынбасары аталмыш институттың Партияның 2020 жылға дейінгі бағдарламасын, “Нұр Отан” ХДП сайлауалды тұғырнамасын, «Қазақстан. 2017 мақсаттары. Ұлттық іс-қимыл жоспарын», «Жас Отан» жас­тар қанатының 2020 жылға дейінгі іс-қимыл стратегиясының жобасын әзірлеуге қатысқанын да айтып өтті.

Сонымен бірге, бү­гін­де Парламентаризм инсти­ту­тының негізгі құрамын

мем­лекеттік басқару органдарында,­ ғылыми және оқу орындарында ­жұмыс істеген тәжірибесі бар жоғары білікті мамандар құрап отыр. Аталмыш институт 7 құрылымдық бөлімшеден тұрады, онда қазір 34 адам жұмыс істейді, соның ішінде 2 ғылым докторы мен 9 ғылым кандидаты бар.

Г.БЕКТАС