ТАЛАНТТАРДЫ ТАНЫТҚАН БАЙҚАУ

ТАЛАНТТАРДЫ ТАНЫТҚАН БАЙҚАУ

ТАЛАНТТАРДЫ ТАНЫТҚАН БАЙҚАУ
ашық дереккөзі

Кеше Астана қаласындағы «Конгресс Холл» сарайында «Ел іші – өнер кеніші» атты республикалық телевизиялық халық шығармашылығы байқауының гала-концерті өтті. Аталмыш байқауды ұйымдастыруға мұрындық болған Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігі.

Бұл байқаудың ірік­теу кезеңі еліміздің барлық облыстарында өткені белгілі. Бұл байқауға барлық облыс­тардан, Астана және Алматы қалаларының өнер шеберлері мен үздік ұжымдары қатысты.

Аталмыш байқаудың басты мақсаты – жаңа дарындарды анықтау және таланттарға қолдау көр­сету, шығармашылық ұжымдар мен орындаушыларды қолдау, тұрғындардың жалпы мәдени деңгейін көтеру, тұрғындардың мәдени бос уақытын және эстетикалық тәрбие алуын ұйымдастыру, ел мәдениетін жаңғырту, сақтау, дамыту болғаны рас. Әрі бұл байқау жастарымыздың ұлтжан­дылық тәрбие алуына, олардың ұлттық және әлемдік мәдениет құндылықтарымен танысуына ықпал ететін болады.

Байқау барысында «Конгресс Холл» сарайының алдында қолөнер шеберлерінің де көрмесі ұйымдастырылды. Бұл көрмеге әр аймақ­тардан келген қолөнер шеберлерінің бұйымдары қойылды. Ол бұйымдар әр аймақтың өзіндік ерекшелігін, мәдениетін, дәстүрі мен өнерін паш етіп тұр

Майса ЖАҚСЫЛЫҚ