ТҮЛЕГЕН ТІЛ МӘДЕНИЕТІ
ТҮЛЕГЕН ТІЛ МӘДЕНИЕТІ
Қызылорда облыстық тілдерді дамыту басқармасы орыс жастары арасында «Тіл – халық жанын танудың кілті» атты облыстық байқау ұйымдастырды. Оған бұған дейін қала мен аудандарда өткен байқау жеңімпаздары атанған 14-22 жас аралығындағы орыс ұлтының өкілдері қатысты. Басқарма бастығы Руслан Рүстемовтің атап өткеніндей, мақсат – мемлекеттік тілді жоғары деңгейде меңгерген орыс жастарын анықтау және оларды ынталандыру, өзге ұлт өкілдерінің ҚР мемлекеттік рәміздеріне, қазақ тіліне құрметпен қарауын қалыптастыру, тіл мәдениеті мен беделін арттыру. Байқау сарапшылары үміткерлердің өнерін бағалау кезінде олардың біліміне, тіл мәдениетіне, сауаттылығы мен өзін-өзі ұстау мәнеріне назар аударды.
Байқаудың қорытындысы бойынша жаңақорғандық Луиза Жидкова бірінші, шиелілік Лидия Балановская екінші, қызылордалық Татьяна Багрова үшінші орынды иеленді. Жеңімпаздарға басқарманың дипломдары мен бағалы сыйлықтары тапсырылды. Ал облыстық байқаудың жеңімпазы Луиза желтоқсан айында Алматы қаласында өтетін республикалық байқауға жолдама алды.