ТҮЛЕГЕН ТІЛ МӘДЕНИЕТІ

ТҮЛЕГЕН ТІЛ МӘДЕНИЕТІ

ТҮЛЕГЕН ТІЛ МӘДЕНИЕТІ
ашық дереккөзі

Қызылорда облыстық тілдерді дамыту басқар­масы орыс жас­та­ры арасында «Тіл – халық жанын танудың кілті» атты облыс­тық байқау ұйымдастырды. Оған бұған дейін қала мен аудандар­да өткен байқау жеңімпаздары атанған 14-22 жас аралы­ғын­­дағы орыс ұлтының өкілдері қатысты. Басқарма басты­ғы Руслан Рүстемовтің атап өткеніндей, мақсат – мемле­кет­тік тілді жоғары деңгейде меңгерген орыс жастарын анықтау және оларды ын­таландыру, өзге ұлт өкілдерінің ҚР мемле­кеттік рәміздеріне, қазақ тіліне құрметпен қарауын қалыптастыру, тіл мәдениеті мен беделін арттыру. Бай­қау сарапшылары үміткерлердің өнерін бағалау кезінде олардың біліміне, тіл мәдениетіне, сауаттылығы мен өзін-өзі ұстау мәнеріне назар аударды.

Байқаудың қорытындысы бойынша жаңақорғандық Луиза Жидкова бірінші, шиелілік Лидия Балановская екінші, қызылордалық Татьяна Багрова үшінші орынды иеленді. Жеңімпаздарға басқарманың дипломдары мен бағалы сыйлықтары тапсырылды. Ал облыстық байқаудың жеңімпазы Луи­за желтоқсан айында Алматы қаласында өтетін республикалық байқауға жолдама алды.