СЕМЕЙ СТУДЕНТТЕРІНІҢ БЕЛСЕНДІЛІГІ

Таяуда Семей қаласының жастары EXPO 2017 көрмесін өткізуге Қазақстанның бастамашылдығына қатысты өзінің белсенді азаматтық ұстанымын білдірді

Таяуда Семей қаласында «Нұр Отан» ХДП «Жас Отан» жастар қанаты EXPO 2017 Astana Халықаралық жобасын қолдау мақсатында жаппай науқан ұйымдастырды.

Семей қаласының 200-ден астам студенті Халықаралық мамандандырылған көрмені өткізуге Астана қаласының өтініміне қатысты өз қолдауын білдірді.

Қазақстан ұсынған көрме тақырыбы «Болашақ энергиясы» деп аталады, бұл күн, жел, су сияқты баламалы энергия көздері ғана емес. Бұл сонымен қатар жастардың ынта-жігерлері, дәл осы болашақ энергиясын жас семейліктер өздерінің флеш-мобында көрсетті.

Студенттер күн, жел бейнесін көрсетті, ал осы қуат көздерінен алынатын энергияны жарыққа айналдырды, қорытындысында жүрек ішіне EXPO 2017 Astana жазуын орналастырды.

«Жас Отан» ЖҚ белсенділерінің пікірінше, олар EXPO 2017 қолдау мақсатында жастар акциялары, флеш-мобтар, Қазақстан студенттерінің халықаралық алаңдарда жобаның байқаулары мен тұсаукесерлеріне қатысқаны туралы көп естіген.

– «Жас Отан» жастар қанатының жетекшілігімен Семей қаласының студенттер қоғамы бүгін Президентіміз Нұрсұлтан Назарбаевтың бастамасын қолдау мақсатымен орталық алаңға жиналып отыр, – деп Семей қаласы «Жас Отан» жастар қанаты филиалы көшбасшыларының бірі Қайсар Еркінбаев атап өтті. – Біз осындай EXPO 2017 Халықаралық көрме сияқты орасан зор іс-шараға Отанымыздың елордасы – Астана қаласының қатысуына шын жүректен тілектеспіз.

Флеш-моб ұйымдастырушыларының қазақстандықтарға жеткізгісі келген негізгі идеясы – баламалы энергетиканы дамытудың өзектілігін көрсету және EXPO 2017 көрмесінің Астана қаласында өткізілуіне ниет білдіру.

– Маған бүгінгі флеш-мобқа қатысқан өте ұнады. Жас­тар біздің тату және бір екенімізді көрсетті. Біз болашақ энергиясының өте әдемі символикалық фигурасын жасай алдық. Осы идеямызбен біз қазақстандықтардың назарын аударғымыз келді. Біз Астанаға тек жеңіс тілейміз, – деді іс-шараға қатысушылардың бірі, студент Жібек Нұршайықова.

ЕХРО-2017 көрмесін қабылдаушы мемлекет туралы қорытынды шешім 2012 жылдың 22 қарашасында өтетін Халықаралық көрме бюросының Бас ассамблеясында 160 мүше-мемлекеттердің дауыс беруі арқылы шығарылады.

Ж.БАҚҚОНДЫҰЛЫ

Back to top button