САХНАҒА ШЫҚТЫ ЖАС ӨМІР!

САХНАҒА ШЫҚТЫ ЖАС ӨМІР!

САХНАҒА ШЫҚТЫ ЖАС ӨМІР!
ашық дереккөзі

ҚР Мәдениет және ақпарат министрі Дархан Мыңбай үстіміздегі жылдың 29 қыркүйегінде мәдениет саласында тер төгіп жүрген отандастармен кездескенде: «Бүгінде еліміздің мәдениет саласында қырық мыңнан астам қазақстандық еңбек етуде. 2012 жылы елордамыз — Түркі әлемінің және Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы елдерінің мәдени астанасы деген екі мәртебелі міндеттерін атқарып отырғаны баршамызға белгілі. Алматы қаласында үстіміздегі жыл «Мәдениет жылы» деп жарияланды. «Өнер — ұлттың жаны» дейді халық даналығы. Кез келген ел өнерімен, мәдениетімен танылып, бағаланатыны анық», – деген еді.

Сондай дарынымен дараланып жүрген жас ақындардың бірі – Ерлан Жүніс. Ол поэзия дейтін ауылға өзіндік өрнегін сала келген ойлы жас. Осы орайда, біз жас ақынның Тәуелсіздік, Отан, Туған жер, Ұлт туралы бірнеше өлеңдерін оқырман назарына ұсынуды жөн көріп отырмыз. Редакциядан Ерлан ЖҮНIС МЕНIҢ АТЫМ – ТӘУЕЛСIЗДIК …Алып қорғанның құлағанын көрдiм, Небары алты жасымда, Алып тұлғалар жылағанын көрдiм, Бастарын сүйеп ғасырға. Алып таулардың шайқалғанын көрдiм, Алты жасымда соны ұқтым: Алып сөздердi айта алғанын көрдiм Кiп-кiшкентай халықтың. Алып кiтаптар торыққанын көрдiм, Сол сәтте-ақ одан безiнгем, Алып ойлардың қорыққанын көрдiм, Ең бiр нәзiк сезiмнен. Алып сағаттар тоқтағанын көрдiм, Өлшендi уақыт жаңадан, Алып жүректер ақталарын көрдiм, Алты-ақ жасар баладан. Алып құрлықтар теңселгенiн көрдiм, Темiр бұғаулар тозғасын, Алып заңдардың кемсеңдеуiн көрдiм – Империяның көз жасын! Алып мұхиттар толқығанын көрдiм, Бiр тамшы суға байланып, Алып тәждердiң балқығанын көрдiм, Елтаңбаларға айналып. Алып мүсiндер қирағанын көрдiм, Сұлаған жаудай жебеден, Алып саналар жиналарын көрдiм, Тұрғызу үшiн жаңа әлем! Құрыштардың да шiрiгенiн көрдiм, Сен боса, болат, тас егiл! Темiр шымылдық түрiлерiн көрдiм, Сахнаға шықты жас өмiр! Алты жасымда! Жылаған жоқпын, сұраған жоқпын анамнан, Жұмыстан жаңа әнұран айтып оралған, Сол түнi неге ұйықтамай маған бiр аңыз айтып шыққанын Ұл жайлы күннен жаралған. Түсiнбесем де тыңдаймын, Онсыз да оны тағдыры салған жасытқан едi мұң-қайғы. Көзiнiң жасы сөйлеген түндi ұқпасам да, Аңыз ұнаған Жаралған күннен ұл жайлы. Деген де шығар: «бодандық жайлы бiлмесiн», Сен түсiн, дәуiр, сонау бiр қанды жыл кешiр! Тарихтан дәрiс оқитын менiң анашым орта мектепте Ұлына бiрақ айтпапты кiсен, азап пен түрме бүргесiн. Ерлiктi айтқан, үйретпедi ол ездiктi, Ұстатқан қалам, ұстатпады ол кездiктi. «Құлыным, сенiң тарихың басқа» деген тек, Көп сөйлеген жоқ. Сөз бiттi. Ал бүгiн, ендi Тарихты өзiм бiлемiн, Жолдарды сезем жонарқамменен мыңжылдар өткен ұлы елiм. Ұлылық жайлы ойлайды басқа, Жап-жас шақ Ұлы қорғандардың күйреуiн көрген жүрегiм – Алты-ақ жасында ақырын көрген алыптың! …Тәуелсiздiк ше? Ол – менiң тегiм, ұлдарыма оны дарыттым. Тәуелсiздiк – мен, ол – менiң асқақ аңызым, Болмысы ол ұлдың өзiңнен туған, Жарық Күн!!! МЕНIҢ ЖОЛЫМ Мойнына бұршақ сап тiлеген даланың тұңғышы, Мен емес шығармын. Киелi қандағы қасиеттi өрлiктiң үлгiсi, Мен емес шығармын. Ұлы түз, о, сен деп ұлыған бөрiде абадан, Мен емес шығармын. Қазанат – қан кешкен ғасырдың өтiнде жараған, Мен емес шығармын. Тәңiр көк еркесi – қыранның шаңқылдақ жалғызы, Мен емес шығармын. Алаулап атқан таң шапағы жүректей алқызыл, Мен емес шығармын. Бiлмеймiн, Бұл кәрi далалық тәкаппар жас халық Менен не күтедi?! Бiлерiм: Мен үшiн барлық жол қазақтан басталып, Қазақпен бiтедi! * * * Асқақтық туралы аспанда, Азаттық туралы ақ жұлдыз, Ақпанар нұрын шашқанда, Ойладым… өзiң туралы; Жабығу туралы жылдарға, Жалғыздық туралы шыңдардан, Зарыға қарап тұрғанда, Аңсадым… өзiң туралы; Көз жасы туралы нөсерде, Өткен күн туралы ауыр бұлт, Күрсiнiп терең көшерде, Жыладым… өзiң туралы; Сағыныш туралы түндерде, Ай нұры әлсiз түскенде, Үмiтiм туралы гүлдерге, Мұңайдым… өзiң туралы; Мәңгiлiк туралы жолдарда, Қарсы алу туралы құштарлық, Мүсiн боп қатып қалғанда, Қол создым… өзiң туралы, О, менiң Тәуелсiздiгiм! ДҰҒА Күлтегiн күннiң ұлы екен, Күлтегiн мәңгi тiрi екен! Өлi өмiр емес, тiрi өлiм: Баяны қалды, бас кеттi. Қағандардың жүрегiн Тарихшылар тас дептi. Күлтегiн күннiң ұлы екен, Күлтегiн мәңгi тiрi екен! Жат өмiр емес, өзге өлiм: Аяны қалды, тiл кеттi. Қағандардың сөздерiн Тарихшылар құм дептi. Күлтегiн күннiң ұлы екен, Күлтегiн мәңгi тiрi екен! Ау, мынау Тетис түбiнде, Қағанды, қайтер, шақырсақ? …Бөрiлер түркi тiлiнде Тәңiрге дұға оқыр шақ! Күлтегiн күннiң ұлы екен, Күлтегiн мәңгi тiрi екен! ҚАЗАҚТАН КЕШIРIМ СҰРАУ Ояндым шошып қап-қара түннiң даусынан, Күңiренген дала, Күрсiнген, бәлкiм, тау шығар?.. Кешiршi менi, Қарашы қара басқанын, Жаралы жерiм, қаралы аспаным, Сен жаурап қалыпсың ғой, Аулақ қалыпсың ғой, Әр жұлдыздың түбiне тығылып, Қырық құбылып. Не перiштеге айтпаппын, Не жеңiспен қайтпаппын, Тым болмаса Тiлiмнiң астына салып та алмаппын, Тым болмаса Омырауыма тағып та алмаппын, Жастығымды жас сұлуларға арнап ем, Үйренбеген соң әндi де айтып хорменен, Жалғыз қаңғып ем, Оралмастай мәңгi мен. Шашылған, шашылған қауырсындарың-ай, Жаныммен ауырсынғаным-ай, Өзiмнен қорынып, Қасиеттi суларға шомылып Келмекшi ем… Кешiршi менi! …Бұл ғасыр нешiншi едi? Кiмнiң кезегi едi? Ненiң кезеңi едi? Ұйықтап қалғанымды қарашы, Жылатып алғанымды қарашы, Таулар ояу ма, жолдар сергек пе? Не болып жатыр жер-көкте?! Кешiршi менi, Бәрiн де реттеймiн, Ендi кетпеймiн, ендi кетпеймiн! Кешiршi, ертеңiң үшiн менi, Қазiр, қазiр, Күндi тұтатамын, Айды босатамын, Жердi жұбатамын, Абайды оятамын!.. Iшiмдегi… ҰЛЫМА Әр күнi сенiң күнiң келедi, Әр таңда күн сенiмен бiрге! Бұл сенiң, сенiң нұрлы әлемiң, Жарияла ресми түрде: Бұл – менiң күнiм, Менiң бүгiнiм! Бұл – менiң жырым, Менiң ғұмырым! Бұл – менiң iсiм, Менiң жеңiсiм! Мен – әлем үшiн, Әлем – мен үшiн! Әр адам саған бауыр, шын досың, Сөйлейдi бәрi де бiр тiлде. Бәрiне, бәрiне сен үн қосып, Жарияла ресми түрде: Бұл – менiң досым, Менiң бауырым! Бұл – менiң көшiм, Менiң дәуiрiм! Армен таңдарға, Түнге – өремен! Мен бар – сен барда, Бармын! – Бар Әлем! ОТАН Мен – тарихтың шындығымын ақталған! …Жас өмiрмен қол ұстасып бақтарда Кетiп барам, Сергек көңiл-күйменен, Туды мұражайлардан, Заңды мұрағаттардан Iздемеймiн, Ол – адамдар өмiрi: Үмiтi мен Сенiмi. Еркiндiктi бiз құстардан үйрендiк, Немесе ол – жас өмiрдiң көңiлi. Құс биiгi – биiктiк ол тудағы, Сол қыранға елiктедiк туғалы! Қазақстан – мыңжылдықтар аңызы, Ұлы халық туралы! Өткен тарих ұмытылмас, Ей, келер күн, көркем ойға құлпыңды аш: Ұлы дала қанша ұлы ақын туса да, Әнұранды қайта жазар күн тумас! Табиғатым – жаңа өмiрдiң болмысы, Оны ұстайтын жалғыз-ақ күш – Ар күшi! Дала туған алғашқы ақын мен емес, Һәм мен емес соңғысы! Көңiл – қыран, ойым – барыс таудағы, Жүрек болса, жүрек – бөрi таңбалы. Бiз кешегi өткендерден аз бiлдiк, Көп бiлемiз келетiннен алдағы. Мен – даланың үмiтiмiн ақталған! Жас өмiрмен қол ұстасып бақтарда, Кетiп барам, Сергек көңiл-күйменен, Дiндi мұражайлардан, Тiлдi мұрағаттардан Iздемеймiн, Жүрек оның мекенi, Бесiктегi ұл жүрегi, ұлдың торсық шекелi. Сол қазақтың қарау үшiн көзiне, Қазақ болып туу аздық етедi. Оның көзi – Отан, сенiң жанарың – Жанарыңнан жанға қуат аламын! Жас кеудемдi ғарышқа ашып барамын, Жас өмiрмен қол ұстасып барамын!