Жаңалықтар

САЯСАТТАНУ ҒЫЛЫМЫ СӨЗ БОЛСА...

ашық дереккөзі

САЯСАТТАНУ ҒЫЛЫМЫ СӨЗ БОЛСА...

Астанадағы Ұлттық академиялық кітапханада «Қазақстанның әлеу­меттік жаңғыруы саласындағы саясаттану ғылымының өзекті мәсе­ле­лері» тақырыбында өткен рес­публикалық конференция барысында сөз болды.

Аталмыш іс-шараның негізгі мақсаты – бүгінгі саясаттану ғылымының қоғам өміріндегі орны мен рөлін айқындап, көкейкесті мәселелерін талқылау. Ол үшін республиканың түкпір-түкпірінен саясаттану және әлеуметтану ғылымдарының белді мамандары – ұстаздар мен сарапшылар жиналды.

Кездесуге қатысқан «Нұр Отан» ХДП хатшысы, саясаттанушы Ерлан Карин өз сөзінде: «Соңғы жылдары бізде саясаттанушылардың қатысуымен сан алуан жиындар өтті. Онда осы ғылымның жалпы дамуы мен саяси шешімдерді қабылдау мәселелері қаралды. Ал бүгінгі конференцияда біз еліміздегі әлеуметтік жаңғырту бағдарламасына саясатта­нушылардың қатысу жайын талқылаймыз. Негізі, соңғы 20 жылда Қазақстанда қорғалған кандидаттық және докторлық диссертациялардың басым бөлігі сыртқы саясат мәселесіне арналған болатын. Ал ішкі проблемалар, көп жағдайда, көтерілмеді. Міне, саясаттану ғылымы осыны ескере ме? Бұдан басқа, біз билік пен қоғам арасындағы қарым-қатынастың тиімділігін арттыру, саяси-әлеуметтік текетірестерді болдыртпау, діни-экстремистік ағымдарға қарсы күрес және тағы басқа мәселелерді талқылауымыз қажет», – деді.

Едіге БЕКТАС