Жаңалықтар

ИЛЬЯҒА – 75 миллион теңге

ашық дереккөзі

ИЛЬЯҒА – 75 миллион теңге

Лондон Олимпиадасында ел абыройын асқақтатқан чемпиондарды марапаттау әлі жалғасуда. Қызылорда облысының жұртшылығы жеңімпаз жерлестерінің мерейін аспандатты. Қаланың Орталық алаңында өткізілген салтанатты жиында облыс әкімі Болатбек Қуандықов сөз сөйлеп, Олимпиаданың екі дүркін чемпионы Илья Ильин мен оның жаттықтырушысына 75 миллион теңгенің сертификатын табыстады. Олимпиаданың қола жүлдегері Марина Вольнова облыс әкімнің қолынан «Рено» автокөлігінің кілтін алды.

Спортшылардың ата-аналарына да ай­рық­ша көңіл бөлініп, олар облыс әкімінің Алғыс хатымен марапатталды.

Бұдан басқа ауыр атлет Алмас Өтешов пен еркін күрес шебері Дәулет Ниязбековке 1 миллион теңгеден, зілтемірші Александр Зайчиков пен жеңіл атлет Виктор Лептиковке 300 мың теңгеден сыйақы берілді.

­Облыстың ауыр атлетикадан бас­­ жат­тық­тырушысы Вилорий Пак Қызыл­ор­да қаласынан үш бөлмелі пәтер кілтіне ие болды.

Спортшыларға жасалған сый-құрмет­тер жер­гілікті мұнай компанияларының де­меу­шілігімен жасалғанын айта кеткен жөн.­ Атымтай жомарттардың қолдауының арқа­сында алдағы жарыстарда туған елдің бай­рағын биікте желбірететін жеңімпаздар қа­тары толыға түседі деп үміттенейік.

К.ЖЕҢІС