ҚАРАСУ МЕШIТIНДЕГI ДӘРIСТЕР
ҚАРАСУ МЕШIТIНДЕГI ДӘРIСТЕР
Қазақстанда алғашқы салынған ғибрат орындарының бiрi Қарасу мешiтi қазiр тек дiни парыздар мен уағыздарды ғана үгiттемейдi, дiн дәрiстерiн де бередi. Биыл жазғы каникул кезiнде ата-аналардың өтiнiшi бойынша Қазақстанның түкпiр-түкпiрiнен келген 50-ден аса бала "дiн сауатын ашу" курсынан өттi.
Шәкiрт балалар Астана, Тараз, Шымкент қалаларынан және Алматы облысынан келiп оқыды. Жаңадан алынып отырған қыз балалар курсында оқығысы келетiн талапкерлердiң де талабы орындалады. Мешiт жанындағы "Дiн мектебiнiң" шәкiрттерi Түркиядан келген оқу құралдары мен кiтаптар арқылы " құран оқу сауаттарын" ашады. Iле ауданына қарайтын Алматы iргесiндегi Қарасу мешiтiне қала төңiрегiндегi елдi-мекендерден намазхандар өте көп келедi. Жұма күндерi олар мешiтке сыймай кетедi. Сондықтан Қарасу мешiтi Қазақстандағы ең үздiк мешiттердiң бiрiнен саналады. Мешiттiң Имамы Талғат Сейiткәрiмұлы, Тұрар Серiкұлы Стамбұл қаласында арнайы дiн оқуын бiтiрiп келген "молда жiгiттер". Қасиеттi Ораза айында Қарасу мешiтiнде ғибадат күндiз-түнi жалғасып жатыр. Мешiттi салдырған Майдан атты қарияның Абай есiмдi iнiсiн (Мырзахметов) халық қазiр құрметтейдi. Ораз АЙ