ШӘМШI ҚАЛДАЯҚОВ АТЫНДАҒЫ "МЕНIҢ ҚАЗАҚСТАНЫМ" ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ӘН БАЙҚАУЫН ӨТКIЗУ ЕРЕЖЕСI

ШӘМШI ҚАЛДАЯҚОВ АТЫНДАҒЫ "МЕНIҢ ҚАЗАҚСТАНЫМ" ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ӘН БАЙҚАУЫН ӨТКIЗУ ЕРЕЖЕСI

ШӘМШI ҚАЛДАЯҚОВ АТЫНДАҒЫ "МЕНIҢ ҚАЗАҚСТАНЫМ" ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ӘН БАЙҚАУЫН ӨТКIЗУ ЕРЕЖЕСI
ашық дереккөзі

1.БАЙҚАУДЫҢ ӨТКIЗIЛУ МАҚСАТЫ

Ән өнерiн дамыту, дәстүрлi қазақ әндерiн орындаушылар арасынан жас талант иелерiн анықтау, жастар арасында ән шығармашылығының дамуын қолдау, сондай-ақ қазақтың дарынды композиторы Шәмшi Қалдаяқовтың шығармаларын насихаттау мақсатында Қазақстан Республикасы Оңтүстiк Қазақстан облысының Шымкент қаласында Шәмшi Қалдаяқов атындағы "Менiң Қазақстаным" Халықаралық ән байқауы 2008 жылғы 2-3 қазанда өткiзiледi.

2. БАЙҚАУДЫҢ ШАРТТАРЫ МЕН ТАЛАПТАРЫ

1.Байқауға Қазақстан Республикасының әр облысынан, Астана, Алматы, Байқоңыр қалаларынан және шетелдерден облыстық мәдениет басқармалары мен тиiстi шетелдiк мәдениет органдарының жолдамасы бойынша 1(бiр) талапкерден қатыса алады. Оңтүстiк Қазақстан облысы мен Шымкент қаласынан байқауға 4 үмiткер жiберiледi.

2. Байқауға 16 жастан 30 жасқа дейiнгi орындаушылар қатыса алады.

3. Байқауда 2 ән орындалады.

– Байқаудың бiрiншi кезеңiнде әрбiр қатысушы Ш.Қалдаяқовтың 1 (бiр) әнiн, екiншi кезеңде өз қалауы бойынша 1 (бiр) әнiн орындайды.

– Екi ән алдын ала жазылған сүйемелдеудiң фонограммасы (минусовка, минидиск) арқылы өз дауысымен орындалады.

Жеңiмпаздарды анықтау барысында қазылар алқасы талапкерлердiң:

1) орындаушылық шеберлiгiн;

2) әннiң байқау тақырыбына сәйкестiгiн;

3) музыкалықө өңдеуiн;

4) ән мәтiнi мен әуеннiң мазмұндылығын;

5) орындаушылардың сахна мәдениетi мен киiм үлгiсiн ескередi.

4. басқа облыстардан және шет елдерден келген қатысушылардың Оңтүстiк Қазақстан облысында болған күндерiнiң шығындары шақырушы жақ есебiнен өтеледi. Ал, жол шығындарын жiберушi жақ көтередi.

Қатысушылардың Шымкент қаласына келiп орналасуы 2008 жылғы 1 қазан.

Ұйымдастыру комитетi байқауға қатысу жөнiндегi өтiнiмдi 2008 жылғы 24 қыркүйекке дейiн қабылдайды.

Байқауға қатысу үшiн мынадай құжаттар ұсынылады:

1) Тиiстi мекеменiң жолдамасы мен талапкердiң өтiнiмi (үлгiсi қоса берiледi);

2.орындаушының шығармашылық өмiрбаяны;

3) 13х18 см көлемiндегi 2 дана түрлi-түстi фотосуретi;

4) СD және минидискiге жазылған әндерiнiң фонограммасы.

Барлық құжаттар мына мекен-жайға жолданады:

160018, Қазақстан Республикасы, Оңтүстiк Қазақстан облысы, Шымкент қаласы, Тәуке хан даңғылы 2"а". Оңтүстiк Қазақстан облысының мәдениет басқармасы. Байланыс телефондары: 8-7252 53-90-87, 53-56-26 (факс);

160011, Қазақстан Республикасы, Оңтүстiк Қазақстан облысы, Шымкент қаласы, Гоголь көшесi, 21 "а". Облыстық мәдениет және халық шығармашылығы орталығы. Байланыс телефондары: 8 7252 53-07-18, 53-08-37 (факс).

3. ЖЕҢIМПАЗДАРДЫ МАРАПАТТАУ

Байқаукға қатысушыларға төмендегi жүлделi орындар белгiленiп, оларға ақшалай және бағалы заттай сыйлықтар тапсырылады.

Бас жүлде – (бiреу)

I-орын – (бiреу)

II-орын – (екеу)

III-орын – (үшеу)

Арнайы сыйлықтар:

1) Оңтүстiк Қазақстан облысы әкiмiнiң арнайы сыйлығы;

2) Ш.Қалдаяқов атындағы халықаралық ән фестивалi дирекциясының арнайы сыйлығы;

3) Шәмшi Қалдаяқов отбасының арнайы сыйлығы;

4) БАҚ-та жарияланбаған немесе бұрын орындалмаған Ш.Қалдаяқовтың әнiн ең жақсы орындағаны және насихаттағаны үшiн;

5) "Менiң Қазақстаным" сыйлығы;

6) "Ең жас әншi" сыйлығы.

Сонымен қатар байқауға қатысушылар бағалы сыйлықтар, дипломдармен марапатталады.

4. БАЙҚАУДЫ ҰЙЫМДАСТЫРУШЫЛАР

1) Оңтүстiк Қазақстан облысының әкiмдiгi;

2) Оңтүстiк Қазақстан облысының мәдениет басқармасы;

3) Ш. Қалдаяқов атындағы халықаралық ән фестивалiнiң дирекциясы.

Оңтүстiк Қазақстан облысынан байқауға қатысатын үмiткерлердi iрiктеу Ж.Шанин атындағы облыстық қазақ драма театрында, 2008 жылғы 24 қыркүйекте өтедi.