Жаңалықтар

ТОҚАЕВ — КАНАДАДА

ашық дереккөзі

ТОҚАЕВ — КАНАДАДА

Парламент Сенатының Төрағасы — ЕҚЫҰ Парламенттiк Ассамблеясы Төрағасы орынбасары Қасым-Жомарт Тоқаев 17-21 қыркүйек аралығында өтетiн аталмыш Ассамблеяның Торонтодағы (Канада) күзгi отырысына қазақстандық парламенттiк делегацияны бастап барды.

Онда әлем елдерiнiң саясаткерлерi қауiпсiздiктi, демократияны, сауданы дамыту, көшi-қон үдерiстерi мен қоршаған ортаны қорғауды реттеудi қоса алғанда, өзге де көптеген мәселелер бойынша пiкiр алмасулар өтпек. Сондай-ақ, Оңтүстiк Осетиядағы тұрақтылықты қамтамасыз етуге қатысты арнайы сессия ашылатын болады.

Сапар барысында Қ.Тоқаев Канада Сенатының Төрағасы Н.Кинселламен, ЕҚЫҰ Парламенттiк Ассамблеясы мүшелерiнiң қабылдауында болып, Ассамблеяға қатысушы елдердiң ұлттық делегациялары басшыларымен жеке кездесу өткiзедi.