Жаңалықтар

МАТАЕВ "ҚАЗТАГТЫ" ТIРIЛТТI

ашық дереккөзі

МАТАЕВ "ҚАЗТАГТЫ" ТIРIЛТТI

Кезiнде "ҚазТАГ" деген атпен жер-жиһаннан, Кеңестер Одағы республикаларының түкпiр-түкпiрiнен хабар таратқан әйгiлi ақпарат агенттiгi ортамызға түрленiп қайта келдi.

"ҚазТАГ" деген атау жұртқа кеңiнен танымал. Бiз бұрынғы "ҚазТАГ"-тың дәстүрiн сақтай отырып халықаралық ақпарат агенттiктерiнiң де тәжiрибесiн пайдаланамыз. Өйткенi, бiз — тәуелсiз ақпарат агенттiгiмiз. Бiз үшiн жабық тақырып болмайды" дейдi Қазақ телеграф агенттiгiнiң құрылтайшысы әрi президентi Сейiтқазы Матаев.

Өзiм 1980 жылдардың басында кезiндегi "ҚазТАГ"-та Торғай облысы бойынша жұмыс iстедiм. Әуелгi шығармашылық жұмысымды сол шаңырақтан бастадым. "ҚазТАГ" деген әжептәуiр атауға ие ақпарат агенттiгiне әртүрлi есiм берiлiп, ақыр аяғы "Казинформға" тоқтадық. Осыдан бiр-екi жыл бұрын осы ақпарат агенттiгiнде бiрге жұмыс iстеген азаматтарға қайтсем де, "ҚазТАГ"-тың атын қайта шығарамын деп уәде берген едiм. Мiне, сол азаматтардың қолдауының арқасында дегенiме жеттiм", — дейдi Сейiтқазы Матаев.

8-қыркүйектен бастап хабар таратуға кiрiскен "ҚазТАГ"-тың алдына қойған жоспары көп. Әлемдiк алпауыт агенттiктердiң тәжiрибесiн жинақтай келе, халықаралық ақпарат агенттiгiне дейiн көтерiлуге күшiн салуға дайын екендiгiн жеткiзген агенттiк президентi бүгiнде елiмiздiң аймақтарынан тiлшiлер қосынын ашып жатқандығын тiлге тиек еттi. Қазiрдiң өзiнде Алматы мен Астана қалаларында және облыс орталықтарындағы тiлшiлер қызу жұмысқа кiрiскен. Ақпарат агенттiгi елдегi және шетелдердегi экономикалық, саяси, әлеуметтiк оқиғаларды жан-жақты қамтитын болады. Жаңалықтар он-лайн жүйесiнде таратылмақ.

"ҚазТАГ" ақпарат агенттiгiнiң интернет желiсiнде арнайы сайт енгiзiледi. Жағымды жаңалыққа шөлiркеп жүрген кез келген адам интернеттi ашып кеп жiберiп, керектi ақпаратына қаныға алады. Әрине, бiлдей бiр ақпарат агенттiгiн ашу оңай емес. Бәрi де қаржыға кеп тiреледi. "Журналистер одағы мен Ұлттық баспасөз орталығы құрылтайшы болғанмен қаржының жетiспеушiлiгi туындауда. Сол себептен де несие алуға тура келдi. Келешекте елiмiздегi ұлттық және шетелдегi халықаралық компанияларға ақпаратты сатамыз деп жоспарлап отырмыз", — дейдi "ҚазТАГ" басшысы.

Динара МЫҢЖАСАРҚЫЗЫ