ҮКIМЕТТIК ОТЫРЫС КҮЗГI ОРАҚҚА АРНАЛДЫ
ҮКIМЕТТIК ОТЫРЫС КҮЗГI ОРАҚҚА АРНАЛДЫ
Дүйсенбiдегi үкiметтiк отырыста облыс басшылары Премьер-министрге телефон арқылы күзгi егiн орағына қатысты есеп бердi. Әкiмдер егiстiк алқаптарының жалпы аумағы, жиналатын астықтың көлемi, қажеттi техникамен және жанар-жағар маймен қамту мәселелерiне тоқталды.
Үкiмет биыл азық-түлiк қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету әрi iшкi нарықтағы тұтынушылық сұранысты қанағаттандыру мәселесiн шешу үшiн егiстiк алқаптардың көлемiн ұлғайтуға күш салды. Мысалы, Қызылорда облысындағы егiстiк 61 мың гектарға созылып жатыр. Бұйыртса, 91 мың тонна дәндi-дақыл жинау жоспарланып отырған Сыр елi астықтың 96 пайыз өнiмдi түрiн жинаудан үмiттi. Шығыс Қазақстан облысында гектарына 6 центнер астық жинау көзделсе, Қостанайда егiн орағы былтырғыдан ерте басталады деп күтiлуде. Ауылдағы ағайын көктем мен күзде жанар-жағар май тапшылығын айтып, зар илейсе, әкiмдер егiншiлердiң сөзiн терiске шығарады. Мәсiмовке есеп берген әкiмдердiң түгелге жуығы отын мен жанар-жағар майдың қат болмайтынын жеткiздi. Премьер жергiлiктi жерлердегi билiк басшыларына күзгi орақ кезiнде жүйелi түрде есеп берiп тұруды тапсырды. Үкiметтегiлер егер биыл қамбаларға құйылатын астық көлемi күткендегiдей болса, астық қорлары толық жиналса, 2008 жылдың 1 қыркүйегiне дейiнгi мерзiмдi қамтитын астықты экспорттауға қатысты тыйымды қайта қаралатындығын айтады. Керiсiнше болған жағдайда, экспорттық тыйым өз күшiнде қалмақ. Тасымал мәселесiне байланысты туындаған сауалға жауап берген "Қазақстан темiр жолы" ҰК" АҚ президентi Асқар Мәмин дәндi-дақылды тасуға 1000-ға жуық вагонның сақадай сай тұрғанын жеткiздi. ҚР Ауыл шаруашылығы министрi Ақылбек Күрiшбаев қазiр жүргiзiлiп жатқан жем дайындау науқанының жүргiзiлу барысына көңiл толмайтындығын, оған қуаңшылық пен iшкi нарықтағы жанар-жағар майдың қымбатшылығы себеп болғандығын тiлге тиек еттi. "ҚАЗЫНА" МОНҒОЛДАРМЕН ҚОР ҚҰРАДЫҚР Президентi өткен аптада Монғолияға жасаған сапарында қазақ-монғол инвестициялық қорын құру туралы екiжақты келiсiмге қол қойды. Мақсат — тiкелей инвестициялық қорды құру арқылы, екi елдiң кәсiпкерлерi арасындағы iскерлiк байланысты одан әрi нығайту.
Аталған қордың қазақстандық тараптағы құрылтайшысы — "Қазына" тұрақты даму қоры" АҚ-ның еншiлес кәсiпорны — "Kazyna Capital Management", ал монолдардан — Монғолияның Индустрия және сауда министрлiгi мен Монғолияның шетелдiк инвестиция мен сыртқы сауда агенттiгi. Инвестиялық мерзiмi 5 жылға, ал өмiршеңдiгi 10 жылға созылатын қордың капиталы 100 млн. АҚШ доллары көлемiнде болатын көрiнедi. Энергетика, көлiк және тасымал, қаржы саласы, жеңiл және тамақ өнеркәсiбi, байланыс, Монғолия аумағындағы қуат көздерiн өңдеу және өндiру, туризм, Тау-кен өндiрiсi салаларында коммерциялық тұрғыда тиiмдi, экономикалық тұрғыда пайдалы инфрақұрылымдық және инвестициялық жобаларды қаржыландыруды мақсат ететiн қорды басқаруға тәжiрибелi маман таңдалмақ. "Kazyna Capital Management" АҚ Басқарма төрағасы Абай Алпамысовтың айтуынша, қор қаржысының бiр бөлiгi қазақ диаспорасы көп шоғырланған Баян-Өлгий аймағындағы инвестициялық жобаларды қаржыландыруға жұмсалады. Монғолияның батысындағы бұл аймақта халық мал шаруашылығын кәсiп етедi. Сонымен қатар, геологиялық барлау жұмыстарының нәтижесiнде, Баян-Өлгийде алтын, күмiс, вольфрамның кен орындары бар екендiгi анықталған. ОРТАЛЫҚ АЗИЯДАҒЫ ЖАРЫҚ МӘСЕЛЕСIОрталық Азияға тиесiлi энергетикалық компаниялар аймақты электр жарығымен қамтамасыз етудiң ұтымды жолдарын қарастыруда. USAID ұйымдастырған бұл басқосу Орталық Азиядағы жарықпен қамтамасыз ету жолдарын жақсартуды көздейдi.
Қазақстан, Қырғызстан, Тәжiкстан, Түркiменстан мен Өзбекстанның энергетикалық компанияларының өкiлдерi электр жарығын аймақтық таратуды жақсарту жолдарын қарастыру мақсатында Алматыда бас қосты. Халықаралық USAID агенттiгiндегi электр жарығын берудiң аймақтық жүйесiнiң үлгiсiн құру жөнiндегi жобасы (CARTRANS) мен АҚШ Энергетикалық ассоциациясы ұйымдастырған бұл басқосу орталықазиялық аумақты жарықпен қамтамасыз етудi жақсартуға бағытталған. USAID агентiгiнiң қатысуымен, жоғары вольтты компьютерлiк модельдi қалыптастыру жоғарыда аталған төрт елдiң электр жарығын үнемдi пайдалануына және тиiмдi жоспарлауына көмек болады. Үстiмiздегi жылдың қазан айында жүзеге асыру мақсат етiлген бұл жобаның орталықазиялық елдердiң ұлттық энергетикалық жүйесiне тiкелей қатысы бар. Қазақстан (оңтүстiк бөлiгi), Түркiменстан, Тәжiкстан, Өзбекстан мен Қырғызстанның iргетасы кеңестiк дәуiр кезеңiнде қаланған ұлттық энергетикалық жүйесi бiр-бiрiне тәуелдi әрi энергия ағынын жұмсауды келiсе отырып, қолдануды талап етедi. Осы сепбептi, USAID ұсынған жоба кейiнгi кездерi жиiлеп кеткен жарықтың жалп етiп өшуiн сиретуге қауқарлы. Аталған жоба Қара теңiз жағалауындағы елдерде (Армения, Болгария, Грузия, Молдова, Румыния, Түркия мен Украинада) ендiгi iске қосылған. Гүржiлер қазiр артылған электр жарығын Әзiрбайжан арқылы Түркияға жеткiзудi көздеп отыр. Сондықтан жүйенiң кеңейтiлуi жаңа пайда көздерiне табуға септiгiн тигiзбек.Нәзия ЖОЯМЕРГЕНҚЫЗЫ