ҚАЗАҚСТАНДА КIМДЕР ЖАҚСЫ ӨМIР СҮРУДЕ

ҚАЗАҚСТАНДА КIМДЕР ЖАҚСЫ ӨМIР СҮРУДЕ

ҚАЗАҚСТАНДА КIМДЕР ЖАҚСЫ ӨМIР СҮРУДЕ
ашық дереккөзі

Қазақстандықтардың басым бөлiгi, анығырақ айтсақ, 78,7%-пайызы, болашаққа сенiммен қарайды. Респонденттердiң 78 пайызы өз өмiрлерiне қанағаттанатын болса, 15 пайызы алаңдаушылық танытып отыр. Жауап берушiлердiң 2,5 пайызы ғана болашақты қорқынышпен күтедi. 2008 жылғы сәуiр-мамыр айларында елiмiздiң 14 облысы мен екi қаласы — Алматы және Астанада "Бүркiт-Мониторинг" әлеуметтiк компаниясының жүргiзген бұқаралық сұрақ-жауаптың нәтижесi осындай көрiнедi. Бұл әлеуметтiк зерттеулердiң барысында 18 жастан асқан 3187 респондент қатысыпты.

Қазiргi таңда Қазақстан негiзгi экономикалық, әлеуметтiк және саяси институттары толық қалыптасқан мемлекет болып табылады. Дегенмен олар әзiрге белгiлi бекемдiкке ие бола алмай отыр. Сондықтан да елiмiздегi орын алып отырған жүйеге тән өрлеулер мен құлдыраулар халықтың көңiл күйiне өз әсерiн тигiзуде.

Зерттеулер нәтижесi бойынша, әлемдiк қаржы дағдарысы және осыған байланысты туындаған қиыншылықтардың әсерi қорқыныш деңгейiнiң ұлғаюына әкелiп соқты. Нәтижесiнде, жауап берушiлердiң үштен бiр бөлiгi елдегi экономикалық жағдайға дағдарыстың алды деп қараса, 13 пайызы оны дағдарыс деп отыр. Ал, ендi бестен бiр бөлiгi елiмiздiң экономикалық өсiмiне сенсе, 27 пайызы экономиканың тұрақтыланғанына сенiмдi.

Тағы бiр айта кететiн жайт, аталмыш шара барысында баға беруде қазақтар мен жастар қауымы оптимистiк көңiл танытты.

Дүниежүзiлiк дағдарыстың елiмiздегi экономиканың жекелеген құрылымдарына тигiзген әсерi халықты мазасыздандырып, ең алдымен азық-түлiк бағасы мен коммуналдық қызметтiң қымбаттауына әкелiп соққаны белгiлi.

Сауалнаманың нәтижесi бойынша, мұндай мазасыздануларға қарамастан экономика шеңберiндегi берiлген бұл баға әлеуметтiк оңтайлану деңгейiнiң iргетасына әсер етпейдi.

Өз өмiрiне қанағаттанып отырған жауап берушiлер 78 пайыз : "толық қанағаттанатындар" (29,8%) және "жартылай қанағаттанатындар" (48,1%). Оптимистiк көңiл күйге ие болып отырғандардың басым бөлiгi қазақтар болса, оның iшiнде 84%-ы өз өмiрлерiне қанағаттанады екен (толық қанағаттанатындар — 36%, жартылай қанағаттанатындар — 48%).

Ал, өмiрiне қанағаттанып жүрген орыс халқы 71%-ды құраса, (толық қанағаттанатындар — 20,3%, жартылай қанағаттанатындар — 50,7%), басқа этникалық топтардың өкiлдерiнiң арасында — 72,9% (толық қанағаттанатындар — 28,6%, жартылай қанағаттанатындар — 44,3%).

Әлеуметтiк көңiл күйге жағымды баға берген жастар тобының жас аралығы — 18-24 (87,3%) және 25-34 (79,9%).

Әлеуметтiк көңiл күйге қатысты қала мен ауылдық жердiң арасында ешқандай да айырмашылық жоқ: қалалықтардың 80,5%-ы мен ауылдықтардың 74,6%-ы өмiрлерiне қанағаттанушылық танытып отырғандар "толық қанағаттанатындар" (30,2% және тиiсiнше 29,4%), және "жартылай қанағаттанатындар" (50,3% және тиiсiнше 45,2%).

Ал, әлеуметтiк көңiл күйдi саралауда, облыстар арасында айырмашылық анық байқалады. Қанағаттанушылық танытқан жауап берушiлердiң көп бөлiгi Ақтөбе облысында (83,3%), Атырау облысында (93,2%), Жамбыл облысында (81%), Қарағанды облысында (82%), Қызылорда облысында (82,8%) және Оңтүстiк Қазақстан облысында (81,3%). Қанағаттанушылық деңгейiнiң төмендiгiн (онда да 60 пайыздан төмендi құрамайды) — Ақмола облысы (68,5%), Шығыс Қазақстан облысы (69,3%), және Солтүстiк Қазақстан облысының (60,9%) жауап берушiлер көрсеттi. Қалған облыстар 70-80% арасынан орын алды.

Экономика саласына қойылатын қиын-қыстау бағаның тұсындағы мұндай әлеуметтiк оңтайлану, бұл құбылыстардың уақытша сипаты екенiмен түсiндiрiледi. Бұл жағдай жауап берушiлердiң басым көпшiлiгi — 78,7 пайыздың болашақты оптимистiк қабылдауымен расталады. Сонымен, болашақты "оптимистiк көңiлмен және үмiтпен" қабылдайтындар — 44%, "сабырлы" — 34,8%. өзiнiң болашағына абыржитындар 15% болса, 2,5%-ы ғана болашақты "қорқынышпен және үмiтсiздiкпен" күтедi екен.

Сондай-ақ, барлық жас шамасы арасында оптимистер басым және 55,2%-дан 35,8%-ға дейiн түрленiп тұрады. Көп жағдайда болашақты жағымды қабылдау жастар арасында көптеп кезедеседi, жауап берушiлердiң көп бөлiгi (55,2%) жас шамасы 18-24 арасындағылар осындай баға бердi.

Облыстар бойынша "оптимистiк" жауап бергендердiң көп пайызы Оңтүстiк Қазақстанда (83,3%), Павлодар облысында (80,8%), Маңғыстау облысында (88,5%), Қызылорда облысында (87,1%). Басқа өңiрлерде де осыған ұқсас жағдайлар қалыптасқан. Онда да 70 пайыздан төмен емес.

"Үрей мен сенiмсiздiк" көңiл күйдi Ақмола облысында (27,7%), Шығыс Қазақстан облысында (22,8%), Ақтөбе облысында (19%), Қарағанды облысында (19,2%), Қостанай облысында (19,4%), Атырау облысында (18,6%) және Солтүстiк Қазақстан облысында (18,7%) кездестiруге болады.

"Қорқыныш пен үмiтсiздiк" танытқандар Атырау облысында 6,8%, ал, СҚО — 7,3%-ды құрап отыр. Басқа өңiрлерде бұл көрсеткiш 3,2%-дан аспайды (БҚО, Қостанай облысы).

Сонымен қатар, зерттеулер нәтижесi бойынша халық арасында тұрмыстық жағдайдың жақсаруына жоғары бағаның берiлуi байқалады, бұл қазiргi жағдайдың қанағаттанарлық екенiн көрсетедi. Жауап бергендердiң төрттен бiр бөлiгi (25%) өзiнiң жағдайына "автокөлiк немесе тұрғын үй сияқты бағалы мүлiктен басқаның барлығына ақшасы жетедi", деп баға бередi. Жауап берушiлердiң жартысынан аз ғана бөлiгi, яғни 45 пайызы өз өмiр деңгейiн "ақша азық-түлiкке және киiм-кешекке жетедi, бiрақ ұзақ уақыт пайдаланатын тауарлады сатып алу қиынға соғады" деп көрсетедi. Елдегi жауап берушiлердiң жауабы бойынша, өздерiне қажеттi заттың барлығын, оның iшiнде автокөлiк пен тұрғын үйдi де алуға жағдайы жететiн бақуатты адамдар 2,5 пайызды құрайды.

Жауап бергендердiң тек 3,5 пайызы өзiнiң материалдық жағдайын төмен деп есептейдi, яғни "ақша тек тамаққа ғана жетедi".

Өмiрге деген қанағаттанушылыққа қатысты баға беруде әлеуметтiк және кәсiби ахуалында үлкен айырмашылық байқалмайды. Дегенмен, барлық жақтан алып қарағанда өз жағдайына қанағатпен қарайтындар көп болып шықты. Олар 85,7 пайыздан 75,6 пайызға дейiн құрайды.

Атап өтетiн жағымды болмыс, бұл өмiрге қанағаттанушылығы мол және болашақты бағалауға қатысты этникалық топтар арасындағы статистикалық маңызды айырмашылықтың жоқ болуы елiмiздегi тұрақтылықты сақтау үшiн орайлы себепкер шарт болып табылады. Тәжiрибе көрсеткендей, саяси-әлеуметтiк тұрғыдан тұрақты мемлекет экономикалық қиындықтардың шешiмiн тез табады.

Сауалнаманың нәтижесi бойынша халықтың әлеуметтiк көңiл күйi қанағаттанарлық, және халық болашаққа оптимистiк көзқараспен қарайды, деп қорытынды жасауға болады. Халықтың қорғансыз бөлiгiнде (жұмыссыздар, зейнеткерлер, ғылым, мәдениет және бiлiм салаларының қызметкерлерi) әлеуметтiк жағымды көңiл күй байқалады. Ал, қазiр орын алып отырған торыққан көңiл күй, ең әуелi, қажеттi коммуналдық қызмет пен тауарлардың бағасының көтерiлуiмен байланысты.

Айта кетер жайт, халықтың тұрмысының жақсаруынан оның әлеуметтiк талаптарының да деңгейi өседi.

Сондай-ақ, түңiлгендердiң қатары көп емес, елiмiздегi азаматтардың басым бөлiгi мемлекеттiң ұсынып отырған әлеуметтiк қамтамасыз ету бағдарламасына қанағаттанады. Қазақстандық қоғам қазiргi таңдағы экономиканың кейбiр салаларындағы қиындықтарға өтпелi кезең ретiнде қарайды.

Ж. БАҚҚОНДЫҰЛЫ