ЖЕТПIСБАЕВ ШЫМКЕНТТЕ ЖЫЛУ МӘСЕЛЕСIН МАЙШАММЕН ҚАРАП ЖАТЫР
ЖЕТПIСБАЕВ ШЫМКЕНТТЕ ЖЫЛУ МӘСЕЛЕСIН МАЙШАММЕН ҚАРАП ЖАТЫР
Қыста қала халқы тоңбайды деп сенгiмiз келедi
Қылышын сүйретiп қыс та келе жатыр. Жыл сайын қала тұрғындарын жылумен қамту мәселесi оңтайлы шешiлмей келедi. Тұрғындарды үрей мен күдiктен арылту үшiн қала әкiмi Арман Жетпiсбаев қаланы жылумен қамтамасыз ететiн мекемелердiң мәселесiн майшаммен қарап, өз жұмыстарын ширата түсудi талап еттi.
— Сiздер жылумен қамтамасыз етудi өз мойындарыңызға алдыңыздар ма? Бұған мiндеттi түрде жауап бересiздер. Өткен жылғыдағыдай кемшiлiктерге кеңшiлiк болмайды. Қатаң шаралар көрiледi — дедi қала әкiмi. Мен тұрғындар жағындамын. Олардың мүддесiн қорғаймын. Қала әкiмi, сондай-ақ, тұтынушылармен тез арада келiсiмшарттар түзiп, бiрде-бiр тұрғынды жылусыз қалдырмау керектiгiн ескерттi. Жылумен қамту барысында "Қуат" жылу орталығы жалақы қарыздары мен салық төлемдерi бойынша тап болған қиыншылықтардан құтқарудың жолдарын қарастыруды ұсынды.
Шымкент қаласын жылумен қамту барысы тамыз айының өзiнде бiршама жолға қойылғандығы аңғарылады. ҚазНИГМ Энергопром институты Шымкент қаласын 2020 жылға дейiн жылумен қамту жобасын жасаған. Осы жобаның негiзiнде қаланың магистральды және квартал iшiлiк жылу жүйелерiне жаңа гидравликалық есеп жасалынды. Бастапқы есептердi ТЭЦ-3-тiң жұмысшы тобы жасады. Соңынан бұл есептердi қайта тексерiп шығу үшiн Қазэнерго жөндеу институты тартылды. Өткен жылы ТЭЦ-3-те жылу трассасының бұл тармағы қаланың оңтүстiк бөлiгiн жылумен тұтас қамтамасыз еткендiктен ТЭЦ-1 мен ТЭЦ-2 жылу тарату қызметiнен бас тартылды. Осының нәтижесiнде гидравлика қызметi жарым-жартылай теңгерiлдi. Жаңа гидравликалық есептер мен ақаулық актiнiң негiзiнде екi насос станциясын салу қолға алынды. Бұл жұмыс қарқынды жүргiзiлiп, қысқы маусымға дейiн аяқталмақ.
Қалада 10,9 км. құрбылар ауыстыруды қажет етедi. 6,2 км. магистральды құбыр қайта салынса, 4,7 км. мұз тоңып, жарамсызданған құбырларды ауыстыру күн тәртiбiнде тұр. Бюджеттiң мүмкiндiктерiн ескере отырып, атқарылуы кезек күттiрмейтiн жұмыстарды да қала әкiмшiлiгi анықтап алды. Осы мақсатқа орай бюджеттен 1,025 миллиард теңге қарастырылды.
Бүгiнгi күнгi насос станцияларының құрылыс жұмыстарын жүргiзуге конкурс өткiзiлiп, жеңiмпааз ретiнде "СМК-Құрылыс-2008" ЖШС-гi жеңiмпаз болып анықталған. Олар құрылыс жұмыстарын бастап та жiбердi.
Қала жылу науқанына дайындық барысында жылу жүйесiнiң 50,3 шақырымын тексеруден өткiзген.
Магистральдық жылу жүйесiнiң жұмыстары да басталып кеттi. Жарылып, ақауланған екi нүктесi анықталып, олардың зардаптары жойылды. Жеке қазандықтарға қатысты магистральдық және квартал iшiндегi жылу жүйесiн жылыту маусымына дайындау жұмыстары да қарқынды жүргiзiлуде.
Қаланың квартал iшiндегi жылу жүйесiнiң 164,6 шақырымы опрессовкадан өттi. 114 жердiң ақауланған құбырлары анықталды. Солардың 61-i жөнделдi, ал 53-iнде жөндеу жұмыстары жүргiзiлуде.
Жеке қазандықтардан бастау алатын квартал iшiндегi жылу жүйелерiнiң 28,3 шақырымына опрессовка жүргiзiлуi қажет болса, қазiргi таңда бұл жұмыс 100 пайызға орындалған. Күрделi түзетуден өткiзiлуге тиiс болған жылу жүйесiнiң 0,2 шақырымының бiр шамасы түзетiлген. Қалада құбырлардың 22-сi жарылғаны анықталса, оның 20-сы түзетiлдi.
Қалада жылу беру науқанының жұмыстары белгiленген кестеге сәйкес атқарылуда. Қалалық штабының шешiмiне орай алдағы жылыту маусымында тұрғындарға "Энергорталық-3" АҚ-ы қызмет көрсетедi. 1 шаршы метрге 3,86 теңге есебiнен тариф белгiленген. Бүгiнгi күнге дейiн қаладағы 1714 тұрғын үйдiң 1215-i қызмет көрсету шартын жасасты.
Қала бойынша 203 бюджеттiк нысан жылыту жүйесiне енгiзiлген. Бiлiм саласының 137 нысаны, денсаулық саласының 62 нысаны, спорт саласының 4 нысаны бар. Осы аталған барлық нысандармен келiсiмшарттар түзiлген.
Қалада өткен жылдарға қарағанда жылу маусымына дайындық жұмыстары талап дәрежесiнде жүргiзiлiп жатқандығын байқауға болады. Шымкенттiк тұрғындар қыс айында қанша суық аяз болса да тоңып, дiрдектемейтiндiгiне үмiт артуға болады.
Балтабек ТYЙЕТАЕВ