Жаңалықтар

ТЫНЫШТЫҚ САҚШЫЛАРЫНЫҢ МЕРЕКЕСI

ашық дереккөзі

ТЫНЫШТЫҚ САҚШЫЛАРЫНЫҢ МЕРЕКЕСI

1992 жылы маусымның 23-iнде Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесi "Қазақстан Республикасы Iшкi Iстер органдары туралы" Заң қабылдады. Бұл Қазақстан полициясының қызметi мен мiндетiн анықтайтын алғашқы құқықтық акт болды.

Мемлекет басшысы Н. Ә. Назарбаев 2007 жылы маусымның 5-iнде өз жарлығымен маусымның 23-iн — Полиция күнi деп бекiттi. Содан берi уақытпен санаспайтын тыныштық сақшыларына деген құрмет осы күннiң еншiсiнде. Биылғы жылы да аталмыш мереке үлкен қуанышпен аталып өттi. "Алматылық полиция қойылған талаптарды орындап, артылған үмiт үдесiнен шыға бiлулерiңiз қажет" деген Қазақстанның бiр топ эстрада әншiлерi М. Әуезов атындағы өнер ошағында Қазақстан полициясы күнiмен құттықтап концерттiк бағдарламасын ұсынды. Қабақтарынан қар жауып қатал көрiнетiн полиция қызметкерлерiнiң жүзiне ұялаған күлкiнiң себепкерлерi болған Нағима Есқалиева, Сағынай Абдуллин, Медеу Арынбаев, Асылбек Еңсепов, Сейфуллин Жолбарыс әннен шашу шашты.

Манар ӘЛИЕВА