ҚАЗАҚТЫҢ ҚАЗIРГI ХАЛI НЕМЕСЕ ОРЫС АДАМЫНЫҢ КЕРТАРТПАЛЫҒЫ ТУРАЛЫ...

ҚАЗАҚТЫҢ ҚАЗIРГI ХАЛI НЕМЕСЕ ОРЫС АДАМЫНЫҢ КЕРТАРТПАЛЫҒЫ ТУРАЛЫ...

ҚАЗАҚТЫҢ ҚАЗIРГI ХАЛI НЕМЕСЕ ОРЫС АДАМЫНЫҢ КЕРТАРТПАЛЫҒЫ ТУРАЛЫ...
ашық дереккөзі

Орта ғасырларда Ресейде алғаш рет болған шетелдiктер орыстардың мiнез-құлқы туралы көптеген деректер жазып қалдырған. Ондағы мәлiметтердiң кейбiрi әлi де өзектi. Мәселен, "Орыстар бөгде тiлдi үйренуге бейiм емес. Тiптi өзара әңгiмелескенде де ешқашан өзге тiлдi араластырмайды" деген сөздерден, елiмiздегi орыс ағайындардың Қазақ тiлiн неге үйренгiсi келмейтiнiн бiлуге болатындай. Бұл материалда орыстар туралы жазған шетелдiктердiң қысқа пiкiрлерi ғана қамтылды.

Қазiр бiз өмiр сүрiп отырған қоғамда Қазақ мүддесiне атүстi қарайтын жаман әдет қалыптасты. "Айғайлай-айғайлай қасқырдан да ұят болды" деген екен баяғыда бiреу. Тiл, дiн мен дiлдiң қазiргi күйiн ашына жазған қазақтiлдi ақпарат құралдарының материалдарына бұқара бұрыңғыдай елеңдемейтiн болды. Жұртты немқұрайлылық басып барады. Шетелден келетiндердiң Қазақстаннан Ресейдiң әлдебiр губерниясына келiп-кеткендей әсермен қайтатыны осыдан. Мемлекеттiк идеологияның өзi "бiртұтас Қазақ мемлекетiне" емес, "көпұлтты Қазақстан халқының береке-бiрлiгiне" қызмет етуге негiзделген. Ұлтты ұйыстыруы тиiс зиялылар мен шенеунiктерден де жұрт аталы сөз естудi қойды. Себебi, олардың өзi кейiнгi жылдары ұлттық мүддеге үрке қарайтын "ауру" тауып алды. Тiлге, дiнге қатысты дүниелердi талап ете қалсаң, "ойбай Қазақстанда жүздеген ұлт тұрады. Олардың көңiлiне де қарау керек" деген дүбәра жауап аласың. Өстiп ұлттық мүдде десе ат тонын ала қашатын әлемдегi ең көңiлшек шенеунiктердi қалыптастырдық. Тiл демекшi… кейiнгi кездерi мемлекеттiк тiлдiң өркендемей жатқанын орыстардан көретiндер көп. Билiк бейқам болған соң, орекеңдердi кiнәлай беру де жөнсiз. Талап күшейiп, барлығына мемлекеттiк тiлдi бiлу мiндеттелсе ғана республикадағы диаспора атаулы заңның бұйырғанына ерiксiз мойынсұнады. Дегенмен, елiмiздегi тiлдiк ахуалды қалыптастыруда орыс тiлдiлердiң өзiндiк ықпалға ие екенi рас. Олардың мемлекеттiк тiлдi үйренбей жатқанын немесе оны меңгеруге талпынбай отырғанын ұлттық психологиядан да көруге болады. Мәселен, өркениеттi Еуропа орыстардың мiнез ерекшелiктерiне баяғыда назар аударған. Төмендегi жазбаларда орта ғасырларда Ресейде алғаш рет болған шетелдiктердiң ондағы жергiлiктi халықтың менталитетi туралы жазып қалдырған қызықты деректер берiлдi. 1549 жылы Ресейде дипломатиялық қызмет атқарған австриялық Сигизмунд Герберштейн бiздiң Құдай қосқан көршiмiз туралы былай деп жазыпты: "Орыс патшасы өзiне қарасты тұрғындарды қалай билесе, дiн өкiлдерiне де солайша әмiр жүргiзедi. Патша не iстесе де олар оған Құдайдың қалауын жеткiзушi ретiнде бойұсынады. Әлдебiр тұтқынның мәселесi сөз болса, әлбетте "Құдай қаласа, босайды" деп жауап қайтарылады. Егер бiреу өзi бiле бермейтiн нәрсе жәйлi сұраса немесе күмәндi жәйттi бiлгiсi келсе, оған көбiне "Ол Құдай мен ұлы патшаға ғана мәлiм" деп жауап берiледi. Орыстардың адам түсiне бермейтiн мiнезi көп. Кейде осындай қотиын, бiрбеткей мiнездi халық тиран-патшаға шынымен де мұқтаж шығар, я болмаса бұлар патшаның қатiгездiгiнен осындай қатал мiнездi болып қалыптасқан болар деген ой келедi. Соғыста да олар асығып, тобыр болып шабуыл жасайды да, қарсыластарына лайықты тұрыстық бере алмайды. Тұрыстық берген күннiң өзiнде де тығылып келiп тұтқиылдан тиедi. Жер бетiнде осындай қатал өмiрге бейiмделген халық әсте жоқ шығар. Мен бiр орыстың, егер ұрып-соқпайтын болса, еркiндiкке қарағанда түрмедегi өмiр әлдеқайда көңiлдi дегенiн естiдiм. Себебi түрмеде тамақ дайын. Ал бостандықта тамақ табу үшiн оларға бейнеттенуге тура келедi. Мұнда тұрмыстары адам төзгiсiз кедейлер өте көп. Мен олардың тұздалған балық пен балықтың өзге түрлерiн қалай қорек еткенiн көрдiм. Олар иiстенген балықты бұдан артық қандай жақсы тамақ болуы мүмкiн деп тамсана жейдi. Орыстар ырымшылдыққа жақын грек заңымен ғұмыр кешедi. Орыс шiркеулерiнде мүсiн атаулы кездеспейдi. Барлығы сурет түрiнде бейнеленген. Орыстар олардың құдiретiне пұтқа табынғандай көзсiз сенедi. Олар бiздi жарым-жартылай христиан санап, өздерiн күнәсiз сәбилердей сезiнедi. Орыстар бөгде тiлдi үйренуге бейiм емес. Тiптi өзара әңгiмелескенде де ешқашан өзге тiлдi араластырмайды. Шiркеулерiнде ғибадат орыс тiлiнде жүредi. Пiрәдарлары қасиеттi кiтапты оқып жатқанда, былайғы жұрт өзара күбiрлесумен болады. Оның сөзiн ешкiм тыңдамайды. Себебi түсiнбейдi. Ал құлшылықтың соңында шiркеу қызметкерлерiне қосыла "Господи помилуй" деп жамырап кетедi". "Ұлы да құдiреттi орыс патшасы туралы кiтаптың авторы, алғашқы орыс елшiлiгiн Англияға апара жатқан кезде қаза тапқан әрi Солтүстiк Двина арқылы Ресейге жол ашқан ағылшын кеме флотының басшысы Ричард Ченслер 1553 жылы ресейлiктер туралы мынандай естелiк қалдырған: "Олар өз әйелдерiн басқа жұрттардай құрметтемейдi. Әйтеуiр құлдарға қарағанда тәуiрлеу қарайды. Мансапты мәскеулiктер өз әйелдерiн қатты қызғанады. Оларды той-томалаққа жiбермейдi. Тiптi шiркеудiң өзiне әзер босатады. Әйелдерiнiң жатжерлiктерге ықыласы күштi. Жылы сөйлеп, жақсылап сұрасаңыз, сiзбен тар төсегiн бөлiсуге әркез дайын. Мәскеудегi Венеция сенатының елшiсi Марко Фоскарино (1557 жылы жазылған) бұл жөнiнде, "олар iшкiлiкке құмар. Тiптi кейде қатты сiлтеп жiберiп өзара жанжалдасатын және арақтың әсерiнен үйлерге өрт қоятын кездерi жиi болып тұрады", — деп жазған". Мәскеудегi жатжұрттықтардан құралған ротаның командирi француз Жак Маржерет те 1607 жылы жергiлiктi халықпен танысқаннан кейiнгi әсерiн былайша қағаз бетiне түсiрiптi:

"Орыстардың рухани деңгейiне, әдет-ғұрыптары мен өмiр салтына көз жiберсеңiз, оларды варварларға жатқызудан басқа амалыңыз қалмайды. Ақыл жағына келер болсақ, орыстар шынымен де тапқыр әрi ұрымтал болып келедi. Бiрақ олар ақылдарын жақсы iс пен өнегелi өмiр сүруге жұмсамайды. Пайда көру мен бiреуге жағуға жақындау. Олар екiжүздi, бiрбеткей, ұятсыз әрi барлық жаман әдетке үйiр келедi. Құқықтың орнына күшке жүгiнуге бейiм. Олардың тапқырлығы мен әккiлiгi әсiресе сауда-саттықта жақсы байқалады. Жақынын алдау үшiн қулық пен екiжүздiлiктiң небiр түрiне барады. Ал оларды алдағысы келген адам мiндеттi түрде асқан тiсқаққан болуы керек. Шындықтан қашып, өтiрiкке жиi жүгiнетiндiктен олар бәрiне күдiкпен қарайды. Оларда өздерiн алдағандарды барынша мақтап, шебер деп танитын әдет бар". Төмендегi келесi деректе тұтқынға түскен швед армиясының полк дiндары Генрих Седебергтiң 1718 жылы жазған естелiгi берiлдi: "Орыс негiзiнен барлық iсте табиғи ақылымен дараланады. Олардың көбiсi шешен болып келедi. Кез келген шаруада оның өзiне пайдалы тұсын ғана екшеп алатын әбжiлдiгi бар. Қатардағы орыс шетелдiктермен iстес болса бас пайдасы мен жат жұрттықтарға қалай жақсы көрiну жағын ойлайды. Байқампаз, адамның iштегi есебiне көз жүгiрте бiлетiн олар, қарсыласының осал тұсын аңғарса асқан шеберлiкпен оны өз мақсатына пайдалана қояды. Бәлкiм, қытайлардан кейiн орыстардан өзге адамға соншалықты құрмет бiлдiретiн жұрт жоқ шығар. Қатардағы азамат өзiмен теңдесiн кезiктiрсе де бас иiп, iлтипатпен елпектеп жатады. Мұндай әдеттi олар бұрыңғы жеңiмпаздары мен қожайындары, Алтын орданың татарларынан тапқан болуы керек". Ресейдегi француз дипломаты Мари Даниэль Корберон 1777 жылы орыстардың мiнез ерекшелiктерi мен олардың өмiр салтына тоқтала келе былайша сөз түйiндеген: "Ресейде өмiр жақсаратынына сенген адам қатты қателеседi".

Жолымбет МӘКIШЕВ, журналист