ЕКI ШЫҢҒЫС ӨНЕГЕСI ЖӘНЕ МӘҢГYРТТIК ҚАСIРЕТ

ЕКI ШЫҢҒЫС ӨНЕГЕСI ЖӘНЕ МӘҢГYРТТIК ҚАСIРЕТ

ЕКI ШЫҢҒЫС ӨНЕГЕСI ЖӘНЕ МӘҢГYРТТIК ҚАСIРЕТ
ашық дереккөзі

Екi Шыңғыс ғұмыр кештi мына ұмытшақ ғаламда,

Екi дара iз қалдырды олар елге, заманға.

Екеуi де дарынымен, жалынымен лаулады,

Бiрi қылыш, найза кезеп, бiрi рухпен баурады.

Екеуi де сан миллион адамдарды жаулады,

Екеуiн де еске сақтап қалды қырғыз таулары.

Оның бiрi – даңқ көгiне зорлығымен тырмысқан,

Жарты әлемдi қан қақсатқан бас қолбасшы Шыңғыс хан.

Екiншiсi – қару еткен рухи-намыс қанатын,

Қара күшке қарсы қойған адамдықтың санатын,

Әр жүректiң айдынында iзгiлiк боп жанатын,

Жаңа Манас – ұлы Шыңғыс Айтматов болатын…

Ол көтерген мәңгүрттену мәселесiн алалық,

Неге қазiр сол қасiрет емес мұңлы жаңалық?

Бұл ғасырда мәңгүрт болу тiптi бақыт саналып,

Нақ бiр қажет игiлiктей жатыр жұртқа таралып.

Қалың елдi осы iндеттен сақтандыру мүмкiн бе?

Үш-төрт қазақ, қырғызыңның бiрi мәңгүрт бұл күнде.

Ұлттың жеткен жерi осы ма қанша ғасыр жол жүрiп?

Мәңгүрт емес басшы көрсе таң қалатын болды жұрт.

Тiл – ұлы Ана, өз анасын менсiнбеудiң мұңы бар,

Кiнәлiлер сөзсiз оның кие-күшiн ұғынар…

Қаптап кеттi өлкемiзде әңгүдiктер – әңгүрттер,

Тiлiн, рухын сүймегеннiң барлығы да мәңгүрттер.

Бұл бағытпен мүмкiн бе ертең ұлттың ұлт боп қалмағы?

Мiне, Айтматов ойларының салмағы мен толғағы…

P.S. Сенi өлдi деп кiм айтады Шыңғыс аға, Шың-аға,

Әр шығармаң қайталанбас жеке, ұлы мұнара.

Жетiншi рух түйсiгiнiң жотасынан жағар от,

Сендей дос жоқ мен сорлыға, сенен жақын аға жоқ.

Көз жұмуың ұлғайтқанмен жүрегiмнiң жарасын,

Тынбай жалғай бересiң сен ел мен елдiң арасын.

Иә, екiншi Манассың сен, Манаспен тең данасың.

Күнде рухпен, сөзбен емдеп мәңгүрттердiң санасын

Және Ана-табиғатпен тауып мәңгi жарасым,

Ендi Алатаудан да зор ШЫҢҒЫС-ТАУ боп қаласың!

М. Шаханов