Жаңалықтар

ҚЫТАЙ ЦИРКI — ҚАЗАҚСТАНДА

ашық дереккөзі

ҚЫТАЙ ЦИРКI — ҚАЗАҚСТАНДА

Астананың 10 жылдық мерейтойына орай Қазкоммерцбанкi керемет сый дайындауда. Жақын күндерi Астана және Алматы тұрғындары Қытай циркiнiң акробатикалық Зуни трупасының өнерiн тамашалай алады. Қойылым 3 шiлде күнi Астана циркiнде, 5 шiлде күнi Алатау баурайындағы Республика сарайында өтедi.

Қытай циркiнiң құпия мен сырға толы тарихы тереңде жатыр. Бұл циркте ежелгi мәдениет пен терең философия үйлесiм тапқан сан түрлi қойылымдар көрермен қауымды таңқалдырмай қоймас. Цирктiң ерекше қыры-бұл эквилибристика жанры яғни, акробатика. Зуни акробатикалық трупасы 1958 жылы дүниеге келдi.Алғашында трупа Пекиндiк жұлдыздар циркi деп аталған. Бұл трупа негiзiн қалаған күннен бастап-ақ халықтың ықыласына бөленiп, көптеген марапатқа ие болды. Атап айтқанда, Қытайдың үшiншi халықаралық Wugiao акробатикалық фестивалiнде "Алтын арыстан", итальялық акробатика мен атта шабу өнерiнiң бiрiншi фестивалiнде күмiс жұлдыз, төртiншi Ұлттық акробатикалық байқауда "Алтын арыстан" т.б жүлелерге ие болды. Сонымен қатар аталмыш трупаның Қытайда ғана емес, Азия, Америка, Европаның 40-қа жуық мемелекеттерiнде өнер көрсетуiне жол ашылды.

Қытай циркi әлемдегi ежелгi цирктердiң бiрi. Сондай-ақ, бұл цирк мыңжылдықтар бойы өз дәстүрiн сақтап келедi. Бiрнеше жанрда өнер көрсетiп жүрген цирктiң әр қойлымының өзiндiк ерешелiктерi бар. Мәселен,стақандағы ұзын таяқшаларда айналатын танымал тәрелкелер күндi бейнелесе,ал әртiс көрермен мен күн арасындағы байланыс iспеттес.

Батыстық цирктерде үлкендер балаларға өнер көрсетсе, Қытай циркiнде керiсiнше, балалар үлкендердi таңқалдырады. Себебi, мұндағы әртiстердiң жас мөлшерi – 12 мен 23 жас аралығында.

Әр қойылымы көтерiңкi көңiл күй сыйлайтын Қытай циркiнiң өнерiн тамашалауға асығайық.

Әйгерiм Досымова