Жаңалықтар

Грекиядағы дағдарыс 50 мың туристтің елден кетуіне себеп болды

ашық дереккөзі

Грекиядағы дағдарыс 50 мың туристтің елден кетуіне себеп болды

Грекия туристік мекемесінің хабарлауынша, елдегі экономикалық жағдай осы күйінде қала берсе, бұл еңбек нарығына ауыр соққы болады. Себебі, туризм елдің ішкі жалпы өніміне тікелей әсер етеді екен.

Экономикалық тоқырау жалпы халықты ғана емес, туристерді де тығырыққа тіреді. Банктік картамен төлем жүргізу және картадан ақша алу мүмкіндігі қиындай түсті. Қазір жұрт күніне тек 60 еуро ғана шеше алады. Бұл шектеудің туристерге қатысы болмаса да кері әсерін тигізуде. Сонымен қатар гректердің өзінде де дағдарыс салдарынан демалуға ақша аз бөліп жатыр. Одан бөлек, мамандар төлемдегі кедергілер кесірінен мейрамханаларға азық-түлік тасымалдауда қиындықтар туады деп отыр. Айта кетейік, Грекия техникалық дефолтқа жол берді. Дегенмен қаржылық тоқырауды болдырмау үшін бірқатар шараларды қабылдауға келісті. Оның бірі салықтық реформаларды жүргізіп, азаматтарды зейнетке 67 жастан жіберу екен.