Жаңалықтар

" Менiң Отаным – Қазақстан "

ашық дереккөзі

" Менiң Отаным – Қазақстан "

Былтырғы жылдан бастап 4-маусым Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк рәмiздер күнi мерекесi деп белгiлендi. Заңды күшiне толық енген рәмiздер күнiне орай бүгiнде қуанышқа толы мереке республикамыздың барлық аймағында тойланып жатыр.

"Family" саябағында рәмiздер мерекесi қарсаңында Елордамыз Астананың- 10 жылдығына арналған "Менiң Отаным – Қазақстан" Республикалық жастар акциясының ресми ашылуы болды. Аталмыш акция аясында Алматы жастарының көлiк шеруi және жастардың Гала-фестивалi iс-шаралары өткiзiлдi. Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк хатшысы Қанат Бекмұрзаұлы Саудабаев, Алматы қаласының әкiмi Ахметжан Смағұлұлы Есiмов, Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк туының авторы Шәкен Оңласынұлы Ниязбеков арнайы келiп құттықтады. Мереке ары қарай Қазақстан эстрада жұлдыздарының концерттiк бағдарламасымен жалғасты.

Манар ӘЛИЕВА