Жаңалықтар

ТАҒДЫРМЕН ОЙНАУҒА БОЛА МА?

ашық дереккөзі

ТАҒДЫРМЕН ОЙНАУҒА БОЛА МА?

Бiздiң жағдайымыз мүшкiл болып тұр. Өмiр бойғы арманымызға ендi қолымыз жете бергенде, жағдайымыз күрт өзгерiп шыға келдi. Жеке шаңырақ, өз баспанаңа ие болу – кез-келген адамның алға қойған ең үлкен арманы болса керек. "Үй болмай, күй болмайды" деп қазақ тегiн айтпаған.

Үйлi болуымызға аз ғана қалып едi… Кейiнгi кезде қалыптасқан жаман әдет буынып-түйiнiп көшуге дайын отырған бiздiң көңiлiмiздi су сепкендей басты. "Атамекен Құрылыс" ЖШС салып бiтiрiп қалған бiздiң тұрғын-үйiмiз аяқ-астынан бұзылатын болып тұр.

"Бес тұлға" кешенiн сала бастаған бұл құрылыс компаниясы өз жұмысын жап-жақсы жүргiзiп келе жатқан едi. Үлесшiлер ретiнде бiз де өз қаржымызды аяғанымыз жоқ. Екi жыл бойы екi жақ бiр-бiрiмен жақсы тiл табысып, жұмыс қарқынды түрде жүрiп келдi. Бiрақ, арманға қол созым жер қалғанда бәрi бүлiнiп отыр.

Осы күнге дейiн үн-түнсiз келген айналадағы жұрт аяқ-астынан оянып кетiп, үдере көтерiлгендей болды. Оған не себеп болды екен? Түсiнiктi тiлмен айтқанда, былай болып тұр:

Салынып бiтiп қалған көпқабатты тұрғын үй айналасындағы көршiлерiне кедергi келтiретiн болып шықты. Оларға жеке өкпемiз жоқ, бiрақ олар баяғыдан берi қайда қараған? Бiз ендi көшiп келгелi жатқанда, сотқа шағым айтып iс қозғатып, бiткен үйдi бұздыратын болды. Кiмге не пайда түстi екен? Бұл жерге тұрғын үй салуға болмайтын болса, екi-үш жылдан берi тиiстi орындар қайда қарап отырған? Жауапты басшыларды орнынан алып тастау мiндет емес. Онымен бiздiң жағдайымыз жақсарып кетпейдi. Бiзге үй қажет. Оны бiзге ендi кiм бередi? Қашан? Мәселе сонда болып тұр. Жалпы, тұрғын үйдi бiз ақша жасау үшiн салып, қайтадан бұзып тастаймыз ба? Адам тағдырымен ойнауға бола ма екен? Бiр сәт жүректiң темiрден жаралмағанын да ойлайық та…

Көпшiлiк үлесшiлер атынан:

Роза Мәмиева, Ирина Петрушина, Бибiгүл Сәдуова, Ольга Крушеницкая және басқалар.