Жаңалықтар

НЫСАНОВТЫ НЫСАНАҒА АЛҒАН КIМ? НЕМЕСЕ ОҢТҮСТIКТЕ "НҰР ОТАНҒА" ҰСТАЗДАР НЕГЕ НАРАЗЫ?

ашық дереккөзі

НЫСАНОВТЫ НЫСАНАҒА АЛҒАН КIМ? НЕМЕСЕ ОҢТҮСТIКТЕ "НҰР ОТАНҒА" ҰСТАЗДАР НЕГЕ НАРАЗЫ?

Шымкент қаласының бiлiм беру бөлiмiн сыбайлас жемқорлық қаншалықты жайлағанын құзырлы органдар анықтай жатар. Онсыз да жас ұрпаққа тәрбие беретiн ұстаздарды жаппай қаралау науқаны Шымкентте толастар емес.

Осыдан бiрнеше ай бұрын Шымкенттен шу шықты. Бiлiм саласында орын алған келеңсiздiктермен табанды күрес жүргiзбек болған Қалалық бiлiм беру бөлiмiнiң меңгерушiсi Ғабит Нысанов "жемқорлыққа белшесiнен батқан" болып шықты. Бұл жайында "Нұр Отан" ХДП Шымкент қалалық филиалының Саяси кеңесiнiң бюросы мен осы партияның сыбайлас жемқорлықпен күресетiн қоғамдық кеңесiнiң қаулысында нақты айыптар тағылды.

Дегемен Нысанов өзiне тағылған айыптардың негiзсiз екендiгiн нақты фактiлермен дәлелдеуге тырысады. Өйткенi мектептерде балалардан ақша жинау жөнiндегi келеңсiздiктерге өзiн кiнәлiмiн деп санамайды.

Ол Қалалық бiлiм беру бөлiмiнiң меңгерушiсi болып тұрғанда өзiнiң №Ө-38 21.04.2008ж. бұйрығында "Қазақстан Республикасындағы "Бiлiм туралы" Заңының 62 бабы, 2,3 тармақтарының негiзiнде жалпы бiлiм беру ұйымдарындағы бiрiншi басшылардың ата-аналардан және педагог қызметкерлерден ақша жинауына қатаң түрде тыйым салынсын" делiнген.

Ғабит Нысановты "коррупционер" етiп айыптаудың түбiнде айсберг секiлдi көзге көрiнбейтiн саяси ойындар жатқандығын да жасыруға болмайды. Шымкенттегi осы жайға байланысты саясат ауылында жүргендер кешегi қалалық және облыстық маслихатқа үмiткер ретiнде тiркелiп өте алмай қалған адамдардың Нысановты нысанаға алып, аяқтан шалуы деп те топшылайды. Ұстаздар сайлау кезiнде өте ықпалды саяси күш екендiгiнде дау жоқ.

Қазiргi кезде бұрынғы қалалық бiлiм беру меңгерушiсi Ғабит Нысановты айыптаған "Нұр Отан" партиясына наразы болып, партия мүшелiгiнен шығуға ұйғарған ұстаздар қауымы көбейiп жатыр. Мәселен, №77 А.Асқаров атындағы орта мектептiң 34 азаматы "бiлiм саласы қызметкерлерiнiң арасында "Нұр Отан" партиясының шешiмiмен басшылар орнынан алынады" деген қауесет сөздер таралып, қалыпты жұмыс жасауға кедергi болуда. Сондықтан бiздер "Нұр Отан" Халықтық Демкоратиялық партия мүшелiгiнен шығуға ұйғардық" деген "Нұр Отан" ХДП төрағасының бiрiншi орынбасары Ә.Жақсыбековке, Оңтүстiк Қазақстан облыстық "Нұр Отан" ХДП төрағасы Н.Әшiмовке жазған хаттарында. Тек бiр ғана мектеп ұжымы ғана мұндай шешiмге келiп отырмағаны байқалады.

"…Соңғы кездерi Шымкент қалалық "Нұр Отан" ХДП-ның филиалы бiлiм беру саласына тағып отырған айыптары дұрыс деп есептеймiз. Себебi, бiлiм саласы айқай-шудың, арыздасатын, соттасатын жер емес" — деген №66 "Қазығұрт" орта мектебiндегi 11 "Нұр Отан" ХДП мүшесi. Осылай "Нұр Отан" партиясына наразылығын бiлдiрген мектептер жеткiлiктi. Солардың қатарында №64 мектеп гимназиясы, Сыпатаев атындағы мектеп, №72, №13, №34 мектеп ұйымдары бар.

Нысанов қызметке келмей тұрып орын алған бiлiм саласындағы былықтарға жауап беруге тиiс пе деген заңды сұрақ туады.

Қазiргi уақытта Нысанов сот арқылы өзiнiң ақ екендiгiн дәлелдеуге ұмтылуда. Дегенмен, ұстаздар мен "Нұр Отан" партиясы арасындағы теке-тiрес немен аяқталатыны түсiнiксiз.

Балтабек ТYЙЕТАЕВ