HOMEBANK.KZ ЖӘНЕ CALL-CENTERДIҢ ЖАҢА ҚЫЗМЕТI
HOMEBANK.KZ ЖӘНЕ CALL-CENTERДIҢ ЖАҢА ҚЫЗМЕТI
Жекелеген қызмет түрлерiн ұсынатын кез келген банк үшiн жоғары сапалы қызмет көрсету бәсекелестiк нарығындағы банк артықшылықтарының бiрi болып табылады. Ал қазiргi заманға сай ақпараттық-коммуникациялық техналогияларды енгiзбей клиенттердi жоғары сапалы қызметпен қамтамасыз ету мүмкiн емес. Сол себептi Казкоммерцбанк 2008 жылы мамырдың 14-i күнi өткен баспасөз маслихатында қаржы саласындағы инновациялық технологиялар — Homebank.kz және Call-center функцияларының қызмет түрлерiнiң кеңейгендiгi туралы мәлiмдедi.
Казкоммерцбанктiң басқарушы директоры Ермек Шамұратовтың айтуынша, 1991 жылы қаланған айтулы банктiң бүгiнгi күнi актив көлемi, қарыз қаржының мөлшерi таза кiрiсiне және депозит саны бойынша Қазақстандағы ең iрi жеке қаржы институттарының бiрi болып табылады. 2008 жылдың 1-шi ақпанындағы жағдай бойынша банктiң айналымда 913 мың картасы бар. Ал банкоматтар желiсi 730 құрылғыдан тұрады. Банктiң процессингтiк орталығы 229 интернет-дүңгiршек және 6800 POS- терминалмен жұмыс iстейдi. Банктiк шоттарды интернет арқылы басқару, яғни интернет-банкинг жүйесi арқылы телефон және қалта телефоны қызметiн, коммуналдық шоттарды, салымдарды төлеуге, сондай-ақ депозит ашып, оны толықтруға, жеке карт-шоттарыңыздың iшiнде ақша аударуға, жеке шот бойынша кез келген уақыт аралықтағы барлық банктiк операцияларды қадағалап жүруге мүмкiндiк бар. Интернет-банкинг қызметiн өз клиенттерiне алғашқылардың бiрi болып ұсынған Қазақстандық банктердiң бiрi – Казкоммецбанк 2000 жылы Homebank.kz – қаржы пор¬талын iске қосты. Жақын күндерi портал Электрондық Сандық Қолтаңба енгiздi. ЭСҚ кiлтiнiң көмегiмен клиент банк бөлiмшелерiнде көрсетiлген кез-келген банктiк операцияларды Homebankте жүзеге асыра алады. ЭСҚ-клиент өз қолымен қойған қолтаңбаның үлгiсi. Электрондық құжаттың заңды күшi сақталады. Оған қол қойылып, мөр басылады. Сондай-ақ, Homebank.kz өз клиенттерiне жақын күндерi "Консьерж" қызметiн ұсынатындықтарын ескерттi. Консьерж портал пайдаланушыларына кино билеттерiн, талғамына сай гүлге тапсырыс беру, саяхат ұйымдастыру сияқты қызметтерге тапсырыс беруге көмектеседi. Интернет-банкингте қызмет түрлерiнiң көбеюi, сондай-ақ, енгiзiлген жаңа технологиялар Homebank.kz – қаржы порталының пайдаланушыларына көптеген проблемаларды үйден шықпай-ақ шешiп, қазiргi заман адамдарына уақыттарын үнемдеуге көп көмектеседi. Казкоммерцбанктiң Қазақстан бойынша географиясы кеңейтiлiп, жекелеген қызмет түрлерi көбейiп, клиенттiк базасы ұлғайғандықтан өз қызмет түрлерiн көбейтiп, жаңа технологиялар енгiзiп Call-center жүйесiн пайдалануға бердi. Call-Centerдiң жаңа жүйесi тәулiгiне 24 сағат, аптасына 7 күн үзiлiссiз жұмыс жасайды. Клиенттер Call-Centerдiң телефон номерiне хабарласып өзiнiң жеке анықтамалық ақпаратын депозиттер, несиелеу, сейфтiк қызыметтер, шоттар мен түбiртектер, ақша аудару, таривтер, банкомат желiсi туралы ақпараттар ала алады. Сонымен қатар, Call-Centerдiң электрондық поштасына хабарлама жiберу, банктiң интернет форумында пiкiрiңiздi қалдыру және керек уақытта ақпаратпен алмасу, сондай-ақ телефон арқылы GoCard несие-бонус картрасын аша алады.
Пресс-конференция соңында Callo-Centerдiң жетекшiсi Пак Константин Казкоммерцбанк-тiң Call-Centeriн аралап, оның жұмысымен толық таныстырды.
Манар ӘЛИЕВА