ШЫНЫҚСАҢ, ШЫМЫР БОЛАСЫҢ

ШЫНЫҚСАҢ, ШЫМЫР БОЛАСЫҢ

ШЫНЫҚСАҢ, ШЫМЫР БОЛАСЫҢ
ашық дереккөзі

Усть-Талов елдiмекенiнде орналасқан спорт-сауықтыру кешенiнде "Қазақмыс" корпорациясының шығыс бөлiмiнiң тау-кеншiлер мен байытушылар арасында футбол мен волейболдан жарыс болып өттi.

Спорт саласына ерекше көңiл бөлiп келе жатқан корпорация қызметкерлерi жарыс өткiзудi дәстүрге айналдырғанына бiраз уақыт. Жеке-жеке топқа бөлiнiп ойнағанда нағыз шебер ойыншының өнерiн көрсетедi. Жарыстың беташарын мiндеттi түрде елiмiздiң әнұранымен ашатын спортсүйерлер жиналған қауымды бiр серпiлтiп тастайды. Осындай демалыс орнынан табылатын "Қазақмыс" корпорациясының қызметкерлерi, айталық, жалпы әлеуметтiк мәселе жөнiндегi директор орынбасары Виктор Геберт, аймақтық жастар одағының төрағасы Оксана Резник, "Қазақмыс" корпорациясы ЖШС Жастар одағының төрағасы Сергей Тысевич, әлеуметтiк сала бөлiмiндегi бас маман Борис Паршиндер болды.

Қай кезде де, Шығыс Қазақстандағы мыс-химиялық комбинаты ұжымы спорт десе iшкен асын қойып келедi. Себебi, дәл осы жерден бой көтерген Спорт сарайы кәсiпорын қызметкерлерiнiң бастамасымен салынды. Мұнда бокс, волейбол, армрестлинг, шахмат, баскетбол, жеңiл атлетика, штанга мен теннис ойнайтын арнайы зал қызмет көрсетiп келедi. Ал даладағы жап-жасыл алаңда футболшылар көктем келгеннен бастап, алғашқы қар түскенге дейiн доп қуалайды. Қыс қырауланып, қаһарына мiнген кезде спортшылар шаңғы теуiп жарысқа түсетiн. Тiптi заманның қиын-қыстау кезеңiнде де спорттық және медициналық мекеменi сақтап қалған мыс-химиялық комбинаты ұжымы күнi бүгiнге дейiн осы үрдiстен еш жаңылған емес. Осы аймақта "Қазақмыс" корпорациясының бөлiмi iске қосылғалы берi кен орындары мен фабрикаларды орнына келтiрумен бiрге әлеуметтiк салаға қаржы бөлуден аянған жоқ. Нәтижесi айтуға тұрарлықтай. Неге десеңiз, бүгiнде бұл елдiмекен қашан да думанды басқосуға толы. Басқа аудан төңiрегiнен, республикалық аймақтан келетiн спортшы-қызметкерлер түрлi жарыстарға қатысып, бақ сынасып жатады. Мәселен, "Қазақмыс", "Қазцинк", "Испат-кармет" атлеттерi қатысқан металлургтердiң республикалық жарысы да өзiнше есте қаларлық ойын болды.

Спорт кешенiнде күн сайын дене шынықтырып, түрлi спорт ойындарымен шұғылданатындардың санатында балалар мен жасөспiрiмдер де бар. Ал 300-ден астам усталовтықтар спорт шеберлiгiн шыңдау үшiн арнайы уақыт тауып келедi. Оларға берiлетiн он секциялы сабақ тегiн. Демек, салауатты өмiр жолын таңдау баспалдағы маскүнемдiк пен нашақорлыққа қарсы тұра алады деген сөз. Бiр қызығы, бұл кешенге үнемi бас сұғатындардың iшiнде 1932 жылы туылған Алексей ақсақал да бар. Өзiнiң жас ерекшелiгiне қарамастан жастармен бiрге футбол ойнайтын Алексей ата доппен 1960 жылдардан берi дос екен. Бәрi де қара жұмыс күштерi. Бiрi электрик, бiрi слесарь, ендiгi бiрi шофер… Күнделiктi жұмыста қалай болса, ойында да сондай тиянақтылықты, шеберлiктi паш еттi. Жезкенттiк ГОКа-ның жерасты машинистi М.Сейсембаев, Белаусовтiк ГОКа-ның шеберi Д.Айтқұжинов, өткiзушi Е.Мұхаметжанов, слесарь Д.Мариловтер жанкүйерлердiң ыстық ықыласына бөленiп, осынау бiр көктемнiң шуақты күндерiн жиi еске салатын бағалы сыйлықтар тарту етiлдi. Ал жаңбырлы күн астында өткен футбол да өз қызығымен есте қалды. Ойынды бастаған соң аяқтауға бел буған футболшылардың қызуқанды ұмтылысынан ақша бұлттар да жан-жаққа тарап, күн шайдай ашылды. Жеңiс тұғырына белоустiк футболшылар көтерiлiп, бағалы сыйлықтармен марапатталды.

Әлбетте, "Қазақмыс" корпорациясы жалпы саясатының негiзгi бөлiгiн спортқа аса ден қоюымен байланыстырады. Салауатты өмiр салтын ұстануды жолға қойған корпорация басшылары осы уақытқа дейiн бiрталай жарыс пен сайыстың куәсi болып, ерекше мақтанышқа бөлендi. Мәселен, Усть-Талов спорт кешенiнде жаттыққан Павел Колтунов 2000 жылы Әлем чемпионатында армрестлинг бойынша алтын медальға ие болса, Галина Ершова осы спорт түрiнен Әлем чемпионатында, Азиялық ойындарда топ жарды.

Ал сәуiр айының соңында Қарағанды литей-механикалық зауытының спорт алаңы мен "Шахтер" орталық алаңында "Қазақмыс" корпорациясының қарағандылық бөлiмiнiң өндiрiстiк ұжымы арасында волейбол мен футболдан жарыс өттi. Ауа-райының құбылып тұрғаны ешбiр ойыншыға әсер етпедi. Алғашқы жарыс көркiн волейболшылар қыздырды. Топар елдiмекенiнiң КарГРЭС-2 тобы, Қарағанды литейлiк-механикалық зауыты (КЛМЗ), "Қарағандыцветмет"өндiрiстiк бiрлестiгi, "Борлы" көмiр департаментi топтары тамаша ойын сыйлап, қорытындысында "Қорғау қызметi" тобы жеңiске жеттi. Үшiншi орынды Қарағайлы кен-байыту фабрикасы иемденiп, дауыс беру арқылы бiрнеше топ мүшесi мен жаттықтырушылардың аты аталды. Оларға мақтау қағазы мен күнделiктi тұрмысқа қажеттi құнды сыйлықтар тапсырылды.

Ойынның көкесi "Шахтер" алаңындағы футболда өтiп жатыр едi. Бұл жарыста қимыл-қозғалысты жетiк меңгерген "Қазақмыс" бiратаулы көмiр бөлiгi өндiрiлетiн шағын ғана "Қуiшек" ауылының футболшылары биiктен көрiндi. Өйткенi, бұл топ облыс аймағында талай жарысқа қатысып, жүлделi орындарға ие болған. Екiншi орынды — КазГРЭС-2, үшiншi орынды — КЛМЗ тобы еншiледi. Марапаттау рәсiмiн корпорацияның Қарағанды бөлiмi Жастар одағының хатшысы Айнур Шутикова мен "Нұрқазған" кен орнының кәсiподақ бiрлестiгiнiң төрғасы Мырзағали Өмiралиев табыстады.

"Қазақмыс" корпорациясының Жастар одағы корпорациясының төрағасы Сергей Тысевич: "Мақсат — еңбеккерлердiң денсаулығын сауықтыру, денешынықтыруға деген көңiлiн аулау арқылы еңбек қауiпсiздiгiн сақтау. Осындай жарыстарды дәстүрлi түрде өткiзiп тұруға байланысты "Қазақмыс" корпорациясының басқарма төрағасы Эдуард Огайдың бұйрығын барша қауымға жеткiздi. Бұдан былай жарыстың саны да жыл сайын көбейiп, "Қазақмыстың" Қарағанды, Жезқазған, Балқаш, Сәтпаев, Өскемен аймағында жиi өткiзiлетiн шахматтан, үстелдiк және үлкен теннистен, тоғыз құмалақтан да сайыстар ұйымдастыру жағы көзделiп отыр. Ал жеңiмпаздардың ақтық ойыны 19-23 мамырда Сатпаев қаласындағы атақты спорт кешенiнде өтпек.

Динара МЫҢЖАСАРҚЫЗЫ