АЛТЫН, КYМIС АСЫЛ ТАС

АЛТЫН, КYМIС АСЫЛ ТАС

АЛТЫН, КYМIС АСЫЛ ТАС
ашық дереккөзі

Оңтүстiк астанада"Ару Алматы — 2008" халықаралық зергерлiк бұйымдар көрмесi өткiзiлдi. Бұл бүгiнде тек Қазақстанда ғана емес, сондай-ақ Орта Азиядағы үлкен халықаралық деңгейдегi бiрден-бiр жоба.

Осымен 5-шi рет өткiзiлiп отырған шараға Ресей, Украина, Түркия, Үндiстан, Оңтүстiк Корея, Қазақстан елдерiнде зергерлiк бұйымдар жасайтын компаниялар қатысып, алтын, күмiс және платинамен көмкерiлген бағалы және жартылай бағалы тастардан жасалған әшекейлер, сағаттар, бижутерия,ас үй ыдысы, кәдесыйлар және тағы басқа да өнiмдерiн көпшiлiк назарында ұсынды. Көрменiң былтырғыдай зергерлiк бұйымдармен ат басын тiреген Италия мемлекетiнiң "Ferdinando Bucci", "Мisis", "Zudo", "Roos", "Eurasia "Gioielli", "Asterix" компаниялары түрлi стильдер мен зергерлiк дизайнның классикадан авангардқа дейiнгi бағыттарын ұсынды. Сонымен қоса итальяндықтар көрме барысында елiмiзде сауда өкiлдектерiн ашуды жоспарлап келiптi.

Бiр айта кетерлiгi, елiмiздiң төрiнде өткiзiлген отандық "Жемчужина", "Қазақстан монета сарайы", "Алтын үй", "Скирда", "Kazakhstani Jewellry Manufactoru" компаниялары мен "Әдемi-ай" өнер салоны қатысты. 3 күндiк көрме барысында байқағанымыз Алматы қаласынан келген "Әдемi-Ай" өнер салонынан басқа отандық компанияларымыз түрлi батыстық үлгiдегi сырға, сақиналары мен кәдесыйды көпшiлiк назарына ұсынғанда, қазақтың көне салт-дәстүрiнде жасалған сырға, шашбау сынды ұлттық нақышта әзiрленген дүниелердi ұмытып кетсе керек.

Ал "Әдемi-Ай" салонына келер болсақ, оның заттары тек қана тарихтағы көне жәдiгерлер, елiмiздiң рәмiзiне айналған "Тәуелсiздiк", "Сүйiншi" монументтерi мен "Барыс", "Райымбек батырдың" мүсiндерi, Астана символы "Бәйтерек", ұлттық ойынның "Асық" кәдесыйлары мен қазақтың қара домбырасы күмiс бiлезiк, шолпы-шашбау, бұрынырақ қыз-келiншек камзолдарына таққан қапсырма және тағы да басқа әшекей бұйымдары қойылған.

Сонымен қатар, елiмiздегi ұлттық нақышта киiнiп, ұлттық әндердi орындаушы әншiлердiң көбiсiне әшекейлiк бұйымдарды таңдап алуды осы "Әдемi-Ай" компаниясы көмекке жүгiнедi. Бүгiнде олардың көбiсi осы орталыққа жиi келiп тұратын тұтынушыларына айналған. Мысалымен дәлелдей кетер болсақ, олар Айгүл Иманбаева, Қарақат Әбдiлдина тағысын тағылар.

Осындай ұлттық құндылықтарымызды тек тарихи кiтаптан оқып жүрген ұрпағымызға насихаттап, жеткiзiп отырған компания "Әдемi-Ай" атты этнографиялық мәдени, танымдық журнал да шығарады. Оның да мақсаты қазақ елiнiң көп ғасырлық салт-дәстүрiн жанғыртып, бүгiнгi жас ұрпақтың бойына ұлттық нақышты дарыту. Әдемi-Айдың директоры Баһаргүл Төлеген үш күндiк туралы ой бөлiстi: "Бiз осы көрмеге үшiншi жыл қатысып тұрмыз. Былтырғы жылмен биылғы жылы өткiзiлген көрменiң еш айырмашылғы жоқ. Алайда, қазақ елiнде, жерiнде өткiзiп жатқан соң, қазақтың ұлттық әшекей бұйымдарын көп қою керек едi. Себебi, бiз өз елiмiзде көрме өткiзу арқылы шетелдiң әшекейлерiн өзiмiзге жарнамаламай, қазақтың дүниелерiн өзге елдерге танытуды бiрiншi кезекке қою керек едi. Ал Қазақстанда кез келген жерде шетелдiң зергерлiк бұйымдары сатылады, ал қазақтың ұлттық бұйымдары басқа елдерде қалай көрсетiлiп жатыр деген сұраққа жауап табу да қиын шығар. Сонымен қоса, ұлттық нақыштағы кәдесый дамыса болар едi".

Шынымен, дүкендегi кәдесыйлардың басым денi Қытайдың "феншуйлары" мен, түрлi "құрбақалары", орыстың "матрешкасы" және тағы басқалар. Осы кезде қазақта кездейсоқ негiз болатын тарих барын естен шығармаған абзал.

Айнұр САНАБЕКҚЫЗЫ