Темiрғали КӨПБАЕВ: БАСПА АШЫП, БАЙЫП КЕТКЕН ҚАЗАҚТЫ КӨРГЕНIМ ЖОҚ

Газетiмiздiң өткен санында "Қазақ кiтабы тендерге телмiрiп отырғанда…" деген мақала жарық көрген болатын. Рухани азықтың қайнары, мәдениет пен әдебиеттiң құралы — кiтаптың таралуы мен насихат мәселелерi жөнiндегi әңгiмемiздi осы саланың маманымен жалғастырғанды жөн көрдiк. Баспа iсiнiң қыры мен сыры туралы толғанған "Қазығұрт" баспасының директоры Темiрғали Көпбаев көп әңгiменiң басын қайырды.

КНБ МҰРАҒАТЫНАН БЕЙIМБЕТТIҢ 90-ҒА ЖУЫҚ БЕЛГIСIЗ ӘҢГIМЕСI ТАБЫЛДЫ

– "Қазығұрт" баспасы туралы бiраз жылы лебiздердi естiп келемiз. Баспа iсiне қалай бет бұрдыңыз?

– Көптомдықтарды шығаруға бейiмделген "Қазығұрт" баспасы 2000 жылдан бастап жұмыс iстеп келедi. Совет Одағы кезiнде Мұхтар Әуезов пен Сәбит Мұқановтардың ғана көптомдықтары болды. 2000 жылы бiр кiсiлерден Қадыр Мырза-Әлiнiң көптомдығы дайын тұрғанын естiдiм. Сонда маған ой келдi: бiрiншiден, классиктердiң көмтомдықтарын шығару; екiншiден, болашақ зерттеушлiлер ақын-жазушының барша жазба мұрасын, ол мейлi хаттары, естелiктерi бола ма, әйтеуiр қағазға түскен ойларының бәрiн бiздiң кiтаптардан тапса деген. Бұл үшiн нысанаға алған әрбiр қаламгердiң мұрасын жан-жақты зерттеп, бiр жүйеге түсiрiп, ғылыми iзге айналдыру қажет болды. Зерттеушiлер үшiн бiз ақпарат көзi болуымыз керек едi. Кейiн бiз Сәкен, Iлияс, Бейiмбеттердiң көптомдығын құрастыруды қолға алғанда, "Олардың жазғанының бәрi бiрдей алтын емес қой, сондықтан үш томдықтарды арнасақ та жетедi" дегендер болды. Сонда мен оларға мынандай уәж айттым: "Қазiр орыс әдебиет зерттеушiлерi Лев Толстойдың шығармашылығы, хаттарын ғана емес, бiреуге жазған қолхаты мен сенiмхаттары сияқты оның қаламы түрткен әрбiр жапырақ қағазды зерттеп жатыр. Есениннiң кiммен хат алысқандығы зерттелiп, том-том болып шығып жатыр. Келешек әдебиет зерттеушiлерi үшiн бiздiң жинаған кiтаптарымыз қажет болар деген үмiтiмiз бар. Сәкен "Тар жол, тайғақ кешу" романының алғашқы нұсқасын 1927 жылы жазып, 1936 жылы оны қайта жазған, екiншi нұсқасының алғашқысынан айтарлықтай стилдiк, тiлдiк, мазмұндық ерекшелiктерi бар. Сәкен көптомдығының бiрiншi томына алғашқы осы романның алғашқы нұсқасын, ал соңғы томына екiншi нұсқасын бергелi отырмыз.

– Қазiр көптомдықтар бойынша мемлекеттiк тапсырысты орындап жүрсiз…

– Мемлекеттiк тапсырыс орындауға 2003 жылдан бастап көштiк. Өйткенi, көптомдық шығару деген қыруар шығынды талап етедi. Оған дейiн "мемлекеттiк тапсырыс" дегеннiң не екенiн бiлмейтiнбiз. 2002 жылы Сәкен, Iлияс, Бейiмбеттiң көптомдық жинақтарын шығаруды ойладым. 2004 жылы олардың 110 жылдық мерейтойы тойланатын болды. Мемлекеттiң қолдауы болмаса, олардың мұрасын зерттеп, жинақтаушылар жоқтың қасы. Үш арыстың алғашқы томдарын мың данадан баспа есебiнен шығарып, келесi жылы министрлiкке апарып, көрсеттiм. Ол кiтаптарды құрастыру үшiн бiраз ғылыми жұмыстар жасалды. Бейiмбеттiң КНБ-ның мұрағатында жатқан бұрын-соңды жарыққа шықпаған 90-ға жуық әңгiмесi табылды. Оларды араб қарпiнен кириллицаға түсiрдiк. Еңбегiмiз жанып, сол жылы үш арыстың жинағын шығару бiзге тапсырылды. Мiне, алтыншы жыл болды, осы уақытқа дейiн Сәкен мен Бейiмбеттiң жетiншi, Iлиястың сегiзiншi томы жарыққа шықты. Жалпы, Бейiмбеттiң шығармалар жинағы – он екi том, Iлияс пен Сәкендiкi он томдық болатын шығар. Шын мәнiнде, мемлекеттiк қолдау болмаса, бiз бұл жинақтарды шығара алмас едiк. Хамит Ерғалиевтiң, Тұрсынхан Әбдiрахманқызының, Оспанхан Әубәкiровтың, Асқар Сүлейменов, Шерхан Мұртазаның, Тұманбай Молдағалиевтiң көптомдықтары жарық көрдi. Әу баста бұл серияны "Мемлекеттiк сыйлықтың иегерлерi" деп атасақ та болады екен. Өйткенi, бiздiң авторларымыз бәрi Мемсыйлықтың лауреаттары екен. Олардың бәрi мемлекеттiк тапсырыспен шығып жатыр. Тек бiр жылға әрқайсысынан бiр-бiр том ғана бередi. Жылына қазiр бiз 50-60 кiтап шығарамыз. Соның iшiнде, мемлекеттiк тапсырыспен 10 кiтап қана шығады. Ал, Қадыр Мырза-Әлiнiң он алты томын шығардық, жалпы шығармалар жинағы — 32 том. Биыл тағы төрт томын дайындап жатырмыз. Сонымен жиырмаға жеткiземiз. Бiрақ ол кiсiнiң жинағы мемлекеттiң емес, демеушiлердiң есебiнен шығып жатыр.

КIТАП ТАРАТУ IСIН ӘЛI ҮЙЛЕСТIРЕ АЛМАЙ ОТЫРМЫЗ

– Кiтап шығару iсi қазiр қаншалықты тиiмдi? Материалдық тұрғыдан не пайдасы бар?

– Қазақстанда бiреу кiтап шығарып байып кеттi дегенге сенбеймiн. Кiтап қазiр — өтiмсiз тауар. Оны жеке саудаға шығарып, пайдасын тиындап құрай алмайсың.

– Мұныңызға дауым бар: егер кiтап шығару тиiмсiз болса, жеке адамдардың отбасылық кiтаптары, белгiсiз авторлардың "әңгiме жинақтары", шежiре т.с.с. кiтаптар түрлi-түстi суреттермен безендiрiлiп, ақ қағазға басылып, әсем қатталып шығып жатыр емес пе? Мұндай баспалар "жеке тапсырыспен" кiтап шығарып, ақша табудың басқа жолын тапқан сияқты…

– Бұрын әрбiр баспаның кiтап шығару саласында өзiндiк бағыты болған. Бiр баспа көркем әдебиеттi, бiр баспа балаларға арналған кiтаптарды шығаратын. Қазiр баспалардың көбi сол бағыттан тайқып кетi. Жаңағыдай кiтаптардың көбейiп кеткенi сондықтан. Олар сұранысты зерттеп, кiтаптарды сол бойынша шығарып жатыр ма, мәселе сонда. Бiрақ сұраныс бойынша шығарылған кiтаптардың өзi өтiмсiз. Бiздiң баспаның қоймасында үш жылдан берi жиырма бес миллион теңгенiң кiтабы жатыр. Бүкiл сауда орындарына шығарамыз, таратамыз — өтпейдi. Тағы бiр сорақылық — бiз кiтаптың ыстық-суығына төзiп, оның шыққан бағасына отыз пайыз үстеме қосамыз, ал сауда орындары түк бiтiрмей отырып-ақ кiтап құнына тағы отыз бес пайыз қосады. Не үшiн? Жетi жүз теңгеге шыққан кiтап бағасына үш жүз теңге қосып, мың теңгеден саудаға шығарсам, сауда орындары оны кемi мың үш жүз елу теңгеден сатуға қояды. Ондай қымбат кiтапты кiм алады?

– Өзiңiз де байқаған боларсыз, үлкен қалаларда, ең әуелi Алматының өзiнде iрi кiтап дүкендерi көптеп ашылып жатыр. Бiрақ олар негiзiнен шетелдiк кiтаптарды саудалайды. Ресей, Украина баспалары бiздiң сауатымызды ашу үшiн күн-түн демей жұмыс iстеп жатқан сияқты көрiнедi. Кiтап өтпейдi дейсiз, ал олардың қымбат кiтаптары неге сұранысқа ие? Шын мәнiнде, ресейлiк баспалар кiтаптың тауар екенiн дәлелдеп отыр ғой? Неге олардың кiтабы өтiмдi?

– Бұл тiлдiк ерекшелiкке байланысты. Орыстiлдi басылымдарды орыстiлдi тұтынушы пайдаланады, ал шын мәнiнде орыстiлдi тұтынушының саны да көп, құрамы да әркелкi. Орыстiлдi тұтынушыға қандай сала бойынша болса да, мейлi ол детектив, мейi "бестселлер" болсын, өткiзу оңай. Қазақ кiтаптарының өтпейтiндiгiнiң басты себебi — тұтынушысының аздығынан.

– Сұраныс бар да, ұсыныс жоқ шығар? Мысалы, қазақ тiлiнде медицина, компьютер, түрлi мамандықтар бойынша салалық кiтаптарды табу құстың сүтiн табудан қиын.

– Дәл сол кiтап қазақша болып шыққанда да, оның өтiмдiлiгi жоғары болатындығына күмәнiм бар. Орыстiлдi тұтынушының санын қазақтардың өздерi де көбейтiп отырғанын жоққа шығара алмайсыз. Бұл қазақ тiлiнiң қоғамдағы ролiнiң әлсiздiгiнен деп ойлаймын. Мысалы, жарнама бергенде де көбiне орыс тiлiндегi басылымдарға бередi, қазақ газеттерге неге аз жүгiнедi? Мен негiзiнен көркем әдебиет кiтаптарын айтып отырмын. Ол қымбат. Орыстың ұсынып отырған нәрсесiнiң көбiсi сапалы. Және ол тұтынушысының көптiгiне байланысты сатуға не шығарса да, өтiп кетедi. Баспагер ретiнде осы мәселенi бiраз ойландым. Қадыр Мырза-Әлiнiң "Жазмышын" орысша шығаруды ойладық. "Тарлан" сыйлығын алған бұл кiтаптың аналогы орыс әдебитiнде де жоқ. Фактiлермен жүйеленген, көп дерек жинақталған. Ол кiсiге барып ойымызды айттық, бiрақ Қадыр аға: "Бұл кiтапты орысшаға аудару мүмкiн емес" дедi. Өйткенi дерек көздiң бәрi орыс әдебиетiнен алынған. Қазақша жазылғанда, кейбiр тұстары өзгертiлген. "Оны орысша аударатын болсақ, орыс әдебиетiндегi барлық сiлтеменi табу мүмкiн емес" дедi. Осыдан кейiн балаларға арналған орысша кiтап шығаруды да ойладық, бiрақ олар Ресейден келiп жатқан кiтаптардың көлеңкесiнде қалып қояды екен. Тiптi "Аруна", "Балауса" шығарып жатқан кiтаптардың өзi бiртiндеп әрең өтiп жатқан жоқ па.

– Бұл ендi кiтап шығару емес, оны тарату мәселесiндегi түйткiлге байланысты шығар. Көп ата-аналар балалары оқитын қазақ тiлiндегi сапалы кiтап таппай шарқ ұрып жүргенiн өз көзiммен көрдiм.

– Мемлекеттiк тапсырыс әдетте тек екi мың тиражға берiледi. Республика бойынша мәдениет саласында мемлекет меншiгiндегi он екi мың кiтапхана бар. Бiз мемлекеттiк тапсырыспен шыққан кiтаптарды облыстық кiтапханаларға жеткiземiз, олар аудандық, одан кейiн ауылдық кiтапханаларға таратуы тиiс. Екi мың кiтапты он екi мың кiтапханаға бiр-бiрден таратқанның өзiнде, он мың кiтапханаға кiтап жетпейдi. Тiптi, жеткен күннiң өзiнде қазiр кiтапханаға барып, күн ұзақ сарылып, кiтап оқитын оқырман азайды. Кiтапханаға шын кiтапқұмарлар ғана барады. Шұғыл ақпараттың заманында өмiр сүрiп отырмыз, уақыт тығыз. Менiңше, кiтап таратудың басқаша жолы бар: облыстарда мемлекеттiк тапсырыспен шығатын кiтаптарды сататын дүкендер ашылса, оған мемлекет есебiнен жарық көрген барлық кiтаптар қойылса. Тым құрығанда, әр кiтаптың тиражын төрт мыңнан шығару керек. Әрине, ол дүкенге осы баспалардан жеке тапсырыспен шығып жатқан дүниелердi де қоюға болады. Мемтапсырыспен шығып жатқан кiтаптардың сексен пайызы мемлекеттiк тiлде жарық көредi. Бiрақ оларды ешкiм оқып жатқан жоқ. Бұрын бибколлектор деген қызмет болатын. Ол баспалардан жарық көретiн әрбiр кiтаптың тиражын анықтайды. Мысалы, баспаға кiтабын шығаруға келген автор облыстардағы бибколлекторға барады. Ол сұранысты зерттеп, ОҚО-на сегiз жүз дана кiтап керек деп тапсырыс бередi. Осылайша кiтап тиражын он бес-он алты мың тиражға жеткiзуге болады. Кiтап таратуды үйлестiрушiлер қызметiн қайта тiрiлту керек. Ал осы жүйемен жүре берсек, мемлекеттiк тапсырыспен шығып жатқан жақсы кiтаптарды келешек ұрпақ он бес-жиырма жылдан соң тек кiтапханалардан таба алады. Кiтапханаға екiнiң бiрi бармайды. Үйiнiң төрiнде домбыра iлулi тұрған баланың домбыраны тез үйренетiнi сияқты, түрлi кiтаптар самсап тұрған отбасындағы бала ғана уақытша қызыққа емес, рухани азыққа қарай ұмтылады.

– Менiң бiлуiмше, сол кiтапханаларға жеткiзiлiп жатқан кiтаптардың да оқырманын табуы күмәндi көрiнедi. Өйткенi, мемтапсырыспен шығып жатқан кейбiр кiтаптардың қара базарда сатылып жатқанын көргенiмiз бар.

– Бұл ненi бiлдiредi? Мемлекеттiк тапсырыс тек есеп беру үшiн пайдаланылып отыр деген сөз. Шындығын айтқанда, министрлiк кiтап тарату iсiн үйлестiре алмай отыр.

БАСПАГЕРЛЕРДIҢ БАСЫ БАҚАЙ ЕСЕППЕН ҚАТЫП ЖҮР

– Ресейдегi кiтап насихатының жыл сайын күшейiп, шарықтап дамып жатқанының себебiн iздеп көрейiкшi. Тоқсаныншы жылдардың ортасында-ақ, ресейлiк баспагерлер бас қосып, кiтап шығару iсiнiң барлық кiлтипанын ашық айтып, баспа iсiне қолбайлау болып тұрған түбегейлi мәселелердi Үкiмет алдына қойып отыруды әдетке айналдырды. Қауымдасып тiршiлiк еткен соң да, мемлекет олардың мәселесiне назар аударып, қамқорлық жасауға мәжбүр. Ал бiздiң баспагерлер жиналып жатыр дегендi әлi естiгенiмiз жоқ… Әркiм өзiмен өзi..

– Бiзде де қауымдастық құру туралы бiрталай ұсыныс жасалды. Тiптi министрлiк тарапынан да ұсыныс айтылды. Осыдан бiр-екi жыл бұрын баспагерлер қоғамын құруға деген бiраз талпыныс жасаған. Бiрақ бұл бастамалардың бәрi аяқсыз қалды. Неге? Өйткенi бiздегi баспа iсiнiң мамандары әрiптестiктен гөрi бәсекелестiкке бейiм сияқты. Өкiнiшке қарай, бәсекенiң өзiн басқаша түсiнедi. Егер әрiптестiкке құрылған iскерлiк болса, баспагерлер бiрiн-бiрi демеп, қолдап, бiрлесiп тiрлiк жасар едi. Бәсеке дегенiмiз — тауарыңды сапалы шығарып, рынокты әдiлдiкпен жаулау ғой. Бiрақ бiздегi бәсекелестiктiң бары — мемтапсырысты қалай басқалардан көбiрек алсам, ол үшiн көзiмдi кiмге сатып, кiмге сөзiмдi өткiзсем дегенге ғана тiреледi.

– Содан қазақ баспагерлерiнiң әлi басы қосылған жоқ…

– Қосылған жоқ. Былтыр мәдениет және ақпарат министрi Ертiсбаев баспагерлердi қабылдап: "Не түйткiлдерiң бар?" деп сұрады. Ал сол жиналыста баспагерлер тарапынан айтылған бiр ғана проблема "Тендер неге кеш өткiзiледi?" деген мәселе болды. Одан басқа сөз айтылған жоқ. Қазақтың баспагерлерiн өзiмшiлдiк, жалтақтық деген психология ақсатып жатыр. Шын мәнiнде, бiр баспа жақсы кiтап басып, оның аты шығып жатса, қуану керек. Өйткенi, сенiң қолыңнан келмегендi ол жасап жатыр ғой. Бiрақ оған қуанатындар сирек. Баспалардың басы бiрiкпейтiнi осындай мiнезден. Ал баспагерлер бас қосқанда тендерден басқа айтылатын проблема жоқ па не, сонда?

– Қағаз қымбаттап жатыр, қазақ баспаханасы жоқ деген сияқты…

– Баспахана мәселесi өзiнше проблема. Полиграфия негiзi өте тиiмдi бизнес. Бiрақ ол уақыттың ағымына iлесе отырып, жұмыс iстеуi керек. Мен Еуропа, Түркия баспаханаларын барып көрiп келдiм, өзiмiздiкiн де зерттеп жүрмiн. Бiр қызығы, бiздегi мықты баспаханалардың бәрi "ебекеңдердiң" қолында: "Эй-Пи-Эйч", "ИнтелСервис", "Эдельвейс" сияқты. Қазақ жiгiттерi баспахана iсiн ендi ғана қолға ала бастады. Баспахана өте тиiмдi бизнес болғанымен, жолы ашылып, тасы өрге домалауы қиын бизнес. Бiрiншiден, оның құрал-жабдықтары өте қымбат тұрады. Екiншiден, баспаханада жұмыс iстейтiн мамандардың қызметi өте қымбат. "Фотовывод" дейтiн қызмет иесi бар, еңбекақысына әкесiнiң құнын сұрайды. Ал үшiншiден, баспахана орналасатын мекен-жай керек. Қазақ баспаханаларының iшiнде "Полиграфкомбинаттың" жабдықтары бiртiндеп жақсарып келе жатыр. Баспахана iсiн жолға қоймай, дамыған елу елдiң қатарына қалай қосалатынымыз түсiнiксiз. Жоғарыда аталғандардан бөлек тағы бiр-екi баспахана бар. Бiрақ олардың тiрлiгi майда тiрлiк. Ескi-құсқы жабдықтарды жинап баспахана ашқан, кiтапты қолмен тiгедi, қолмен желiмдейдi. Оны жасап отырған адамдардың айлығын уақтылы бермейдi, шындығын айтқанда күндерiн әрең көрiп отыр. Қазаққа заман талабына сай жасақталған өз баспаханасы керек. Сонда бiз де сапалы, арзан кiтаптарды шығарамыз. Мен бiр жылдары баспахана ашуға бiраз талпыныс жасадым. "Мына "Эдельвейстердiң" тiрлiгiн бiз неге жасай алмаймыз?" деген ой қамшылады. Тiптi, "Полиграфкомбинаттың" өзi ол баспаханаларға iлесе алмайды. Мен бiлетiн жақсы баспаханалардың бәрi өзге ұлттың қолында. Он миллион долларға жабдық сатып алып, оны Астанаға қоятын болдық. Солтүстiктегiлер баспа өнiмдерiн әлi Алматыға әкелiп шығарады, Астанада әлi жаңа баспахана ашылған жоқ. Керемет жобалар жасадық, әттең, уәде берiлген жерден ақша түспей қалды.

– Кiтап шығарудың пайдасынан шығыны көп болса да, басқаша тиiмдiлiгi бар ма деймiн. Жоғарыда айтылған "отбасылық" кiтаптардың көбейiп кеткенi — соның дәлелi емес пе? Олардың бәрi қай ақшаға шығып жатыр? Олардың сапасы мен мазмұнына, идеясына кiм қадағалау жасап отыр? Бұрынғы жүйеде жарық көрген әрбiр кiтап "литоның" сүзгiсiнен өтушi едi. Соған тектес ұйымды құратын уақыт жеткен жоқ па?

– Мемлекеттiк тапсырыспен шығып жатқан кiтаптарға бiршама қадағалау бар, өйткенi, ол жерде мемлекеттiк комиссия жұмыс iстейдi. Десе де, сонда да кейбiр арзанқол дүниелер жарыққа шығып жатады. Ал жаңағыдай кiтаптарды шығарып отырған баспалар өзiнiң күн көрiсi үшiн ғана отыр деп ойлаймын. Қазақтың арасында баспа ашып, байып кеткен ешкiм жоқ, әйтеуiр жан бағу ғана. Бәрi де сондай. Бұл мәселенi ең әуелi баспагерлердiң, баспа директорынының арына салу керек. Осы тұрғыдан ғана шешiледi. "Литоны" кезiнде цензура деп жерден алып, жерге салдық. Мемлекеттiк ұйым баспаларда дайындалып жатқан барлық кiтаптарды сүзiп, сәл "томпақтау" тұсы болса, "кесiп" алып тастайтын. Менiңше, кейбiр баспалардың не болса соны шығаратындығы — белгiлi бiр бағыт алмағандығынан деп ойлаймын. Кезiнде "Қазақ университетi" баспасында iстеп жүргенде маған бiр кiтапқа редактор болуға ұсыныс жасады. Ол кiтапты оқып шықтым да, Кәдiрбек аға Сегiзбаевқа бардым. "Мынау дегенiңiз бiрiншi-екiншi сыныптағы баланың жазуы сияқты шатпақ, мен бұл кiтапқа редактор бола алмаймын, тiптi оның жарыққа шығуына да қарсымын" дедiм. Кейiн сол кiтап шықты ма, жоқ па — бiлмеймiн. Ал "Қазығұртты" ашқанда, бiз баспа жанынан "Консультативтi кеңес" құрдық. Оның iшiнде марқұм Зейнолла Қабдолов, Зәки Ахметов, Шерхан Мұртаза, Қадыр Мырза-Әлi ағаларымыз болды. Оны не үшiн құрдық? Баспадан шығатын кiтаптарға сараптау жасап, сол бағытта жасалатын ғылыми жұмыстарға бағыт берсiн дедiк. Зәкеңе (Қабдолов) талай хабарласып: «Мынандай көптомдық шығаруға ұсыныс бар, ол туралы пiкiрiңiздi жазып берiңiз?!» дейтiнбiз. Кейде сол пiкiрдi жинаққа алғысөз ретiнде берiп те жүрдiк. Бiзден шыққан көп кiтаптардың алғысөзi осы Консультативтi кеңестiң пiкiрi ретiнде бiздiң өтiншiмiз бойынша жазылған.

– Қазiр бұл кеңес жоқ па?

– Жоқ өйткенi, бiз де кiтап шығару iсiнде бiраз тәжiрибе жинақтадық қой. Кез келген авторды шығара бермеймiз ғой.

– Сонда кiтап шығару iсiне мемлекеттiк бақылау керек емес дейсiз бе?

– Мемлекеттiк бақылауды қалай жасамақ? Қазiр баспаның бәрi жекеменшiк.

– Мүмкiн бұл мәселенi заң арқылы қадағалау керек шығар. өйткенi, арзанқол кiтаптарды көптеп шығару арқылы халықты аздырудың қаупi төнiп тұр.

– Қарапайым халық тасқа басылған нәрсенiң бәрi керемет деп ойлайтыны рас. Көркем әдебиет деген осы деп ойлайды. Бұрын да айтқан сөзiмдi қайталайын. Мен баспа ашқанда, халтураға қарсы күресу үшiн аштым. Ата-бабасының тарихы туралы, жиналыстардың хаттамасына дейiн жинақтап, қағазға басып шығара беретiндер бар. Пафос сияқты естiлсе де айтайын, халтураға жол бермес үшiн сапалы кiтапты көптеп шығару керек. Әу бастан бiздiң баспаның бағыты осы болатын. Тек классиктердi шығарамыз деп ниеттендiк. Бiрақ арасында өзiмiзде де болды, кейбiр дүниелердi өткiзiп жiберiп жүрдiк…

Әңгiмелескен Гүлбиғаш ОМАРОВА

P.S. Байқаған боларсыз, баспа iсiнiң көңiлдi алаң қылған түйткiлдi мәселелерi көп. Кiтап шығаруды әлде сәнге, әлде күн көрiске айналдырамыз деп жүрiп, кiтаптың ұрпақ тәрбиесiндегi маңызын ұмытып бара жатқан жоқпыз ба? "Кiтап оқылмайды" деген байбалам баспа iсiн ұқсата алмай отырған өзiмiздiң осалдығымызды ақтау ма деген күмәндi ойдан арыла алмадық. Алда да бұл тақырыптағы әңгiменi жалғастыратын боламыз.

Редакция таңдауы

Римдегі турнирден қазақ балуандары 11 медаль алды

Италия астанасы Рим қаласында Маттео Пелликонаны еске алуға арналған күрес түрлері бойынша халықаралық рейтингтік турнир басталды. Оған 32 елден 350-ден астам спортшылар қатысуда. Қазақстан...

Балалар әдебиеті: есейген қаламгер ме, балалар ма?

Балалар әдебиеті – әдебиеттің ең бір елеулі саласы. Халқымызда ежелден балалар әдебиетінің бай фольклорлық үлгісі болды. Ертегі, жаңылтпаш, мазақтама, жұмбақ, т.б. Мұндай қызықты нәрселердің...

Қысқа жіп күрмеуге келмей…

Былтыр жыл соңында Дүниежүзілік банк Қазақстанда кедейлер саны 1,5 млн адамға көбеюі мүмкін деген болжам жасады. Сарапшылар 2020 жылы Нұр-Сұлтан мен Алматы қаласы тұрғындары...

Латынграфикалы қазақ әліпбиі: кірме терминдерді жазудағы ұстанымдар

2019 жылғы қазанда Ұлттық кеңес­тің кезекті отырысында Қазақстан Республика­сы­ның Президенті Қ.Тоқаев ғалым­дар­ға жаңа қазақ ұлт­тық латынграфикалы әліпбиін же­тілдіруді тап­сыр­ған болатын. Ал 2021 жылғы 28...
106435

Алғашқы ҰБТ 10-наурызда басталады

Жоғары оқу орнының ақылы бөліміне түсуді жоспарлаған талапкерлер үшін ұйымдастырылатын наурыз айындағы...
2021 03 07 191227171838566a3599098i

Қазақстанның кей аймақтарында жол ашылды

Ауа райының жақсаруына байланысты еліміздің кей өңірлерінде жолдар ашылып, көлік қозғалысы қалпына...
photo 79197

Киік мүйізін Қытайға сатқандар ұсталды

Атырауда киіктің мүйізін Қазақстаннан Қытайға сатумен айналысқан ұйымдасқан қылмыстық топтың 12 мүшесіне...

Жаңалықтар

Алғашқы ҰБТ 10-наурызда басталады

Жоғары оқу орнының ақылы бөліміне түсуді жоспарлаған талапкерлер үшін ұйымдастырылатын наурыз айындағы Ұлттық бірыңғай тестілеу компьютерлік форматта өтеді. Егер бұған дейін көктем айындағы тестілеу...

Қазақстанның кей аймақтарында жол ашылды

Ауа райының жақсаруына байланысты еліміздің кей өңірлерінде жолдар ашылып, көлік қозғалысы қалпына келтірілді.  07.03.2021 күні 08.00-ден бастап Шығыс Қазақстан облысындағы «Өскемен-Алтай-Рахман шоқысы» тасжолының 7-66 шақырымы,...

Киік мүйізін Қытайға сатқандар ұсталды

Атырауда киіктің мүйізін Қазақстаннан Қытайға сатумен айналысқан ұйымдасқан қылмыстық топтың 12 мүшесіне қатысты сот үкімі шықты. Топты басқарған бұрын ҚХР азаматы болған қазақ, -...

Бітімгер әйел

Елімізде әскери әйелдер елеулі еңбек етіп келеді. Тіптен олардың саны жыл сайын артуда. Заңгер, қаржыгер, телефонист  секілді мамандықтарды игерді. Нәзік жандар ұшақты басқарып, кемелерде...

Дабылды ескерту жарияланды

Ауа райының күрт нашарлауына байланысты Қазгидромет синоптиктері Нұр-Сұлтан қаласы мен еліміздің 9 облысында дабылды ескерту жариялады. 8 наурызда Нұр-Сұлтанда көктайғақ болып, жаяу бұрқасын соғады деп...

Алматы облысының дәрігер қыз-келіншектері марапатталды

Алматы облысының әкімі Амандық Баталов Талдықорған көп салалы ауруханасына барып, облыстағы денсаулық сақтау саласында еңбек етіп жүрген, індетпен күресте алдыңғы шепте болған бірқатар нәзік...

Дзюдодан париждегі Grand Slam турнирі Қазан қаласына ауыстырылды

Дзюдодан 5-7 мамыр күндері Парижде өтуі тиіс Grand Slam турнирі Қазан қаласына ауыстырылды. Бұл туралы Халықаралық дзюдо федерациясының (IJF) баспасөз қызметі хабарлайды.  Франция тарапының...

Жансай Смағұлов Grand Slam турнирінің күміс медалын иеленді

Дзюдодан Ташкентте өтіп жатқан Grand Slam турнирінің финалында бақ сынаған Қазақстан балуаны Жансай Смағұлов турнирдің күміс жүлдегері атанды деп хабарлайды Olympic.kz. 73 келіде сынға түскен...

Бас санитар дәрігерінің жаңа қаулысы шықты

Қазақстанның бас мемлекеттік санитар дәрігері Ерлан Қиясовтың жаңа қаулысы жарияланды. Қаулы бойынша, 2020-2021 оқу жылының үшінші тоқсанында мыналарға рұқсат етіледі: оқушылар саны 300-ге дейін контингенті...

Қарағандыда көлікте отырған арыстан туралы Экология министрлігі не дейді?

Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі Қарағандыда арыстанды көлігімен тасымалдағандардың оқиғасына пікір білдірді - деп хабарлайды Tengrinews.kz. "Облыстық жануарлар дүниесі инспекциясының мамандары бұл мәселені талқылады....

Римдегі турнирден қазақ балуандары 11 медаль алды

Италия астанасы Рим қаласында Маттео Пелликонаны еске алуға арналған күрес түрлері бойынша халықаралық рейтингтік турнир басталды. Оған 32 елден 350-ден астам спортшылар қатысуда. Қазақстан...

Қазақстанда апта ішінде болған тағайындауларға шолу

Осы аптада еліміздің орталық және жергілікті атқарушы органдарында бірқатар кадрлық ауыс-түйіс болды. Президенттік жастар кадр резервінің төрт өкілі басшылық лауазымға тағайындалды. 1-7 наурыз аралығында...

Ақмола облысының қыздары 4 алтын медаль иеленді

ШҚО Өскемен қаласында жалауын көтерген әйелдер арасындағы еркін күрестен Қазақстан чемпионаты өз мәресіне жетті. Бәсекеде Ақмола облысының төрт қызы төрт алтын медаль жеңіп алып, жалпыкомандалық...

Қарағандыда көлік ішіндегі арыстан жұртты таңдандырды

Қарағандыда көлік терезесінен қарап тұрған арыстанның суреті БАҚ пен әлеуметтік желілерде резонанс тудырды, деп хабарлайды NewTimes.kz. Экология министрлігі бұл оқиғаның мән-жайын анықтап, арыстан Қарағанды хайуанаттар...

Индонезияда сегіз жасар бала қолтырауынның асқазанынан шығарылды

Индонезияда сегіз жасар баланың денесі қолтырауынның асқазанынан алынды, деп жазады The Sun. Берілген ақпаратқа сәйкес, баланың еш жеріне зақым келмесе де, аман қалмады. Бала әкесімен бірге...

Женевада адам құқығы туралы ең жақсы фильмдер іріктелмек

Биыл 19-шы Халықаралық кинофестиваль және Женевадағы адам құқықтары жөніндегі форум виртуалды форматта өтеді. Жыл сайын іс-шараға 40 мың көрермен қатысатын. Онымен қоса 25 елден 300-ге...

Атырауда автотұрақтағы 5 автобус өртеніп кетті

Оқиға салдарынан қаза болғандар мен зардап шеккендер жоқ. Атырау облысындағы Теңіз кенішінде 5 автобус өртеніп кетті, деп хабарлайды inbusiness.kz Оқиға 5 наурызда сағат 19:30-да Жылыой...

Елімізде 2021 жылғы алғашқы екі айда 120 адам жемқорлыққа қатысты сотты болған

2021 жыл басталғалы бері  шамамен 120 адам жемқорлық ісіне қатысты сотты болған. Бұл жөнінде ҚР сыбайлас жемқорлыққар қарсы іс-қимыл агенттігінің Telegram каналында хабарланды. Cотталғандардың ішінде 28...

Экстремистік идеология жақтастарын райынан қайтару – басты міндет

Қазақстанда  жат діни ағымдарды түбегейлі ауыздықтау мүмкін болмай отыр. Діни ахуалдың тереңдеуіне қауіптің  алдын алу жұмыстарының жеткіліксіздігі себеп болуда. Бұл туралы Алматыда Абай атындағы...

Әлемде адам тіршілігі үшін қажетті негізгі тауарлардың бірі таусылуға жақын

Дүние жүзінде адам тіршілігі үшін маңызды тауарлардың бірі — құмның тапшылығы сезіле бастады. Құм судан кейінгі ең көп сұранысқа ие ресурс болып саналады, деп...

Бас санитардың жаңа қаулысы шықты

ҚР ДСМ Бас мемлекеттік санитар дәрігері Ерлан Қиясовтың жаңа қаулысы жарияланды.  Жаңа қаулыға сәйкес, қылмыстық-атқару мекемелерінде санитариялық-дезинфекциялық режимді сақтау алгоритмі» атты 24-қосымшада 4-тармақ өзгертілді. «4. Маскаларды...

Дәрігер әйел адамның денсаулығына қауіп төндіретін ең зиянды өнімдерді атады

Ресейлік диетолог Наталья Круглова әйел адамның денсаулығы мен сұлулығы үшін ең қауіпті тағам түрлерін атады, деп хабарлайды Lenta.ru. Дәрігердің сөзінше, әйелдер жейтін тағамының калориясына мән...

Елорда асханаларының бірінде өрт шықты (видео)

"5 наурыз күні сағат 11.48-де өрт сөндіру бөлімнің қызметкерлері шұғыл түрде Достық көшесінде орналасқан "Избушка" дәмханасына аттанды", – делінген астаналық төтенше жағдайлар департаментінің хабарламасында. Тұрғын...

«Қазақалтын» кенішінен 122 миллион теңгенің алтыны қолды болды

Ақмола облысында «Қазақалтын» кенішінен 122 миллион теңгенің алтыны ұрланды, деп хабарлады zakon.kz. «Ақмола облыстық полиция қызметкерлері 2 наурызға қараған түні «Қазақалтын» АҚ-қа тиесілі катодты алтынды ұрлау...

Орыс тілінде сөйлеген депутат партия қатарынан қуылды

Украинада Харьков облыстық кеңесінің депутаты Александр Дорошенко орыс тілінде сөз сөйлегені үшін  партия қатарынан шығарылды, деп хабарлайды РИА Новости. "Еуропалық ынтымақтастық" партиясы баспасөз қызметінің мәліметінше, ...

Жамбылда 38 елді мекенді қызыл су басуы мүмкін

Жамбыл облысында 38 елді мекен су астында қалуы мүмкін. Олардың басым көпшілігі су қоймаларының маңайында орналасқан. Егер көктемде күн күрт жылып, таудағы қар ерісе...

Елімізде жаңа мереке пайда болды

ҚР Премьер-Министрі Асқар Мамин «Қазақстан Республикасындағы мерекелік күндердің тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2017 жылғы 31 қазандағы № 689 қаулысына толықтыру енгізетін бұйрыққа...

«Алаяқтардың қолына түсуі мүмкін»: Маман телефоннан қандай хабарламаларды жойып отыру керегін айтты

"Цифрлық платформалар" автономды коммерциялық емес ұйымының бас директоры Арсений Щельцин смартфоннан қандай хабарламаларды өшіріп отыру керегін айтты, деп хабарлады РИА Новости.     Маманның айтуынша, телефоннан...

Алматылық оқушы халықаралық математика лигасында топ жарды

Алматы қаласындағы «Білім-Инновация» мамандандырылған лицейінің 9-сынып оқушысы Нұрасыл Бейсенбай  The Math League – Халықаралық математика лигасында топ жарды, деп хабарлайды Алматы арнасы.  Олимпиадаға әлем бойынша...

Өр тұлғалы өңір басшысы

Күрделі кезеңдерде республикамыздың бес облысының әкімі болған, Елбасының сенімді сардарына айналған Бердібек Сапарбаевтың атқарған еңбегін, көзбен көріп, көңілге түйген сол облыстардың халқы әлі күнге...

Қасым-Жомарт Тоқаев түрік халқына көңіл айтты

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Кугар» әскери тікұшағының апатқа ұшырап, бірнеше адамның қаза болуына байланысты Түркия Президенті Реджеп Тайип Ердоғанға Қазақстан халқының және жеке өзінің...

8 наурызға 18 кітап

Көктемнің алғашқы шуақты мерекесі жақындаған сайын көпшілігімізді, әсіресе ер-азаматтарды жақындарыма «не сыйласам?» деген сауал мазалайтыны белгілі. Кітап сыйлаңыз. Жақсы таңдалған құнды кітап басқа жанның...

Елімізде мұнай және газ-химия саласында 5 зауыт салынады – министр

Энергетика министрі Нұрлан Ноғаев 2025 жылға дейін елімізде мұнай және газ-химия саласында 5 зауыттың құрылысы аяқталатынын айтты. Мемлекет басшысы Үкіметтің кеңейтілген отырысында мұнай және газ-химия...

Қазақстанда әйелдер мемлекеттік қызметтерді алуға аз жүгінеді

Халықаралық әйелдер күні қарсаңында Азаматтарға арналған үкімет мемлекеттік қызметтерге қанша әйел жүгінетінін есептеп көрді. Белгілі болғандай, 2020 жылы мемлекеттік корпорацияға түрлі қызметтерді алу үшін 6,2...

8 наурыздан бастап Өзбекстанға жаңа әуе рейсі ашылады

2021 жылғы 8 наурыздан бастап «SCAT» әуе компаниясы Ақтау және Үргеніш қалалары арасында аптасына 2 рейс орындай бастайды, – деп хабарлады ҚР ИИДМ баспасөз...

АҚШ ғалымдары коронавирус инфекциясын қоздыратын қан тобын анықтады

АҚШ ғалымдарының зерттеуі бойынша, ІІ қан тобының иелері коронавирус инфекциясының жұқтыруға «бейім» келеді. Гаврард медициналық мектебінің «Бригэм энд уименз» клиникасында қызмет ететін ғалымдардың бұл...

Коронавирус: 226 адамның жағдайы ауыр

5 наурыздағы мәлімет бойынша, Қазақстанда 18 882 адам короновирус инфекциясынан (13 236 КВИ+ және 5 646 КВИ-) емделіп жатыр. Денсаулық сақтау министрлігінің Telegram каналында олардың...

Ауа райының бұзылуына байланысты 7 өңірде көлік қозғалысы шектелді

ҚР ИИДМ баспасөз қызметінің мәліметінше, республикалық маңызы бар жолдардың төмендегідей учаскелерінде қозғалысқа шектеу енгізілді. Ақмола облысында: 1. 03.03.2021 ж. сағат 16.00 «Жезқазған-Петропавл» автожолының 377-536 шақырымында,...

Ақылы автожолдарда көлігі бұзылған жүргізушілерге тегін көмек көрсетіледі

«ҚазАвтоЖол» Ұлттық компаниясы ақылы автожолдарда жанармайы таусылған немесе автокөлігі бұзылған жүргізушілерге көмек тегін көрсетілетінін мәлімдеді. Павлодар облысының Павлодар, Екібастұз, Ақсу, Аққулы, Железин және Тереңкөл аудандарында...

5 наурыз: еліміздің тарихында қандай айтулы оқиғалар болды

Осыдан 25 жыл бұрын, яғни 1996 жылы 5 наурызда Ақмола облыстық қазақ музыкалық-драма театры «Ақан сері-Ақтоқты» пьесасының (режиссер Ж. Омаров) қойылымымен ашылды. Сол жылы...

Елордада ауа райының бұзылуына байланысты оқушылар қашықтан оқиды

Нұр-Сұлтан қаласының Білім басқармасы бүгін ауа райының күрт бұзылуына байланысты мектеп оқушылары мен колледж студенттері қашықтан оқыту форматына көшірілгенін хабарлады. «Нұр-Сұлтан қаласының Білім басқармасы хабарлайды:...

ШҚО-да дүкенге маскасыз кірген адамға айыппұл салынды

Шығыс Қазақстан облысының 5 ауданында карантиндік шектеуді бұзғандар тіркелді. ШҚО Ақпарат орталығының мәліметіне сүйенсек, мониторингілік топтар Шемонаиха ауданында 74 нысанға тексеру жүргізіп, ереже бұзудың 1...

Өткен тәулікте 857 адам коронавирус жұқтырды

Қазақстанда өткен тәулікте 857 адамнан коронавирус анықталды, – деп хабарлады coronavirus2020.kz. Аймақтар бойынша: Нұр-Сұлтан қаласы - 132, Алматы қаласы - 134, Шымкент қаласы - 27,...

Еліміздің басым бөлігінде қар аралас жаңбыр жауады – Қазгидромет

5 наурыз күні Қазақстанның басым бөлігіне әлі де Солтүстік-Батыс циклонның әсері сақталады, жаңбыр мен қар түрінде жауын-шашын күтіледі, – деп хабарлады «Қазгидромет» РМК. Республиканың оңтүстік...

Абай атындағы университет үздіктер қатарына енді

Абай университеті екі бағдарлама бойынша QS World University Ranking by Subject-2021 рейтингінде топ-250 үздіктер қатарына енді. Абай атындағы ҚазҰПУ алғаш рет «QS World University Ranking...

Кремль: «Cанкцияның әсері де, мағынасы да жоқ»

АҚШ-тың "Навальныйдың ісі" бойынша жаңа санкциялары екіжақты қатынастарға "қатты әсер етеді", қазірдің өзінде "жағдай нашар". Бұл туралы Кремльде айтылды. АҚШ-та Ресейдің жаппай қырып-жоятын қару бағдарламасын...

«Құтадғу біліктің» жаңа аудармасы оқырманға тарту етілді

Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің «Отырар» кітапханасында Жүсіп Баласағұнның «Құтадғу білік» еңбегінің жаңа аудармасының таныстырылымы өтті. Қарахандар дәуірінде 1069 жылы жазылған құнды жәдігер...

Министрлік коронавирус «гүл арқылы жұғады» деген ақпаратқа түсінік берді

Коронавирус инфекциясы гүл арқылы жұғады деген ақпарат жалған. Бұл туралы Денсаулық сақтау министрлігінің санитарлық-эпидемиологиялық бақылау комитеті өкілдері айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Департамент мәліметіне қарағанда, Желіде...

Балалар әдебиеті: есейген қаламгер ме, балалар ма?

Балалар әдебиеті – әдебиеттің ең бір елеулі саласы. Халқымызда ежелден балалар әдебиетінің бай фольклорлық үлгісі болды. Ертегі, жаңылтпаш, мазақтама, жұмбақ, т.б. Мұндай қызықты нәрселердің...

Бішкекте қандасымызға арналған музыкалық кеш өтті

1 наурызда  Бішкектегі К.Молдобасанов атындағы Қырғыз ұлттық консерва­тория­сында Қыр­ғыз Республикасындағы қазақтардың арасынан шық­қан талантты әнші, қырғыз елінің  мә­дениетіне еңбек сіңірген қайраткер Ержан Му­синді еске...

Енді WhatsApp-тың компьютерлік нұсқасында бірнеше адаммен видео арқылы сөйлесуге болады

WhatsApp мессенджерінің компьютер арқылы қосылатын нұсқасында бірнеше адам видео және аудио байланыс арқылы сөйлесе алады, - деп хабарлайды Tech Crunch. Аудио және видео қоңыраулар шифрлау арқылы...

Ауылдағы іскер әйелдерге 4000 доллар қайтарымсыз грант беріледі

Ауылды жерлерде кәсіпкерлікпен айналысатын әйелдердің 4000 доллар қайтарымсыз грант ұтып алу мүмкіндіктері бар, деп хабарлайды Аtameken Business.     https://youtu.be/rIWRXS-QT2Q Ол үшін өз ісіңізді ашуға деген...

2020 жылы Қазақстанда 48 ірі сүт фермасы іске қосылған

Өткен жылы ауыл шаруашылығы саласында импорттық өнімдерді алмастыру жоспары бойынша Қазақстанда 48 тауарлы сүт фермасы, 3 ет комбинаты іске қосылды. Бұл туралы Ауыл шаруашылығы...

Пандемия кезінде гендерлік теңсіздік күшейді – ДДСҰ

Пандемия Еуропадағы гендерлік теңсіздікті күшейтті. Бұл туралы Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының (ДДСҰ) Еуропалық аймақтық бюросының директоры Ханс Клюге бейсенбі күні Facebook-те жарияланған Копенгагенде өткен...

Украина коронавирустың үшінші толқынына дайындалуда – Премьер-министр

Украина премьер-министрі Денис Шмыгаль елде COVID-19 үшінші толқынының басталғанын мәлімдеп, келесі локдаунның мүмкіндігін жоққа шығармайтынын айтты.  Укринформ сайтының мәліметінше, Денис Шмыгаль жағдайды бейімделген карантин құралдарымен...

Қысқа жіп күрмеуге келмей…

Былтыр жыл соңында Дүниежүзілік банк Қазақстанда кедейлер саны 1,5 млн адамға көбеюі мүмкін деген болжам жасады. Сарапшылар 2020 жылы Нұр-Сұлтан мен Алматы қаласы тұрғындары...

Еліміздегі мешіттер қазақы стильде болуы керек – Бас мүфти

Елордада Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының төрағалығымен Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы жанынан құрылған Қазақы стильдегі мешіт құрылысы бойынша жұмыс тобының алғашқы мәжілісі өтті, –...

«Nur Otan»: Түркістанның тазалығына жауапты көпбалалы аналар ардақталды

Бүгін «Nur Otan» партиясының Түркістан облыстық филиалында 8 Наурыз – әйелдердің халықаралық мерекесіне орай, бір топ көпбалалы анаға құрмет көрсетілді. Партияның «Бақытты отбасы» жобасы...

Жаңа орда құратын ұрпақ тәрбиелегіміз келеді

Парасат ТАНЕН, Orda Gen жобасының директоры: Тәуелсіздіктің ақ таңында дүниеге келген сәбилердің емін-еркін ойланып, жан-жақты дамып, қазақы мінез қалыптастыруына ертегі арқылы жол ашу – Orda...

Жасотандықтар мереке қарсаңында жас аналарға құрмет көрсетті

8 наурыз қарсаңында жасотандықтар Нұр-Сұлтан қаласындағы №2 көпбейінді орталық аурухананың акушерлік бөлімнің нәзік жанды қызметкерлері мен аналарын құттықтады. «Jas Otan» ЖҚ жетекшісі Нұржан Жетпісбаев: «Әйелдер күнімен...

Өскеменде баланы еденге лақтырған тәрбиешіге іс қозғалды (видео)

Өскемен қаласындағы «Арман» балабақшасының тәрбиешісіне қатысты қылмыстық іс қозғалды. ШҚО әкімдігінің баспасөз қызметі мәлімдегендей, 3 наурызда облыстық білім басқармасына хабарласқан ата-ана «Арман» балабақшасындағы «Еркетай» тобы...

Латынграфикалы қазақ әліпбиі: кірме терминдерді жазудағы ұстанымдар

2019 жылғы қазанда Ұлттық кеңес­тің кезекті отырысында Қазақстан Республика­сы­ның Президенті Қ.Тоқаев ғалым­дар­ға жаңа қазақ ұлт­тық латынграфикалы әліпбиін же­тілдіруді тап­сыр­ған болатын. Ал 2021 жылғы 28...

Тәуелсіздік күнтізбесі

1992 жылғы 5 наурызда Қазақстан Республикасы мен Мысыр Араб Республикасы арасында дипломатиялық қаты­нас орнады. 1993 жылғы 5 наурызда Қазақстан Республикасы Прези­дентінің «Мемлекеттік холдингтік компаниялар туралы»...

Алма ҚҰНАНБАЕВА, Стэнфорд университетінің профессоры: Америкалықтар қазақтың киіз үйіне келіп, күйін тыңдауға құмар

АҚШ-тағы әлемге әйгілі Стэнфорд университетінің профессоры Алма Құнанбаева көп жыл бойы америкалық студенттерге қазақ мәдениеті туралы лекция оқыған. Сонымен қатар ол Беркли қаласында Орта...

Ақмола облысында шахтада топырақ басып қалған жұмысшылар құтқарылды

Ақмола облысында шахтада топырақ үйіндісінің астында қалған екі жұмысшы құтқарылды. Oблыстық ТЖД баспасөз қызметінің мәліметінше, оқиға 4 ақпан күні Астрахан ауданындағы «Айна – ресурс» ЖШС...

Сарқылмас сезім бұлағы

Өнер атаулы сұлулықты дәріптеуден тұрады десек, сол дәріптеудің таусылмас кені, сар­қыл­­мас шабыт көзі – әйелдер. Және бұл өнер­­дің барлық түріне тән. Ежелгі дәуірден бері...

Ақұштап БАҚТЫГЕРЕЕВА: Ақынның мақсаты – әлдекіммен қылыштасу емес, ақиқатқа көз жеткізу

8 наурыз Халықаралық әйелдер күні қарсаңында Túrkistan басы­лымы арқылы қазақ қыздарына өз ақыл-кеңесімді айтқым келеді. Басылымдарыңызды замандастарыммен қатар оқитын жас қыз-келіншектер пайдалысын көңіліне тоқып,...

Рухани жаңғыру − рух тазалығына ұмтылу

Әр дәуір өз жаңалығымен келеді десек те, ұлт ретінде қалып­тас­қан халықтың өзгермейтін бір талабы болады, ол − ру­хани тұрғыдағы біртектіліктен ажырамау. Елді ел ететін...

Енді педагогтер жұмысқа конкурс арқылы қабылданады – министр

Бүгін Парламент Сенатында депутаттар білім саласына қатысты бірнеше маңызды жаңа нормаларды қамтитын заң жобасын қарастырып, мақұлдады. Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов осы құжатта...

Қазынаның шығыны көп, кірісі аз

2020 жыл әлем экономикасы үшін сынақ жылы болды. Көрсеткіштердің бәрі кері кетті. Алыс-беріс азайып, барыс-келістің тоқтауы көп елдің қазынасын ортайтып, қарызын еселеді. Пандемия  Қазақстан...

Тәж-Махалдан мыңнан астам турист эвакуацияланды

Бейсенбі күні таңертең Үндістанның Агра қаласындағы Тәж-Махал кесенесі аумағынан кем дегенде мыңнан астам турист эвакуацияланды, – деп жазды Hindustan Times газеті. Басылымның мәліметінше, жергілікті полицияға...

Жоғарғы соттың екі судьясы қызметінен босатылды

Парламент Сенатының жалпы отырысында ҚР Жоғарғы сотының судьялары қызметінен босатылды. «Сіздердің қарауыңызға Анатолий Сергеевич Смолинді және Серік Қазбекұлы Әбнәсіровті Жоғарғы Сот судьясының қызметінен босату туралы...

Қаржы министрлігі аппаратының жаңа басшысы тағайындалды

ҚР Қаржы министрінің бұйрығымен Абзал Бейсенбекұлы Қаржы министрлігі аппаратының басшысы қызметіне тағайындалды, – деп хабарлады осы ведомствоның баспасөз қызметі. Абзал Бейсенбекұлы 1985 жылы Жамбыл облысында дүниеге...

Австралияда «жұмбақ рейстерге» билет сатыла бастады

Австралиялық Qantas әуе компаниясы бағыты беймәлім рейстердің ашылғаны туралы хабарлады. Компания "жұмбақ рейстер" деп атаған тасымалдың бұл түрі – шекаралар жабық кезде ішкі рейстерді...

Шетелден 500 млн доллардан астам қаржыға сатып алған малдың пайдасы болды ма?

Қазақстан соңғы жылдары шетелден 153 мыңнан астам асыл тұқымды мал сатып алған. Оған барлығы 500 миллионнан астам доллор жұмсалған. Бірақ сатып алып келген малдан...

Оралда көпірдің астынан жас жігіттің мәйіті табылды

Азиат пішіндес жас жігіттің мәйіті бүгін сағат 07.01-де Орал қаласына қарасты Деркөл кентіндегі көпірдің астынан табылған. Бұл туралы БҚО денсаулық сақтау департаменті хабарлады.  Жасы шамамен...

Терезеден құлап кеткен баланы құтқарған павлодарлық 1 млн теңге сыйақы алды

Павлодар қаласының тұрғыны Александр Жұмабаевқа терезеден құлаған баланы құтқарғаны үшін миллион теңге берілді. Ер адам биіктен құлап кеткен қызды қағып алуға үлгермей қалды, алайда...

Туысының үйінен соғым етін ұрлаған жамбылдық бас бостандығынан айрылуы мүмкін

Соғым етін ұрлаған жамбылдық тұрғын бас бостандығынан айрылуы мүмкін,  деп хабарлайды Polisia.kz. Ағымдағы жылдың 1 наурызында Т.Рысқұлов аудандық полиция бөліміне Көгершін ауылының тұрғыны xабарласып, үйінің...

Қазақстанда төлқұжаты жоқ 3,5 мыңнан аса адам анықталды

Қазақстанда жеке басын куәландыратын құжаттары жоқ 3,5 мыңнан аса адам анықталды. Бұл жайында Мәжіліс депутаттарының сауалына ҚР Премьер-Министрі Асқар Маминнің жауабында айтылған. «2020 жылғы қыркүйек...

Apple саңылаусыз iPhone шығарады

Apple физикалық порттарсыз жұмыс істейтін смартфон өндірісін қолға алды. Бұл туралы Appleosophy басылымы хабарлады. Дереккөздердің хабарлауынша, америкалық компанияның инженерлері iPhone-ды компьютермен синхрондаудың жаңа әдістерін жасауда....

Алматыда «Рахат» базарының 300-ге жуық саудагері наразылыққа шықты

Алматыда "Рахат" базарының 300-ге жуық саудагері өздері жан бағып отырған сауда орнының жабылуына қарсылық білдіріп, наразылыққа шықты. Айтуларынша, орнына жиһаз фабрикасын салуға рұқсат беріпті,...

Жұмыс істеуге ең қолайлы мемлекет анықталды

Әлемдегі еңбек мигранттарының ширек бөлігіне жуығы жұмыс істеу үшін Канадаға қоныс аударуды құп көреді екен. Бұл туралы BCG және The Network-тің бірлескен зерттеуінде айтылған,...

Ақмола облысының күре жолдарында көлік қозғалысы шектелді

Ауа райының қолайсыздығына байланысты Ақмола облысының күре жолдарында көліктің барлық түрлерінің қозғалысына шектеу қойылды.  4 наурыз күні сағат 07.00-де Ақмола облысында ауа райының нашарлауы (жел,...

Коронавирусты «мәңгілікке» жұқтырған алғашқы науқастар тіркелді

Америкалық дәрігерлер коронавирусты "мәңгілікке" жұқтырудың алғашқы жағдайларын анықтады, деп хабарлайды medRxiv.  Оңтүстік Калифорния университетінің мамандары вирустың іздері алты ай бойы ақ қан ауруымен ауыратын бірнеше...

4 наурыз: атаулы күндер, есте қалар оқиғалар

4 наурыз Тәуелсіз Қазақстан тарихында қандай оқиғалармен есте қалды? Еске түсіріп көрейік... 1993 жылы «Қазақстан Республикасының мемлекеттік шекарасы туралы» ҚР Заңы күшіне енді. 1997 жылы ҚР...

WhatsApp арқылы 20-ға жуық адамға 70 млн теңгеден астам залал келтірген әйел ұсталды

Ақмола полицейлері интернет-ресурстардың көмегімен пирамида ұйымдастырған алаяқты анықтады, деп хабарлайды Polisia.kz. 2021 жылдың 1 наурызында Көкшетау қаласының ПБ кезекші бөліміне Көкшетау қаласының 65 жастағы тұрғынынан...

Тұман, көктайғақ, жел: Синоптиктер ел өңірлерінде ауа райы қандай болатынын айтты

Бүгін Қазақстанның басым бөлігінде Солтүстік-Батыс циклонының өтуімен құбылмалы ауа райы сақталып, жаңбыр мен қар түрінде жауын-шашын болады. Еліміздің оңтүстігінде қатты жауын-шашын күтіледі, кей жерлерде...

28 мыңға жуық көпбалалы анаға бірреттік төлем беріледі

Шығыс Қазақстан облысында 8 наурыз – Халықаралық әйелдер күніне орай 28 мыңға жуық көпбалалы анаға бірреттік төлем беріледі. Мереке қарсаңында көпбалалы аналар 5 АЕК (14...

Елімізде темекі бағасы қымбаттайды

Ұлттық экономика министрі 2024 жылға дейін темекі бағасын кезең-кезеңмен көтеру жоспарын жариялады. Мәжілісте ЕАЭО-ға мүше елдердің темекі өнімдеріне акциздер саласында салық саясатын жүргізу қағидаттары туралы...

Моңғолия 1 мамырдан бастап шекарасын ашады

Бүгін Моңғолияның министрлер кабинеті 1 мамырдан бастап шекараны ашу туралы шешім қабылдады деп хабарлайды pavlodarnews.kz сайты. Мемлекеттік төтенше комиссия басшысы С.Амарсайханның айтуынша, премьер Л.Оюун-Эрдэнэ өткен...

Этнограф Болат Бопайұлы «Мәдениет саласының үздігі» атанды

Бүгін «Отандастар қоры» және Дүниежүзі қазақтары қауымдастығының ұйымдастыруымен белгілі жазушы, этнограф Болат Бопайұлының салт-дәстүрі туралы 10 кітабының таныстырылымы өтті. Салтанатты жиынға жазушы, түрколог-ғалым Тұрсынхан Зәкенұлы,...

Денсаулық сақтау министрлігі үндеу жасады

Денсаулық сақтау бірінші вице-министрі Марат Шоранов қазақстандықтарға Наурыз мейрамын тек отбасымен тойлауға және үлкен мерекелер өткізбеуге кеңес берді. «Үлкен мерекелік іс-шаралар өткізбей, Наурыз мейрамын отбасымен...

Әзірбайжан Арменияның қанша азаматын тұтқында ұстап отырғаны белгілі болды

Арменияның диаспора істері жөніндегі бас комиссары Заре Синанян РИА Новостиге берген сұхбатында Әзірбайжанның өз аумағында жүзден астам армян азаматын әлі де тұтқында ұстап отырғанын...

Биыл 1-сынып оқушыларының құжаттарын қабылдау 1 сәуірде басталады

Бірінші сынып оқушыларының құжаттарын қабылдау 1 сәуірде басталып, 1 тамызға дейін жалғасады, деп хабарлайды ҚР Білім және ғылым министрлігі. Ведомствоның мәлімдеуінше, бұл – білім беру...

Нұр-Сұлтанда тұрақта тұрған көлік өртеніп кетті

Елорданың сол жағалауында тұрақта тұрған көлік өртеніп кетті. Бұл туралы Нұр-Сұлтан қалалық төтенше жағдайлар департаменті хабарлады. «Бүгін сағат 15:50-де Нұр-Сұлтан қалалық төтенше жағдайлар департаментінің құрамында...

Курьер жігіт 12-қабаттан құлаған сәбиді қағып алды (видео)

Курьер болып жұмыс істейтін вьетнамдық жігіт 12-қабаттан құлаған бүлдіршінді қағып алды, деп хабарлайды Daily Mail.  Нгуен Нгок Ман 12-қабаттың терезесінен құлап кеткен екі жасар бүлдіршіннің...

Нұрсұлтан Назарбаев Михаил Горбачевті мерейтойымен құттықтады

ҚР Тұңғыш Президенті - Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Михаил Горбачевті 90 жас мерейтойымен құттықтады. Бұл туралы Қазақстанның Ресейдегі елшілігінің Instagram-дағы парақшасында хабарланды.  Құттықтауда КСРО Тұңғыш президентінің...

Саша Барон Коэн Қазақстанға келуге ниетті

Сценарист және актер Саша Барон Коэн өзінің ойдан шығарылған кейіпкері — Бораттың отаны Қазақстанға келуге дайын екенін мойындады. Бұл туралы ол "Известия" басылымына берген...

Бішкекте «Астана» халықаралық қаржы орталығының филиалы ашылуы мүмкін

Қырғызстан Президентінің елімізге жасаған мемлекеттік сапарының соңында Қасым-Жомарт Тоқаев пен Садыр Жапаров «Астана» халықаралық қаржы орталығын аралап көрді, деп хабарлады Ақорданың ресми сайты. Мемлекет басшылары...

Қазақстан Қырғызстанға әскери-техникалық көмек көрсетеді

Қазақстан мен Қырғызстан қорғаныс министрлері әскери ынтымақтастық туралы құжаттарға қол қойды, деп хабарлайды ҚР Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі. Қазақстанның Қорғаныс министрі генерал-лейтенант Нұрлан Ермекбаев Қырғызстан...