ШЫҢҒЫС АЙТМАТОВ – БАНКТIҢ ТӘУЕЛСIЗ ДИРЕКТОРЫ

ШЫҢҒЫС АЙТМАТОВ – БАНКТIҢ ТӘУЕЛСIЗ ДИРЕКТОРЫ

ШЫҢҒЫС АЙТМАТОВ – БАНКТIҢ ТӘУЕЛСIЗ ДИРЕКТОРЫ
ашық дереккөзі

Әлемге әйгiлi жазушы Шыңғыс Айтматов "БТА Банкi" АҚ Директорлар Кеңесiнiң тәуелсiз директоры болып тағайындалды. Мұндай шешiм 2008 жылғы 14 сәуiрде өткен банк акционерлерiнiң жылдық жалпы жиналысында қабылданды.

Қазiргi әлем әдебиетiндегi ғұлама классиктiң Директорлар Кеңесi құрамына кiруi БТА әлеуметтiк саясатына, сонымен бiрге халықаралық қаржы институты болуды мақсат еткен банктiң ребрендинг үдерiсiне негiзделген. Халықаралық қаржы институты ретiнде БТА Банк ТМД кеңiстiгiндегi және банк конгломераты қатысатын барлық елдердегi тарихи және мәдени тұтастықты сақтауға бағытталған рухани дамуды қолдауды өз мiндеттерiнiң бiрi ретiнде қарастырады.

Ш. Айтматовтың шығармашылығы да БТА қызметi сияқты дүниежүзiн қамтиды. Еуразия жазушысы ол Батыс пен Шығыс халықтарының өмiр салтын, дүниетанымын түсiнедi және олардың әдеби дәстүрлерiн жалғастырады. БТА Банк конгломераты да түрлi ұлттар мәдениетiн сақтап, үздiк тәжiрибенi өзiнiң бизнесi дамып келе жатқан барлық жерлерде қолдануға тырысады.

Бұл жыл ТМД елдерiнiң әдеби қауымдастығы үшiн және жазушының шығармаларын сүйiп оқитын барлық адамдар үшiн айтулы жыл болмақ, желтоқсан айында Ш. Айтматов өзiнiң сексен жылдық мерейтойын атап өтедi. БТА Банктiң демеушiлiгiмен автордың көп жылғы шығармашылығына арналған сегiз томдық шығармалар жинағы мен альбомы жарық көредi.

БТА Банк басшылығы кинематография мен әдебиеттi классикалық сахна шеберлерiнiң қолдауы мәдениеттi өзара байытуға және ұрпақтардың рухани сабақтастығын сақтауға мүмкiндiк туғызатынына сенiмдi.

Г. ТҰРҒАНБАЙҚЫЗЫ