ҚР ұлттық банкiнiң төрағасы Ә.СӘЙДЕНОВ: НЕГIЗГI МАҚСАТ — БАҒА ТҰРАҚТЫЛЫҒЫН ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУ

Осыдан тура 15 жыл бұрын, яғни, 1993 жылдың 14 сәуiрiнде тәуелсiз Қазақстанның тұңғыш Ұлттық банкiнiң iргетасы қаланды. ҚР Ұлттық Банкiнiң төрағасы Әнуар Сәйденовпен өткiзген бүгiнгi сұхбатымызда банктiң бүгiнi мен ертеңi жайлы сөз қозғадық.

"ИНФЛЯЦИЯНЫ АУЫЗДЫҚТАЙМЫЗ"

— Әнуар Ғалимоллаұлы, ҚР Ұлттық Банкiнiң негiзгi мiндетi — теңгенiң бағамын қадағалау және инфляцияны ауыздықтау. Баға саясатын тұрақтандыруға қатысты Президент Назарбаев бiрнеше рет арнайы нұсқау бердi. Қазiргi кезде қымбатшылықпен күрес республика бойынша жүрiп жатыр. Өкiнiшке қарай, дүкендер мен базарлардағы баға өсуiн тоқтатар емес. Неге? Осындай күрделi жағдайда Ұлттық Банк жыл соңына дейiн инфляцияны 10 пайыздық көрсеткiшпен шектей ала ма?

— Бiрiншi кезекте Ұлттық Банктiң негiзгi мақсаты елдегi баға тұрақтылығын қамтамасыз ету болып табылатынын атап айтқым келедi. Бұл ретте Ұлттық Банк валюта саясатына қатысты теңгенiң еркiн айырбас бағамы режимiн ұстанады, яғни, теңгенiң шетел валютасына номиналдық бағамы динамикасы осы валютаның iшкi валюта нарығындағы сұранысы мен ұсынысына қатысты айқындалады. Бұл Ұлттық Банктiң теңге бағамының ауытқу бағдарын немесе дәлiзiн белгiлемейтiнiн бiлдiредi. Инфляцияға қатысты жағдайға келетiн болсақ, оған әртүрлi экономикалық, саяси, әлеуметтiк және басқа да көптеген факторлар ықпал ететiн барынша күрделi және көпжақты үрдiстi бiлдiредi. Бұл ретте экономиканың инфляциясыз толыққанды және қалыпты дамуы iс жүзiнде мүмкiн емес. Бар мәселе оның қандай деңгейде болуына байланысты. Үстiмiздегi жылы 2007 жылғы жағдаймен салыстырғанда, инфляциялық үрдiстердiң тұрақтануы байқалады. Мәселен, 2008 жылғы 1 тоқсанда инфляция 2,5% құрады, бұл 2007 жылғы 1 тоқсандағымен салыстырғанда 0,1 п.т. төмен. 2007 жылы бағаның негiзгi өсiмi 2 жартыжылдыққа тән болды, бұл әлемдiк тауар нарықтарында жекелеген тауар түрлерi (бидай, өсiмдiк майы, энергия ресурстары) бағасының күрт өсуiнен туындады. Мысалы, 2007 жылы бидай (Канада) және өсiмдiк майы 2 есе қымбаттады. Басқаша айтқанда, 2007 жылғы 2-жартыжылдықта, әсiресе қыркүйек — қарашада баға үрдiстерiн қалыптастыруда Ұлттық Банктiң немесе Үкiметтiң шараларымен бiлiнбеуi мүмкiн болмайтын күйзелiс сипатындағы сыртқы фактор айқындаушы рөлге ие болды. Сонымен қатар 2007 жылы инфляция динамикасын айқындайтын негiзгi факторлар елге шетел капиталы ағыны, жиынтық сұраныстың өсуi, банк секторының жоғары несиелiк белсендiлiгi, еңбек өнiмдiлiгiнiң жеткiлiксiз деңгейi болды. 2008 жылы экономикада инфляцияның сақталуына әлемдiк нарықтардағы азық-түлiк және энергетикалық өнiмдердiң қымбаттауымен сипатталатын тұрақсыз ахуал себепшi болды. Соған қарамастан Ұлттық Банк 2008 жылдың қорытындысы бойынша инфляцияның бiр қатарлы санмен өлшенетiн деңгейге дейiн төмендеуiн күтуде. Мәселен, Ақша-несие саясатының 2008-2009 жылдарға арналған негiзгi бағыттарына сәйкес 2008 жылға арналған жылдық инфляция болжамы 7,9%-9,9% шегiнде айқындалды. 2008 жылғы қаңтар — наурыздың қорытындылары бойынша 2008 жылдың аяғында күйзелiс ахуалы болмаған жағдайда инфляция көрсетiлген ауқым шегiнде қалыптасады деп күтуге болады.

— Былтырғы әлемдiк қаржылық дағдарыстың зияны туралы сарапшылар пiкiрi саналуан. Мысалы, кейбiрi биыл қаржы саласында кездесетiн қиындықтар көп болады десе, ендi бiрi дағдарыстың толқыны өтiп кеттi, қауiптенетiн ештеңе жоқ дейдi. Сiздiң пiкiрiңiзше, қалай?

— Қазiргi кезде АҚШ нарығында да, сондай-ақ, әлемдiк экономикада да ахуалдың бұдан әрi дамуын әр түрлi бағалау қолданылуда. Көп жағдайда олар бiр-бiрiне қарама-қайшы болып келедi. Бұдан әрi күтулер әрбiр нақты адам неғұрлым қолайлы немесе ықтимал ретiнде бағалайтын көзқарас тұрғысына байланысты және сондай-ақ сол адамның төңiрегiндегi ақпарат ауқымына да байланысты. Дамыған елдердiң орталық банктерiнiң өтiмдiлiктi пайыздық ставкалардың төмендеуiмен бiрге ұстап тұруға қабылдаған шаралары ахуалды тұрақтандыруға iшiнара көмектестi. Алайда ағымдағы жылдың басында әлемдiк қаржы нарығында орын алған өтiмдiлiк дағдарысының бұдан әрi дамуының айқындалмауы қаржылық құрылымдарға келген шығындарының мөлшерлерi туралы нақты болжамның болмауынан, бiрте-бiрте АҚШ экономикасының едәуiр бәсеңдеуiне ұласады. Құрамында коммерциялық және инвестициялық банктер және мемлекеттiк корпорациялар бар көптеген iрi-iрi әлемдiк қаржы құрылымдардың айтарлықтай шығындар мен есептен шығаруларды жариялауы банк несиелердiң қол жетiмдiлiгiн төмендеттi. Несиелiк және нарықтық тәуекелдер өсу үстiнде және әлемдiк экономиканың макроэкономикалық даму болашағының неғұрлым жағымды болмайтыны болжануда. ФРЖ тарапынан экономиканың бәсеңдеуiмен, жұмыссыздықтың өсуiмен, несиенiң қол жетiмдiлiгiнiң азаюымен, инфляцияның тұтастай алғанда өсу қаупiмен күресте Америка экономикасы рецессиясынан күштi көрiнуде, бұл өз кезегiнде қор нарықтарының тұрақсыздығын арттыра отырып, әлемдiк қаржы нарықтарындағы ахуалды нашарлатады. Сондықтан әлемдiк қаржы нарығындағы конъюнктураның бұдан әрi нашарлау тәуекелi әлi де жоғары.

НЕСИЕЛIК ҚОРЖЫН САПАСЫ

— Жыл басында сарапшылардың көпшiлiгi банктердiң несиелiк қоржын сапасының күрт төмендейтiнiн болжады. 2008 жылы банктердiң несиелiк қоржын сапасы қаншалықты әлсiремек?

— Иә, өткен жылғы тамыздағы әйгiлi жағдайлардан кейiн несие қоржынның сапасы жыл қорытындысы бойынша бiршама деңгейде төмендедi, бiрақ кейбiр талдаушылар болжағандай, күрт нашарлаған жоқ. Мәселен, 2008 жылғы 1 наурыздағы жағдай бойынша банктердiң несиелiк қоржындарының құрылымын 42,0% — стандарттық, 56,1% — күмәндi, 1,9% үмiтсiз несиелер үлесi құрады (2007 жылғы 1 қаңтарда 52,6% — стандарттық, 45,8% — күмәндi, 1,6% үмiтсiз несиелер үлесi құрады). Үмiтсiз несиелер үлесiнiң төмен көрсеткiштерiнiң сақталуы оң жағдай болып қалуда, яғни, Қазақстан экономикасының банк несиелерiне "байланған" жекелеген секторларындағы дағдарыс банктердiң жағдайына айтарлықтай терiс әсер еткен жоқ. Күмәндi несиелердiң үлесi стандартты несиелердiң үлесi азайған кезде өседi. Алайда, салдарларды әзiрше толық көлемде бағалау қиын. Банктер портфельдерi құрылымының сапалық өзгерiстерге ұшырауы ықтимал, алайда, олар бiрден байқалмайтындықтан, уақыт қажет болады. Ендi банктердiң даму стратегиясын қайта қарау қаражаттың қажеттi деңгейiн қамтамасыз ету және "сапалы заемшы" үшiн күрестi күшейтумен, сондай-ақ банк акционерлерiн қоса алғанда капиталдандыруды арттырумен және сыртқы активтердiң құрылымы мен көлемiн қайта қарау қажеттiлiгiмен қоса жүретiн несиелiк қоржын сапасын жақсарту мәселелерi деңгейiнде жатады.

— АҚШ Федералдық қор жүйесi мен Еуропаның Орталық банктерi қаржылық дағдарысты ушықтырып алмас үшiн онсыз да төмен пайыздық көрсеткiштердi одан сайын төмендетiп жатыр. Ал ҚР Ұлттық банкi керiсiнше, жекеменшiк банктерге беретiн несие (рефинансирование) көрсеткiшiн өсiрiп жiбердi. Мұндай қадам ұзақ мерзiмдiк жобаларға иек артатын компаниялар үшiн ауыр тимей ме?

— Бiрiншi кезекте АҚШ Федералдық резервтiк жүйесiнiң пайыздық саясатының Еуропа Орталық Банкiнiң саясатынан айырмашылығы бар екендiгiн айта кету қажет. АҚШ-тағы экономикалық өсудiң жекелеген көрсеткiштерi, жұмыспен қамтуды, өндiрiстi, тұтыну шығыстарын қоса, терiс болып қалуда. Бұл ретте инфляциялық қысымды күшейтуге қарамастан, АҚШ экономикасының нақты секторының бұдан әрi даму тәуекелi жоғары болып отыр. Осы жағдайда АҚШ Федералдық резервтiк жүйесi елде экономикалық өсудi қолдау мақсатында пайыздық ставкаларды төмендету туралы шешiм қабылдады. Бiр жағынан, Еуропа Орталық Банкi ақша-кредит саясатының басым бағыты ретiнде баға тұрақтылығын қамтамасыз етудi таңдап алды. Осыған байланысты 2007 жылғы маусым айында негiзгi операциялар бойынша пайыздық ставкалар көтерiлген болатын. Сол уақыттан берi олар өзгерген жоқ. Ал Ұлттық Банктiң ақша-несиелiк саясатына келетiн болсақ, ол Еуропа Орталық Банкiнiң саясатына ұқсас. Ұлттық Банк 2007 жылдың екiншi жартыжылдығында елдiң қаржы секторының тұрақтылығын қамтамасыз ету жөнiндегi шараларды жүргiзгенiне қарамастан, инфляция проблемасы маңызды болып қалды. Қазақстан тұтыну нарығындағы ахуал әлемдiк тауар нарығындағы құбылмалылықпен күрделене түстi. Осының нәтижесiнде, 2007 жылдың екiншi жарты жылдығында инфляцияның, әсiресе қыркүйек-қараша айларында бiршама өскенi байқалды. Экономикадағы инфляцияны төмендету мақсатында Ұлттық Банктiң Басқармасы 2007 жылғы 1 желтоқсаннан бастап ресми қайта қаржыландыру ставкасын 11,0% дейiн және тиiсiнше, Ұлттық Банктiң екiншi деңгейдегi банктерден тартатын депозиттерi бойынша ставканы 5,5% дейiн көтеру туралы шешiм қабылдады. Мұндайда Ұлттық Банктiң қайта қаржыландыру операциялары тек 7 күндiк мерзiмде жүргiзiлетiнiн естен шығармау қажет, басқаша айтқанда, олар коммерциялық банктердi өтiмдiлiктi қолдау бойынша тек қысқа мерзiмдi қаржыландыруды көздейдi, бұл компаниялардың ұзақ мерзiмдi жобаларына әсер етпеуi тиiс.

— Елiмiздегi кейбiр екiншi деңгейлi банк өкiлдерi қаржылық дағдарысты ушықтырмас үшiн зейнетақылық жинақтаушы қорларындағы және Ұлттық қордағы қаржыны пайдалану туралы ұсыныс жасады. Бұл ұсынысқа қалай қарайсыз?

— Ұлттық Банк коммерциялық банктер Ұлттық қордың немесе жинақтаушы зейнетақы қорларының (ЖЗҚ) қаражатын пайдаланбай-ақ, сыртқы нарыққа енудiң қиындағанына қарамастан, өз беттерiнше қарыздарын өтей алады деп есептейдi. Оған қоса, Ұлттық қор мен ЖЗҚ алдында тұрған мақсаттар мен мiндеттер банктердiң мiндеттемелерiн өтеудi көздемейдi. Ұлттық қор Қазақстан экономикасының шикiзатқа деген әлемдiк баға динамикасынан тәуелдi болуын төмендетудi яғни, тұрақтылық функцияларын орындауды және мемлекеттiң жинақталған қаражатын қалыптастыруды, яғни жинақ функциясын қамтамасыз ету мақсатында құрылған болатын. Жинақтаушы зейнетақы қорларының активтерiн пайдалану жөнiндегi ұсыныстарға келетiн болсақ, ЖЗҚ алдымен салымшылардың активтерiн сақтау мен көбейтудi қамтамасыз етуi тиiс. Оған қоса, ЖЗҚ-ның зейнетақы активтерiн бағалы қағаздарға инвестициялау мүмкiндiгi бар, алайда осындай инвестициялау туралы шешiмдi әр ЖЗҚ өзiнiң инвестициялық саясатына қарай дербес қабылдайды. Бұл ретте ЖЗҚ өз активтерiн екiншi деңгейдегi банктерге инвестициялауға мiндеттеу мүмкiн емес. Өйткенi, бiр жеке тұлға екiншi жеке тұлғаның iс-әрекетi үшiн жауапкершiлiкте болмайды.

"ШЕТЕЛДIКТЕРДIҢ САТЫП АЛҒАНЫ ТИIМДI"

— Соңғы кездерi, әсiресе, былтырғы қаржылық дағдарыстан кейiн шетелдiк инвесторлардың қазақстандық банктердi сатып алудағы белсендiлiгi артты. Мысалы, АТФ банкi, ЦентрКредит пен т.б. банктер. Шетелдiктердiң отандық қаржылық құрылымдарына ауыз сала бастауынан кейбiр сарапшылар қауiптенсе, кейбiреулерi керiсiнше, игi әсерi тиедi дейдi. Сiз қай пiкiрдi жақтайсыз?

— Әлемдiк өтiмдiлiк дағдарысының банк жүйесiндегi ахуалға терiс әсерiне қарамастан, соңғы жарты жыл iшiнде қазақстандық банк саласында банктердiң саны өсiп келедi. Отандық банктерге шетелдiк инвесторлар тарапынан, атап айтқанда корей банктерi мен итальяндық банк тобы тарапынан қызығушылықтың өсуi жанама түрде болса да бiздiң банктердiң жағдайының жеткiлiктi дәрежеде тұрақты екендiгiн көрсетедi. Сөзсiз, Қазақстан банк жүйесiне шетелдiк қатысудың рөлi жоғары және елiмiздiң экономикасына, атап айтқанда, банк секторына қатысуы әрине оң әсер етедi. Өйткенi, банк саласының жариялылығы қамтамасыз етiледi, экономиканың транспаренттiлiгi күшейедi, оң бәсекелестiк артады және т.б. Сондықтан шетелдiк ойыншылардың Қазақстан банк жүйесiне келуiмен байланысты отандық банк секторының дамуы анағұрлым сапалы және бәсекеге қабiлеттi болмақ. Банк қызметтерiн ұсыну шарттарының жақсаруы, көрсетiлетiн қызметтер спектрiнiң өсуi, олардың тарифтерiнiң төмендеуi және т.б. мүмкiн. Сондықтан да шетелдiк инвесторлардың Қазақстан банк жүйесiне келуiн құптаймыз.

— Қазақстандық қаржы саласы жайлы сөз қозғағанда, 2007 жылғы қаржылық дағдарыс пен әлемдiк нарықтың бүгiнгi ахуалын сырт айналып өту мүмкiн емес. Сiздiңше, былтыр халықаралық қаржы саласындағы қиындық қазақстандық қаржылық құрылымдарға қалай әсер еттi?

— АҚШ-тағы ипотекалық несие нарығындағы дағдарыстың кесiрiнен ушығып кеткен әлемдiк қаржылық дағдарыс дамып келе жатқан нарықтың бiразы үшiн сырттан қарыз алу мүмкiндiгiне жол бермедi десек болады. Әлемдiк қаржы нарығында туындаған проблемалар банк жүйесiнiң тәуекелдi-менеджментiндегi қордаланып қалған мәселелердi ашып көрсеттi және ұлттық экономиканың сыртқы қаржылық дағдарысқа төтеп беру күшiне төнетiн қауiптi күшейтуге әкеп соқты. Сыртқы қаржыландыру ресурстық базасын толықтырудың маңыз¬ды көзi болып табылатын қазақстандық банктер қаражат тапшылығымен бетпе-бет келдi. Осыған қарамастан, бiрде бiр банк iшкi мiндеттемелер бойынша да, сыртқы мiндеттемелер бойынша да дефолтқа жол берген жоқ. Банктер сыртқы ресурстарға қол жеткiзу жағдайының нашарлауына қарамастан, тек сыртқы мiндеттемелерi бойынша жауап беру қабiлеттiлiгiн көрсетiп қана қоймай, шетелден қосымша ресурстар тартуға қабiлеттi екендiгiн де көрсеттi. Банктердiң жеткiлiктi активтерi, оның iшiнде сыртқы активтерi де бар, олар iске асқан жағдайда жеткiлiктi қаражат қоры қамтамасыз етiлетiн болады. Сонымен бiрге туындаған қысқа мерзiмдi қаржылық қиындыққа қарамастан, банктер экономиканы несиелеудi тоқтатқан жоқ. Бұл ретте 2007 жылғы тамыздан бастап сектордың өсуiнiң баяулағанын байқауға болады. Мысалы, 2007 жыл iшiнде экономикадағы несиелер көлемi 54,7%-ға, оның iшiнде тамыз-желтоқсанда 1,8%-ға ұлғайды.

— 2007 жылы Үкiмет банк саласын, құрылыс пен шағын және орта кәсiпкерлiктi дамыту мақсатында 4 млрд. доллар бөлуге шешiм қабылдады. Оның 1 млрд.тан астамы бөлiндi. Бiрақ Қазақстандағы екiншi деңгейлi банктер құрылыс саласын дамытуға аса құлшынып отырған жоқ. Осының кесiрiнен елiмiздегi үлескерлер наразылығы артып барады. Бұл проблема тез арада шешiмiн табу үшiн қандай шаралар атқарылуы тиiс?

— Банк несие берушi ретiнде қарыз алушыларға олардың нақты несиелiк қабiлеттiлiгiн бағалау мақсатында тиiстi талаптар қояды. Сондықтан, құрылыс саласына бөлiнген қаражат — мемлекеттiк қаражат болғанына қарамастан, құрылыс компанияларын қаржыландыруға байланысты барлық несиелiк тәуекелдердi бәрiбiр коммерциялық банктер өздерi көтередi. Бұл ретте, жылжымайтын мүлiк нарығындағы сату болжамын және тиiсiнше құрылыс компанияларының пайдаларын бiршама түзетуге әкелетiн өзгерген жағдайды да, сондай-ақ, қазақстандық банктер тарапынан несиелеу талаптарын қатаңдатуды да ескеру қажет. Сондықтан банктер құрылыс нысандарын салушыларға несие беру кезiнде нарықтағы нақты жағдайды талдауды және тәуекелдердi бағалауды ескеретiн болады. Мұндайда, қазақстандық банктердiң қайтадан өз назарларын құрылыс саласына аударуы және оны белсендi несиелеудi бастауы үшiн бiрiншi кезекте әрине, құрылыс салушылар қызметiнiң ашықтығын жоғарылату қажет.

IРО-ҒА ҚЫЗЫҒУШЫЛЫҚ АЗ

— Былтыр мұнай бағасының төмендейтiнi туралы болжамдар мен сенiм басым болатын. Алайда, биыл керiсiнше, әлемдiк нарықтағы "қара алтынның" бағасы едәуiр артты. Халықаралық сарапшылар мұнайдың бiр баррелi биыл 100 доллардан төмен болмайтынын айтады. Бүгiнде елiмiздiң қаржы саласы қаржылық-несиелiк қай стратегия бойынша басқарылуда?

— Ел экономикасы ахуалының энергетикалық қорлардың құнынан, әсiресе, мұнай бағасынан және елге әкелiнетiн капиталдан тәуелдi болуының жоғары екендiгiн ескере отырып, алдыңғы жылдары Ұлттық Банктiң ақша-несие саясатын әзiрлеген кезде негiзгi көрсеткiштердiң бiрi — әлемдiк мұнай бағасы болды. Әлемдiк қаржы нарықтарында қалыптасқан тұрақсыз жағдай 2008 жылы әлемдiк капитал нарықтарының ашық болу деңгейiнiң және отандық банктердiң өздерiнiң сыртқы мiндеттемелерiн қайта қаржыландыру қабiлетiнiң Ұлттық Банктiң ақша-несие саясатын жүргiзуде негiзгi қағида болып табылуына ықпал еттi. 2008 жылы Ұлттық Банк "қатаң" ақша-несие саясатын жүргiзуiн азайтады. Қазақстанда экономика өсуiнiң баяулауы жағдайында Ұлттық Банктiң осындай саясаты неғұрлым дұрыс болады деп санаймыз. Бұл ретте Ұлттық Банктiң ақша-несие саясатындағы мұндай түзетудiң өзi оның негiзгi мақсатының өзгеруiн емес, керiсiнше, елде баға тұрақтылығын қамтамасыз етудi бiлдiретiнiн атап өткен жөн. Қысқа мерзiмдi ноталар шығару, екiншi деңгейдегi банктерден салымдар тарту, қайта қаржыландыру қарыздарын беру қаржы нарығындағы сыйақы көрсеткiштерiн реттеудiң, сондай-ақ банктердегi қаражаттық реттеудiң негiзгi операциялары болып қалуда. Ұлттық Банк мемлекеттiк және агенттiк бағалы қағаздарды кепiлге салып керi РЕПО операцияларын жүргiзу түрiнде екiншi деңгейдегi банктерге қайта қаржыландыру қарыздарын берудi жалғастыратын болады. Керi РЕПО операцияларын жүргiзген кезде кепiлмен қамтамасыз етудiң тiзбесiне ҚҚА талаптарына сәйкес екiншi деңгейдегi банктерге сатып алу рұқсат етiлген Қазақстан Республикасының ұлттық компанияларының бағалы қағаздары, шетелдiк мемлекеттердiң бағалы қағаздары және халықаралық қаржы ұйымдарының бағалы қағаздары кiргiзiлдi. Банктердiң валюталық СВОП операцияларын жүргiзуi, сондай-ақ, банктердiң Ұлттық Банктегi корреспонденттiк шоттарындағы қалдықтарын кепiлге салып қысқа мерзiмдi несиелер беруi екiншi деңгейлi банктердiң Ұлттық Банктiң банк қарыздарын беру мәселелерi жөнiндегi ынтымақтастық және өзара iс-әрекет туралы келiсiм жасағанда ғана жүзеге асырылатын болады. Iшкi және сыртқы капитал нарықтарындағы ахуал нашарлаған жағдайда Ұлттық Банк қаржы нарығының тұрақтылығын қамтамасыз ету жөнiнде шаралар қабылдайтын болады. Бұл ретте Ұлттық Банк банктерге айтарлықтай көлемде ұзақ уақыт тiкелей көмек беруден қалыс қалатын болады. Соған қарамастан, Ұлттық Банк ҚҚА-мен және Үкiметпен бiрлесiп, әр түрлi жанама құралдарды (активтердi сақтандыру, банктердiң облигациялармен және акциялармен операциялары, даму құрылымдары арқылы өтiмдiлiгiн ұсыну және басқалары) пайдалана отырып, банк саласын қолдау тетiктерiн әзiрлеудi және белсендi пайдалануды жоспарлап отыр. Теңгенiң айырбас бағамын әлсiретуге жасалған қысым жағдайында Ұлттық Банк теңгенiң айырбас бағамының қысқа мерзiмдi күрт ауытқуларына жол бермейтiн болады, бұл ретте теңгенiң ауытқу бағамының бағдарлары немесе дәлiздерi белгiленбейтiн болады.

— Қазiргi таңда Қазақстанның халықаралық қаржы қорының көлемi қанша? Ресми деректерге сүйенсек, елiмiздiң алтын валюталық қоры 40 млрд. доллардан асыпты. Болжам бойынша, бұл көрсеткiш 2008 жылы қаншаға жетпек?

— Қазақстанда айтарлықтай қаржы резервтерi бар (Ұлттық Банктiң халықаралық активтерi және Ұлттық қордың активтерi), оның көлемi 2008 жылғы наурыздың аяғында 42,4 млрд. АҚШ долл. құрады (ЖIӨ-ге қарағанда 40%-дан астам). Бұл ретте Ұлттық Банктiң халықаралық активтерiнiң көлемi 19,3 млрд. АҚШ долл. құрады, мұның өзi тауарлар мен қызмет көрсетулер импортының 5 айға жуығын жабады. Бұл деңгей әбден жеткiлiктi болып саналады. Себебi, халықаралық қаржы ұйымдары белгiлеген ең төменгi қажеттi деңгей 3 айды құрайды. Ұлттық Банктiң халықаралық активтерi, кем дегенде, елдiң өзiнiң халықаралық мiндеттемелерiн орындауға қажет деңгейде сақталады деп күтiлуде. Ұлттық қорға келсек, мұнайдың әлемдiк жоғары бағасын ескере отырып, оның көлемi 2008 жылдың iшiнде едәуiр өсетiн болады.

— Әлемдiк нарық инвестициялық көмекке зәру. Сiздiңше, үстiмiздегi жылы Қазақстанға тiкелей тартылатын халық¬аралық инвестициялар мәселесi қалай шешiлмек? Қай салаға және қандай жобаларға баса назар аударылады?

— Энергетикалық қорларға деген әлемдiк нарықтағы баға құнының жоғары деңгейде сақталуы мұнай кен орындары инфрақұрылымдарын дамытуға шетелдiк тiкелей инвестициялардың тiкелей әрi тұрақты түрде тартылуын қамтамасыз етедi. Мұнай бағасы үстiмiздегi жылы да өсуде, сондықтан республика экономикасына шетелдiк тiкелей инвестицияларды тарту көлемi жоғары деңгейде қалады. 2007 жылы Қазақстанға шетелдiк тiкелей инвестицияларды тартудың жалпы ағыны 17,5 млрд. долларды құрады, бұл 2006 жылғымен салыстырғанда, 7 млрд.долларға жуық көп. Мұнай-газ саласындағы iрi жобаларға инвестициялар экономикалық қызмет түрлерi бойынша шетелдiк тiкелей инвестициялардың жалпы ағынының құрылымын айқындайды. Инвестициялардың неғұрлым үлкен көлемi қызметiнiң негiзгi түрлерi геологиялық барлау және iздеу (инвестиция көлемiнiң 40% жуығы) және өңделмеген мұнай мен табиғи газ (25% жуық) өндiру болып табылатын кәсiпорындардың акционерлiк капиталына жүзеге асырылды. Сонымен қатар, шетелдiк инвесторларды түстi металлургия, сауда және қаржы делдалдығы қызықтыруда.

— Қазақстандық қор нарығы ендi қалыптасып келедi. Отандық компаниялар мен банктердiң халықаралық қор биржасына (IPO) шығу мүмкiндiгiн қалай бағалайсыз?

— Отандық компаниялар мен банктердiң халықаралық қор нарығына шығу мүмкiндiгi осы нарықтардың оларға ашық болу, яғни, дамып келе жатқан экономикалардың эмитенттерiне деген сенiмнiң арту деңгейiмен айқындалады. Қазiргi уақытта мұндай мүмкiндiк жоқ. Акцияларды кәсiби емес инвесторлар нарықтарында IPO-да орналастырудың қазiргi жағдайы эмитенттер үшiн тартымды болмай отыр. Сонымен бiрге, IPO-ны жүзеге асыруға қатысты, бұл жерде сондай-ақ жеке компаниялардың акциялар шығару арқылы өздерiнiң қаржыландыруға мүдделi болуы қажет екендiгiн атап өткiмiз келедi. Алайда, бүгiнгi күнi мұндай мүдделiлiк өте төмен.

— Әңгiмеңiзге рахмет!

Әңгiмелескен Нәзия ЖОЯМЕРГЕНҚЫЗЫ

Редакция таңдауы

Балалар әдебиеті: есейген қаламгер ме, балалар ма?

Балалар әдебиеті – әдебиеттің ең бір елеулі саласы. Халқымызда ежелден балалар әдебиетінің бай фольклорлық үлгісі болды. Ертегі, жаңылтпаш, мазақтама, жұмбақ, т.б. Мұндай қызықты нәрселердің...

Қысқа жіп күрмеуге келмей…

Былтыр жыл соңында Дүниежүзілік банк Қазақстанда кедейлер саны 1,5 млн адамға көбеюі мүмкін деген болжам жасады. Сарапшылар 2020 жылы Нұр-Сұлтан мен Алматы қаласы тұрғындары...

Латынграфикалы қазақ әліпбиі: кірме терминдерді жазудағы ұстанымдар

2019 жылғы қазанда Ұлттық кеңес­тің кезекті отырысында Қазақстан Республика­сы­ның Президенті Қ.Тоқаев ғалым­дар­ға жаңа қазақ ұлт­тық латынграфикалы әліпбиін же­тілдіруді тап­сыр­ған болатын. Ал 2021 жылғы 28...

Тәуелсіздік күнтізбесі

1992 жылғы 5 наурызда Қазақстан Республикасы мен Мысыр Араб Республикасы арасында дипломатиялық қаты­нас орнады. 1993 жылғы 5 наурызда Қазақстан Республикасы Прези­дентінің «Мемлекеттік холдингтік компаниялар туралы»...
nsvpcb3y

Атырауда автотұрақтағы 5 автобус өртеніп кетті

Оқиға салдарынан қаза болғандар мен зардап шеккендер жоқ. Атырау облысындағы Теңіз кенішінде...
zhemkorlyk

Елімізде 2021 жылғы алғашқы екі айда 120 адам жемқорлыққа қатысты сотты болған

2021 жыл басталғалы бері  шамамен 120 адам жемқорлық ісіне қатысты сотты болған. Бұл...
din

Экстремистік идеология жақтастарын райынан қайтару – басты міндет

Қазақстанда  жат діни ағымдарды түбегейлі ауыздықтау мүмкін болмай отыр. Діни ахуалдың тереңдеуіне...

Жаңалықтар

Атырауда автотұрақтағы 5 автобус өртеніп кетті

Оқиға салдарынан қаза болғандар мен зардап шеккендер жоқ. Атырау облысындағы Теңіз кенішінде 5 автобус өртеніп кетті, деп хабарлайды inbusiness.kz Оқиға 5 наурызда сағат 19:30-да Жылыой...

Елімізде 2021 жылғы алғашқы екі айда 120 адам жемқорлыққа қатысты сотты болған

2021 жыл басталғалы бері  шамамен 120 адам жемқорлық ісіне қатысты сотты болған. Бұл жөнінде ҚР сыбайлас жемқорлыққар қарсы іс-қимыл агенттігінің Telegram каналында хабарланды. Cотталғандардың ішінде 28...

Экстремистік идеология жақтастарын райынан қайтару – басты міндет

Қазақстанда  жат діни ағымдарды түбегейлі ауыздықтау мүмкін болмай отыр. Діни ахуалдың тереңдеуіне қауіптің  алдын алу жұмыстарының жеткіліксіздігі себеп болуда. Бұл туралы Алматыда Абай атындағы...

Әлемде адам тіршілігі үшін қажетті негізгі тауарлардың бірі таусылуға жақын

Дүние жүзінде адам тіршілігі үшін маңызды тауарлардың бірі — құмның тапшылығы сезіле бастады. Құм судан кейінгі ең көп сұранысқа ие ресурс болып саналады, деп...

Бас санитардың жаңа қаулысы шықты

ҚР ДСМ Бас мемлекеттік санитар дәрігері Ерлан Қиясовтың жаңа қаулысы жарияланды.  Жаңа қаулыға сәйкес, қылмыстық-атқару мекемелерінде санитариялық-дезинфекциялық режимді сақтау алгоритмі» атты 24-қосымшада 4-тармақ өзгертілді. «4. Маскаларды...

Дәрігер әйел адамның денсаулығына қауіп төндіретін ең зиянды өнімдерді атады

Ресейлік диетолог Наталья Круглова әйел адамның денсаулығы мен сұлулығы үшін ең қауіпті тағам түрлерін атады, деп хабарлайды Lenta.ru. Дәрігердің сөзінше, әйелдер жейтін тағамының калориясына мән...

Елорда асханаларының бірінде өрт шықты (видео)

"5 наурыз күні сағат 11.48-де өрт сөндіру бөлімнің қызметкерлері шұғыл түрде Достық көшесінде орналасқан "Избушка" дәмханасына аттанды", – делінген астаналық төтенше жағдайлар департаментінің хабарламасында. Тұрғын...

«Қазақалтын» кенішінен 122 миллион теңгенің алтыны қолды болды

Ақмола облысында «Қазақалтын» кенішінен 122 миллион теңгенің алтыны ұрланды, деп хабарлады zakon.kz. «Ақмола облыстық полиция қызметкерлері 2 наурызға қараған түні «Қазақалтын» АҚ-қа тиесілі катодты алтынды ұрлау...

Орыс тілінде сөйлеген депутат партия қатарынан қуылды

Украинада Харьков облыстық кеңесінің депутаты Александр Дорошенко орыс тілінде сөз сөйлегені үшін  партия қатарынан шығарылды, деп хабарлайды РИА Новости. "Еуропалық ынтымақтастық" партиясы баспасөз қызметінің мәліметінше, ...

Жамбылда 38 елді мекенді қызыл су басуы мүмкін

Жамбыл облысында 38 елді мекен су астында қалуы мүмкін. Олардың басым көпшілігі су қоймаларының маңайында орналасқан. Егер көктемде күн күрт жылып, таудағы қар ерісе...

Елімізде жаңа мереке пайда болды

ҚР Премьер-Министрі Асқар Мамин «Қазақстан Республикасындағы мерекелік күндердің тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2017 жылғы 31 қазандағы № 689 қаулысына толықтыру енгізетін бұйрыққа...

«Алаяқтардың қолына түсуі мүмкін»: Маман телефоннан қандай хабарламаларды жойып отыру керегін айтты

"Цифрлық платформалар" автономды коммерциялық емес ұйымының бас директоры Арсений Щельцин смартфоннан қандай хабарламаларды өшіріп отыру керегін айтты, деп хабарлады РИА Новости.     Маманның айтуынша, телефоннан...

Алматылық оқушы халықаралық математика лигасында топ жарды

Алматы қаласындағы «Білім-Инновация» мамандандырылған лицейінің 9-сынып оқушысы Нұрасыл Бейсенбай  The Math League – Халықаралық математика лигасында топ жарды, деп хабарлайды Алматы арнасы.  Олимпиадаға әлем бойынша...

Өр тұлғалы өңір басшысы

Күрделі кезеңдерде республикамыздың бес облысының әкімі болған, Елбасының сенімді сардарына айналған Бердібек Сапарбаевтың атқарған еңбегін, көзбен көріп, көңілге түйген сол облыстардың халқы әлі күнге...

Қасым-Жомарт Тоқаев түрік халқына көңіл айтты

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Кугар» әскери тікұшағының апатқа ұшырап, бірнеше адамның қаза болуына байланысты Түркия Президенті Реджеп Тайип Ердоғанға Қазақстан халқының және жеке өзінің...

8 наурызға 18 кітап

Көктемнің алғашқы шуақты мерекесі жақындаған сайын көпшілігімізді, әсіресе ер-азаматтарды жақындарыма «не сыйласам?» деген сауал мазалайтыны белгілі. Кітап сыйлаңыз. Жақсы таңдалған құнды кітап басқа жанның...

Елімізде мұнай және газ-химия саласында 5 зауыт салынады – министр

Энергетика министрі Нұрлан Ноғаев 2025 жылға дейін елімізде мұнай және газ-химия саласында 5 зауыттың құрылысы аяқталатынын айтты. Мемлекет басшысы Үкіметтің кеңейтілген отырысында мұнай және газ-химия...

Қазақстанда әйелдер мемлекеттік қызметтерді алуға аз жүгінеді

Халықаралық әйелдер күні қарсаңында Азаматтарға арналған үкімет мемлекеттік қызметтерге қанша әйел жүгінетінін есептеп көрді. Белгілі болғандай, 2020 жылы мемлекеттік корпорацияға түрлі қызметтерді алу үшін 6,2...

8 наурыздан бастап Өзбекстанға жаңа әуе рейсі ашылады

2021 жылғы 8 наурыздан бастап «SCAT» әуе компаниясы Ақтау және Үргеніш қалалары арасында аптасына 2 рейс орындай бастайды, – деп хабарлады ҚР ИИДМ баспасөз...

АҚШ ғалымдары коронавирус инфекциясын қоздыратын қан тобын анықтады

АҚШ ғалымдарының зерттеуі бойынша, ІІ қан тобының иелері коронавирус инфекциясының жұқтыруға «бейім» келеді. Гаврард медициналық мектебінің «Бригэм энд уименз» клиникасында қызмет ететін ғалымдардың бұл...

Коронавирус: 226 адамның жағдайы ауыр

5 наурыздағы мәлімет бойынша, Қазақстанда 18 882 адам короновирус инфекциясынан (13 236 КВИ+ және 5 646 КВИ-) емделіп жатыр. Денсаулық сақтау министрлігінің Telegram каналында олардың...

Ауа райының бұзылуына байланысты 7 өңірде көлік қозғалысы шектелді

ҚР ИИДМ баспасөз қызметінің мәліметінше, республикалық маңызы бар жолдардың төмендегідей учаскелерінде қозғалысқа шектеу енгізілді. Ақмола облысында: 1. 03.03.2021 ж. сағат 16.00 «Жезқазған-Петропавл» автожолының 377-536 шақырымында,...

Ақылы автожолдарда көлігі бұзылған жүргізушілерге тегін көмек көрсетіледі

«ҚазАвтоЖол» Ұлттық компаниясы ақылы автожолдарда жанармайы таусылған немесе автокөлігі бұзылған жүргізушілерге көмек тегін көрсетілетінін мәлімдеді. Павлодар облысының Павлодар, Екібастұз, Ақсу, Аққулы, Железин және Тереңкөл аудандарында...

5 наурыз: еліміздің тарихында қандай айтулы оқиғалар болды

Осыдан 25 жыл бұрын, яғни 1996 жылы 5 наурызда Ақмола облыстық қазақ музыкалық-драма театры «Ақан сері-Ақтоқты» пьесасының (режиссер Ж. Омаров) қойылымымен ашылды. Сол жылы...

Елордада ауа райының бұзылуына байланысты оқушылар қашықтан оқиды

Нұр-Сұлтан қаласының Білім басқармасы бүгін ауа райының күрт бұзылуына байланысты мектеп оқушылары мен колледж студенттері қашықтан оқыту форматына көшірілгенін хабарлады. «Нұр-Сұлтан қаласының Білім басқармасы хабарлайды:...

ШҚО-да дүкенге маскасыз кірген адамға айыппұл салынды

Шығыс Қазақстан облысының 5 ауданында карантиндік шектеуді бұзғандар тіркелді. ШҚО Ақпарат орталығының мәліметіне сүйенсек, мониторингілік топтар Шемонаиха ауданында 74 нысанға тексеру жүргізіп, ереже бұзудың 1...

Өткен тәулікте 857 адам коронавирус жұқтырды

Қазақстанда өткен тәулікте 857 адамнан коронавирус анықталды, – деп хабарлады coronavirus2020.kz. Аймақтар бойынша: Нұр-Сұлтан қаласы - 132, Алматы қаласы - 134, Шымкент қаласы - 27,...

Еліміздің басым бөлігінде қар аралас жаңбыр жауады – Қазгидромет

5 наурыз күні Қазақстанның басым бөлігіне әлі де Солтүстік-Батыс циклонның әсері сақталады, жаңбыр мен қар түрінде жауын-шашын күтіледі, – деп хабарлады «Қазгидромет» РМК. Республиканың оңтүстік...

Абай атындағы университет үздіктер қатарына енді

Абай университеті екі бағдарлама бойынша QS World University Ranking by Subject-2021 рейтингінде топ-250 үздіктер қатарына енді. Абай атындағы ҚазҰПУ алғаш рет «QS World University Ranking...

Кремль: «Cанкцияның әсері де, мағынасы да жоқ»

АҚШ-тың "Навальныйдың ісі" бойынша жаңа санкциялары екіжақты қатынастарға "қатты әсер етеді", қазірдің өзінде "жағдай нашар". Бұл туралы Кремльде айтылды. АҚШ-та Ресейдің жаппай қырып-жоятын қару бағдарламасын...

«Құтадғу біліктің» жаңа аудармасы оқырманға тарту етілді

Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің «Отырар» кітапханасында Жүсіп Баласағұнның «Құтадғу білік» еңбегінің жаңа аудармасының таныстырылымы өтті. Қарахандар дәуірінде 1069 жылы жазылған құнды жәдігер...

Министрлік коронавирус «гүл арқылы жұғады» деген ақпаратқа түсінік берді

Коронавирус инфекциясы гүл арқылы жұғады деген ақпарат жалған. Бұл туралы Денсаулық сақтау министрлігінің санитарлық-эпидемиологиялық бақылау комитеті өкілдері айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Департамент мәліметіне қарағанда, Желіде...

Балалар әдебиеті: есейген қаламгер ме, балалар ма?

Балалар әдебиеті – әдебиеттің ең бір елеулі саласы. Халқымызда ежелден балалар әдебиетінің бай фольклорлық үлгісі болды. Ертегі, жаңылтпаш, мазақтама, жұмбақ, т.б. Мұндай қызықты нәрселердің...

Бішкекте қандасымызға арналған музыкалық кеш өтті

1 наурызда  Бішкектегі К.Молдобасанов атындағы Қырғыз ұлттық консерва­тория­сында Қыр­ғыз Республикасындағы қазақтардың арасынан шық­қан талантты әнші, қырғыз елінің  мә­дениетіне еңбек сіңірген қайраткер Ержан Му­синді еске...

Енді WhatsApp-тың компьютерлік нұсқасында бірнеше адаммен видео арқылы сөйлесуге болады

WhatsApp мессенджерінің компьютер арқылы қосылатын нұсқасында бірнеше адам видео және аудио байланыс арқылы сөйлесе алады, - деп хабарлайды Tech Crunch. Аудио және видео қоңыраулар шифрлау арқылы...

Ауылдағы іскер әйелдерге 4000 доллар қайтарымсыз грант беріледі

Ауылды жерлерде кәсіпкерлікпен айналысатын әйелдердің 4000 доллар қайтарымсыз грант ұтып алу мүмкіндіктері бар, деп хабарлайды Аtameken Business.     https://youtu.be/rIWRXS-QT2Q Ол үшін өз ісіңізді ашуға деген...

2020 жылы Қазақстанда 48 ірі сүт фермасы іске қосылған

Өткен жылы ауыл шаруашылығы саласында импорттық өнімдерді алмастыру жоспары бойынша Қазақстанда 48 тауарлы сүт фермасы, 3 ет комбинаты іске қосылды. Бұл туралы Ауыл шаруашылығы...

Пандемия кезінде гендерлік теңсіздік күшейді – ДДСҰ

Пандемия Еуропадағы гендерлік теңсіздікті күшейтті. Бұл туралы Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының (ДДСҰ) Еуропалық аймақтық бюросының директоры Ханс Клюге бейсенбі күні Facebook-те жарияланған Копенгагенде өткен...

Украина коронавирустың үшінші толқынына дайындалуда – Премьер-министр

Украина премьер-министрі Денис Шмыгаль елде COVID-19 үшінші толқынының басталғанын мәлімдеп, келесі локдаунның мүмкіндігін жоққа шығармайтынын айтты.  Укринформ сайтының мәліметінше, Денис Шмыгаль жағдайды бейімделген карантин құралдарымен...

Қысқа жіп күрмеуге келмей…

Былтыр жыл соңында Дүниежүзілік банк Қазақстанда кедейлер саны 1,5 млн адамға көбеюі мүмкін деген болжам жасады. Сарапшылар 2020 жылы Нұр-Сұлтан мен Алматы қаласы тұрғындары...

Еліміздегі мешіттер қазақы стильде болуы керек – Бас мүфти

Елордада Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының төрағалығымен Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы жанынан құрылған Қазақы стильдегі мешіт құрылысы бойынша жұмыс тобының алғашқы мәжілісі өтті, –...

«Nur Otan»: Түркістанның тазалығына жауапты көпбалалы аналар ардақталды

Бүгін «Nur Otan» партиясының Түркістан облыстық филиалында 8 Наурыз – әйелдердің халықаралық мерекесіне орай, бір топ көпбалалы анаға құрмет көрсетілді. Партияның «Бақытты отбасы» жобасы...

Жаңа орда құратын ұрпақ тәрбиелегіміз келеді

Парасат ТАНЕН, Orda Gen жобасының директоры: Тәуелсіздіктің ақ таңында дүниеге келген сәбилердің емін-еркін ойланып, жан-жақты дамып, қазақы мінез қалыптастыруына ертегі арқылы жол ашу – Orda...

Жасотандықтар мереке қарсаңында жас аналарға құрмет көрсетті

8 наурыз қарсаңында жасотандықтар Нұр-Сұлтан қаласындағы №2 көпбейінді орталық аурухананың акушерлік бөлімнің нәзік жанды қызметкерлері мен аналарын құттықтады. «Jas Otan» ЖҚ жетекшісі Нұржан Жетпісбаев: «Әйелдер күнімен...

Өскеменде баланы еденге лақтырған тәрбиешіге іс қозғалды (видео)

Өскемен қаласындағы «Арман» балабақшасының тәрбиешісіне қатысты қылмыстық іс қозғалды. ШҚО әкімдігінің баспасөз қызметі мәлімдегендей, 3 наурызда облыстық білім басқармасына хабарласқан ата-ана «Арман» балабақшасындағы «Еркетай» тобы...

Латынграфикалы қазақ әліпбиі: кірме терминдерді жазудағы ұстанымдар

2019 жылғы қазанда Ұлттық кеңес­тің кезекті отырысында Қазақстан Республика­сы­ның Президенті Қ.Тоқаев ғалым­дар­ға жаңа қазақ ұлт­тық латынграфикалы әліпбиін же­тілдіруді тап­сыр­ған болатын. Ал 2021 жылғы 28...

Тәуелсіздік күнтізбесі

1992 жылғы 5 наурызда Қазақстан Республикасы мен Мысыр Араб Республикасы арасында дипломатиялық қаты­нас орнады. 1993 жылғы 5 наурызда Қазақстан Республикасы Прези­дентінің «Мемлекеттік холдингтік компаниялар туралы»...

Алма ҚҰНАНБАЕВА, Стэнфорд университетінің профессоры: Америкалықтар қазақтың киіз үйіне келіп, күйін тыңдауға құмар

АҚШ-тағы әлемге әйгілі Стэнфорд университетінің профессоры Алма Құнанбаева көп жыл бойы америкалық студенттерге қазақ мәдениеті туралы лекция оқыған. Сонымен қатар ол Беркли қаласында Орта...

Ақмола облысында шахтада топырақ басып қалған жұмысшылар құтқарылды

Ақмола облысында шахтада топырақ үйіндісінің астында қалған екі жұмысшы құтқарылды. Oблыстық ТЖД баспасөз қызметінің мәліметінше, оқиға 4 ақпан күні Астрахан ауданындағы «Айна – ресурс» ЖШС...

Сарқылмас сезім бұлағы

Өнер атаулы сұлулықты дәріптеуден тұрады десек, сол дәріптеудің таусылмас кені, сар­қыл­­мас шабыт көзі – әйелдер. Және бұл өнер­­дің барлық түріне тән. Ежелгі дәуірден бері...

Ақұштап БАҚТЫГЕРЕЕВА: Ақынның мақсаты – әлдекіммен қылыштасу емес, ақиқатқа көз жеткізу

8 наурыз Халықаралық әйелдер күні қарсаңында Túrkistan басы­лымы арқылы қазақ қыздарына өз ақыл-кеңесімді айтқым келеді. Басылымдарыңызды замандастарыммен қатар оқитын жас қыз-келіншектер пайдалысын көңіліне тоқып,...

Рухани жаңғыру − рух тазалығына ұмтылу

Әр дәуір өз жаңалығымен келеді десек те, ұлт ретінде қалып­тас­қан халықтың өзгермейтін бір талабы болады, ол − ру­хани тұрғыдағы біртектіліктен ажырамау. Елді ел ететін...

Енді педагогтер жұмысқа конкурс арқылы қабылданады – министр

Бүгін Парламент Сенатында депутаттар білім саласына қатысты бірнеше маңызды жаңа нормаларды қамтитын заң жобасын қарастырып, мақұлдады. Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов осы құжатта...

Қазынаның шығыны көп, кірісі аз

2020 жыл әлем экономикасы үшін сынақ жылы болды. Көрсеткіштердің бәрі кері кетті. Алыс-беріс азайып, барыс-келістің тоқтауы көп елдің қазынасын ортайтып, қарызын еселеді. Пандемия  Қазақстан...

Тәж-Махалдан мыңнан астам турист эвакуацияланды

Бейсенбі күні таңертең Үндістанның Агра қаласындағы Тәж-Махал кесенесі аумағынан кем дегенде мыңнан астам турист эвакуацияланды, – деп жазды Hindustan Times газеті. Басылымның мәліметінше, жергілікті полицияға...

Жоғарғы соттың екі судьясы қызметінен босатылды

Парламент Сенатының жалпы отырысында ҚР Жоғарғы сотының судьялары қызметінен босатылды. «Сіздердің қарауыңызға Анатолий Сергеевич Смолинді және Серік Қазбекұлы Әбнәсіровті Жоғарғы Сот судьясының қызметінен босату туралы...

Қаржы министрлігі аппаратының жаңа басшысы тағайындалды

ҚР Қаржы министрінің бұйрығымен Абзал Бейсенбекұлы Қаржы министрлігі аппаратының басшысы қызметіне тағайындалды, – деп хабарлады осы ведомствоның баспасөз қызметі. Абзал Бейсенбекұлы 1985 жылы Жамбыл облысында дүниеге...

Австралияда «жұмбақ рейстерге» билет сатыла бастады

Австралиялық Qantas әуе компаниясы бағыты беймәлім рейстердің ашылғаны туралы хабарлады. Компания "жұмбақ рейстер" деп атаған тасымалдың бұл түрі – шекаралар жабық кезде ішкі рейстерді...

Шетелден 500 млн доллардан астам қаржыға сатып алған малдың пайдасы болды ма?

Қазақстан соңғы жылдары шетелден 153 мыңнан астам асыл тұқымды мал сатып алған. Оған барлығы 500 миллионнан астам доллор жұмсалған. Бірақ сатып алып келген малдан...

Оралда көпірдің астынан жас жігіттің мәйіті табылды

Азиат пішіндес жас жігіттің мәйіті бүгін сағат 07.01-де Орал қаласына қарасты Деркөл кентіндегі көпірдің астынан табылған. Бұл туралы БҚО денсаулық сақтау департаменті хабарлады.  Жасы шамамен...

Терезеден құлап кеткен баланы құтқарған павлодарлық 1 млн теңге сыйақы алды

Павлодар қаласының тұрғыны Александр Жұмабаевқа терезеден құлаған баланы құтқарғаны үшін миллион теңге берілді. Ер адам биіктен құлап кеткен қызды қағып алуға үлгермей қалды, алайда...

Туысының үйінен соғым етін ұрлаған жамбылдық бас бостандығынан айрылуы мүмкін

Соғым етін ұрлаған жамбылдық тұрғын бас бостандығынан айрылуы мүмкін,  деп хабарлайды Polisia.kz. Ағымдағы жылдың 1 наурызында Т.Рысқұлов аудандық полиция бөліміне Көгершін ауылының тұрғыны xабарласып, үйінің...

Қазақстанда төлқұжаты жоқ 3,5 мыңнан аса адам анықталды

Қазақстанда жеке басын куәландыратын құжаттары жоқ 3,5 мыңнан аса адам анықталды. Бұл жайында Мәжіліс депутаттарының сауалына ҚР Премьер-Министрі Асқар Маминнің жауабында айтылған. «2020 жылғы қыркүйек...

Apple саңылаусыз iPhone шығарады

Apple физикалық порттарсыз жұмыс істейтін смартфон өндірісін қолға алды. Бұл туралы Appleosophy басылымы хабарлады. Дереккөздердің хабарлауынша, америкалық компанияның инженерлері iPhone-ды компьютермен синхрондаудың жаңа әдістерін жасауда....

Алматыда «Рахат» базарының 300-ге жуық саудагері наразылыққа шықты

Алматыда "Рахат" базарының 300-ге жуық саудагері өздері жан бағып отырған сауда орнының жабылуына қарсылық білдіріп, наразылыққа шықты. Айтуларынша, орнына жиһаз фабрикасын салуға рұқсат беріпті,...

Жұмыс істеуге ең қолайлы мемлекет анықталды

Әлемдегі еңбек мигранттарының ширек бөлігіне жуығы жұмыс істеу үшін Канадаға қоныс аударуды құп көреді екен. Бұл туралы BCG және The Network-тің бірлескен зерттеуінде айтылған,...

Ақмола облысының күре жолдарында көлік қозғалысы шектелді

Ауа райының қолайсыздығына байланысты Ақмола облысының күре жолдарында көліктің барлық түрлерінің қозғалысына шектеу қойылды.  4 наурыз күні сағат 07.00-де Ақмола облысында ауа райының нашарлауы (жел,...

Коронавирусты «мәңгілікке» жұқтырған алғашқы науқастар тіркелді

Америкалық дәрігерлер коронавирусты "мәңгілікке" жұқтырудың алғашқы жағдайларын анықтады, деп хабарлайды medRxiv.  Оңтүстік Калифорния университетінің мамандары вирустың іздері алты ай бойы ақ қан ауруымен ауыратын бірнеше...

4 наурыз: атаулы күндер, есте қалар оқиғалар

4 наурыз Тәуелсіз Қазақстан тарихында қандай оқиғалармен есте қалды? Еске түсіріп көрейік... 1993 жылы «Қазақстан Республикасының мемлекеттік шекарасы туралы» ҚР Заңы күшіне енді. 1997 жылы ҚР...

WhatsApp арқылы 20-ға жуық адамға 70 млн теңгеден астам залал келтірген әйел ұсталды

Ақмола полицейлері интернет-ресурстардың көмегімен пирамида ұйымдастырған алаяқты анықтады, деп хабарлайды Polisia.kz. 2021 жылдың 1 наурызында Көкшетау қаласының ПБ кезекші бөліміне Көкшетау қаласының 65 жастағы тұрғынынан...

Тұман, көктайғақ, жел: Синоптиктер ел өңірлерінде ауа райы қандай болатынын айтты

Бүгін Қазақстанның басым бөлігінде Солтүстік-Батыс циклонының өтуімен құбылмалы ауа райы сақталып, жаңбыр мен қар түрінде жауын-шашын болады. Еліміздің оңтүстігінде қатты жауын-шашын күтіледі, кей жерлерде...

28 мыңға жуық көпбалалы анаға бірреттік төлем беріледі

Шығыс Қазақстан облысында 8 наурыз – Халықаралық әйелдер күніне орай 28 мыңға жуық көпбалалы анаға бірреттік төлем беріледі. Мереке қарсаңында көпбалалы аналар 5 АЕК (14...

Елімізде темекі бағасы қымбаттайды

Ұлттық экономика министрі 2024 жылға дейін темекі бағасын кезең-кезеңмен көтеру жоспарын жариялады. Мәжілісте ЕАЭО-ға мүше елдердің темекі өнімдеріне акциздер саласында салық саясатын жүргізу қағидаттары туралы...

Моңғолия 1 мамырдан бастап шекарасын ашады

Бүгін Моңғолияның министрлер кабинеті 1 мамырдан бастап шекараны ашу туралы шешім қабылдады деп хабарлайды pavlodarnews.kz сайты. Мемлекеттік төтенше комиссия басшысы С.Амарсайханның айтуынша, премьер Л.Оюун-Эрдэнэ өткен...

Этнограф Болат Бопайұлы «Мәдениет саласының үздігі» атанды

Бүгін «Отандастар қоры» және Дүниежүзі қазақтары қауымдастығының ұйымдастыруымен белгілі жазушы, этнограф Болат Бопайұлының салт-дәстүрі туралы 10 кітабының таныстырылымы өтті. Салтанатты жиынға жазушы, түрколог-ғалым Тұрсынхан Зәкенұлы,...

Денсаулық сақтау министрлігі үндеу жасады

Денсаулық сақтау бірінші вице-министрі Марат Шоранов қазақстандықтарға Наурыз мейрамын тек отбасымен тойлауға және үлкен мерекелер өткізбеуге кеңес берді. «Үлкен мерекелік іс-шаралар өткізбей, Наурыз мейрамын отбасымен...

Әзірбайжан Арменияның қанша азаматын тұтқында ұстап отырғаны белгілі болды

Арменияның диаспора істері жөніндегі бас комиссары Заре Синанян РИА Новостиге берген сұхбатында Әзірбайжанның өз аумағында жүзден астам армян азаматын әлі де тұтқында ұстап отырғанын...

Биыл 1-сынып оқушыларының құжаттарын қабылдау 1 сәуірде басталады

Бірінші сынып оқушыларының құжаттарын қабылдау 1 сәуірде басталып, 1 тамызға дейін жалғасады, деп хабарлайды ҚР Білім және ғылым министрлігі. Ведомствоның мәлімдеуінше, бұл – білім беру...

Нұр-Сұлтанда тұрақта тұрған көлік өртеніп кетті

Елорданың сол жағалауында тұрақта тұрған көлік өртеніп кетті. Бұл туралы Нұр-Сұлтан қалалық төтенше жағдайлар департаменті хабарлады. «Бүгін сағат 15:50-де Нұр-Сұлтан қалалық төтенше жағдайлар департаментінің құрамында...

Курьер жігіт 12-қабаттан құлаған сәбиді қағып алды (видео)

Курьер болып жұмыс істейтін вьетнамдық жігіт 12-қабаттан құлаған бүлдіршінді қағып алды, деп хабарлайды Daily Mail.  Нгуен Нгок Ман 12-қабаттың терезесінен құлап кеткен екі жасар бүлдіршіннің...

Нұрсұлтан Назарбаев Михаил Горбачевті мерейтойымен құттықтады

ҚР Тұңғыш Президенті - Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Михаил Горбачевті 90 жас мерейтойымен құттықтады. Бұл туралы Қазақстанның Ресейдегі елшілігінің Instagram-дағы парақшасында хабарланды.  Құттықтауда КСРО Тұңғыш президентінің...

Саша Барон Коэн Қазақстанға келуге ниетті

Сценарист және актер Саша Барон Коэн өзінің ойдан шығарылған кейіпкері — Бораттың отаны Қазақстанға келуге дайын екенін мойындады. Бұл туралы ол "Известия" басылымына берген...

Бішкекте «Астана» халықаралық қаржы орталығының филиалы ашылуы мүмкін

Қырғызстан Президентінің елімізге жасаған мемлекеттік сапарының соңында Қасым-Жомарт Тоқаев пен Садыр Жапаров «Астана» халықаралық қаржы орталығын аралап көрді, деп хабарлады Ақорданың ресми сайты. Мемлекет басшылары...

Қазақстан Қырғызстанға әскери-техникалық көмек көрсетеді

Қазақстан мен Қырғызстан қорғаныс министрлері әскери ынтымақтастық туралы құжаттарға қол қойды, деп хабарлайды ҚР Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі. Қазақстанның Қорғаныс министрі генерал-лейтенант Нұрлан Ермекбаев Қырғызстан...

Жомарт Ертаев тағы да 9 жылға сотталды

Алматыда «Bank RBK», «Qazaq Banki» және «Eurasian Bank» банктерінен 188 миллиард теңгеден астам қаражатты жымқыру ісі бойынша сот үкімі шықты. ҚазАқпараттың хабарлауынша, айыптылардың қатарында экс-банкир...

Кардиолог инфаркт алу қаупін азайтатын үш жаттығуды атады

Кардиолог және жүрек-тамыр хирургі Владимир Хорошев инфаркт қаупін азайту үшін үш жаттығуды ұсынды, деп хабарлайды РИА Новости.  Маман бірінші кезекте көбірек жаяу жүруге кеңес берді:...

Алматы облысында мас жүргізуші 4 оқушыны қағып кетті

Алматы облысында мас көлік жүргізуші 4 оқушыны қағып кетті. Әртүрлі дене жарақаттарын алған үш бала ауруханаға жатқызылды. «Оқиға 2 наурызда сағат 18:40-та Еңбекшіқазақ ауданында болған....

Илон Маск өз қаласын салуға кірісті

Америкалық кәсіпкер, Tesla және SpaceX компанияларының негізін қалаушы Илон Маск Техаста жаңа қала құрылысын қолға алды. Бұл туралы ол өзінің Twitter-дегі парақшасында мәлімдеді. "Мен Техаста...

Айға саяхат: жапон кәсіпкері бұл сапарға 8 адамды таңдап алмақ

Жапон кәсіпкері Юсаку Маэдзава сәрсенбі күні «өзін әртіс деп есептейтін» қоғамның 8 өкілін 2023 жылы Ай орбитасына алып кететінін мәлімдеді. Бұл – SpaceX фирмасы...

Алматыда Роза Бағлановаға ескерткіш қойылады

Алматы қаласы Мәдениет басқармасының хабарлауынша, Қабанбай батыр көшесінің оңтүстік бөлігі мен Байсейітова көшесінің шығыс жағында Роза Бағланованың құрметіне ескерткіш орнатылады. «12 наурызға дейін Роза...

COVID-19: елімізде ПТР тест бағасы арзандап жатыр

Қазақстанның клиникалық-диагностикалық зертханаларымен жасалған монополияға қарсы іс-шаратшеңберінде КВИ ПТР бағасы арзандап жатыр. Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің мәліметінше, 2021 жылғы 1 наурызда КДЗ ОЛИМП COVID-19...

Семейде жер үйден өрт шығып, 2 адам қаза тапты

ШҚО Төтенше жағдайлар департаментінің мәліметінше, 3 наурыз сағат 05:00 шамасында Белибаев көшесіндегі жеке тұрғын үй отқа оранған. Оқиға орнына шұғыл келіп жеткен өрт сөндірушілер...

Нұр-Сұлтанда қашықтан оқыған оқушылар коронавирусты көбірек жұқтырған

Нұр-Сұлтан қаласының бас мемлекеттік санитарлық дәрігері Сархат Бейсенова елорда мектептеріндегі коронавирус статистикасы туралы айтты. «2021 жылдың 1 наурызындағы жағдай бойынша, оқу жылының басынан бері мектеп...

3 наурыз: атаулы күндер мен тарихи оқиғалар

2018 жылы 3 наурызда Қазақстанның Біріккен Ұлттар Ұйымына мүше болуының 26 жылдығы аясында БҰҰ штаб-пәтерінде Қазақстанның Ядролық қаруға тыйым салу туралы шартқа қол қою...

Екібастұзда жолаушылар вагонынан өрт шықты

Екібастұзда жолаушылар вагонының темірден өзге бөлшектерінің барлығы жанып кетті. Әзірге өрт салдарынан келген шығынның мөлшері белгісіз. «2 наурыз күні сағат 13:04-те нөмірі 2-ші мамандандырылған өртке...

Өткен тәулікте елімізде 717 адам коронавирус жұқтырған

Қазақстанда өткен тәулікте 717 адамда коронавирус расталды, – деп хабарлайды coronavirus2020.kz. Аймақ бойынша: Нұр-Сұлтан қаласы - 68, Алматы қаласы - 105, Шымкент қаласы - 12,...

Сарыағашта халықаралық іздеуде жүрген қылмыскер ұсталды

Түркістан облысы Сарыағаш ауданында халықаралық іздеуде жүрген қылмыскер ұсталды. Былтыр мал ұрлаған азамат осы күнге дейін жасырынып жүрген. Облыстық ПД баспасөз қызметінің мәліметінше, күдікті «Мал ұрысы»...

«Алматы жастарына» 10 наурыздан бастап өтінім қабылданады

Оңтүстік шаһардағы жастардың тұрғын үй проблемасын шешетін «Алматы жастары» бағдарламасына қатысуға өтінім қабылдау 10 наурыздан басталады. Бұл туралы «Отбасы банкі» әлеуметтік желідегі парақшасында хабарлады. «Алматы...

3 наурызға арналған ауа райы болжамы – Қазгидромет

Қазгидромет 3 наурызға арналған ауа райы болжамын ұсынады. Қазақстанның басым бөлігінде құбылмалы ауа райы болып, қар мен жаңбыр жауып, кей жерде тұман, көктайғақ, бұрқасын,...

Ресейдегі Әлихан Бөкейханов зиратына гүл шоқтары қойылды

 1 наурызда еліміз Алғыс айту күнін атап өтті. Мереке идеясы Тұңғыш Президент – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевқа тиесілі және Қазақстанда тұратын барлық этностар бір-біріне және...