«ТҮРКIСТАН» ТОП ЖАРДЫ

«ТҮРКIСТАН» ТОП ЖАРДЫ

«ТҮРКIСТАН» ТОП ЖАРДЫ
ашық дереккөзі

Өткен жылдың басында Альянс Банкiнiң бастамасымен қазақтiлдi журналистер арасында қаржы нарығына байланысты байқау жарияланған болатын.

Байқауда 2007 жылдың 1 қаңтарынан 1-шi желтоқсан аралығындағы материалдар сарапқа салынған. Бұл байқауға елдiң экономикалық әлеуетiн, қаржы саласындағы дағдарыстар мен өзгерiстер, т.б. сүбелi тақырыптарға қалам тартқан "Түркiстан" газетi де қатынасып, нәтижесiнде "Қаржы нарығын үздiк баяндайтын мерзiмдi басылым" номинациясы бойынша 1-шi орынға ие болды.

Марапаттау рәсiмiне "Альянс Банк" АҚ Директорлар кеңесiнiң мүшесi Сәкен Сейфуллин, "Альянс Банк" АҚ Басқарма төрағасы Ерiк Сұлтанқұлов және ұйымдастыру комитетi мен сараптаушы кеңесiнiң мүшелерi — Қазақстан журналистика Академиясының президентi Сағымбай Қозыбаев, ҚазҰУ-нiң журналистика факультетiнiң деканы Бауыржан Жақып, "Қазақстан" телеарнасының бас продюсерi Қайнар Олжай, "Ақиқат" журналының бас редакторы Жұмабек Кенжалин қатысты.

— "Қалам-Қаржы — 2007" байқауы дер кезiнде жарияланып, елiмiздiң қоғамдық-саяси өмiрiнде елеулi орын алған құбылыс болды. Бiз "Альянс Банк" танытқан бұл ұсынысты қуана қабылдадық. Жалпы, экономика — журналистиканың ең күрделi тақырыбы бол¬ғандықтан бiлiктiлiктi қажет етедi. Әдетте, арнайы экономика саласына жазатын журналистердi еш жерде дайындамайды. Бұл тақырыпқа журналист өз ықтиярымен бейiмделедi. Осы байқау қазақ журналистикасының дамуына септiгiн тигiзiп, осындай күрделi де қызықты,алдағы уақытта жас қазақ журналистерiн ынталандырады деп ойлаймын, — дейдi сараптаушы кеңесiнiң төрағасы Сағымбай Қозыбаев.

"Қор нарығын насихаттауда негiзiнен журналистердiң алар орны ерекше. Бұл байқау өте дұрыс ұйымдастырылған игiлiктi iс. Ұйымдастырушыларға айтар алғысымыз шексiз", — дейдi "Қаржы нарығын үздiк баяндайтын телерадиобағдарлама" номинациясында жүлделi 2-шi орынға ие болған "Қазақ радиосының" жүргiзушiсi Маржан Кокушева. Сондай-ақ, "Қаржы нарығын үздiк баяндайтын БАҚ-тағы үздiк жарияланым" аталымы бойынша "Жас Қазақ" газетiнiң тiлшiсi Гүлзат Смағұлова да 1-шi орынды қанжығасына байлады.

Балжан ҮСЕЕВА