Шағын және орта бизнестi ең төменгi мөлшерлемемен несиелендiрмек

Шағын және орта бизнестi ең төменгi мөлшерлемемен несиелендiрмек

Шағын және орта бизнестi ең төменгi мөлшерлемемен несиелендiрмек
ашық дереккөзі

Қазкоммерцбанк екiншi деңгейдегi банктер арқылы (ЕДБ) қаражат беру бағдарламасы аясында "Шағын кәсiпкерлiктi дамыту қоры" АҚ-нан алған 12,2 млрд. теңге сомасының 70%-ын игердi. Ал шағын бизнеске қаржыны нарықтағы бағадан төмен бағамен бердi. 2007 жылы желтоқсанда "Шағын кәсiпкерлiктi дамыту қоры" АҚ — "Шағын кәсiпкерлiктi дамыту "Даму" қоры" АҚ болып өзгердi.

Аталмыш бағдарламаның басты мақсаты — Қазақстандағы шағын және орта бизнеске (ШОБ) мемлекет тарапынан тиiмдi қаржылай қолдау көрсету. Бағдарлама аясында Қор коммерциялық банктерге, ал банктер ШОБ-тi несиелеуге қаржы бөледi. Бұл өз кезегiнде несие қаражатына қол жеткiзу мүмкiндiгiн арттырып, ШОБ субъектiлерiнiң қатарындағы әлеуеттi қарыз алушыларды қамту аясын кеңейтедi.

Мемлекеттiк бағдарлама аясында Қазкоммерцбанк алған қарыз өндiрiс иелерiне негiзгi құрал саймандарды модернизациялау және жаңасын сатып алу үшiн, сондай-ақ, өндiрiс, сауда, қызмет көрсету, ауыл шаруашылығы, транспорт және байланыс секiлдi салалардың айналым қаражатын толықтыру үшiн берiледi.

"Шағын бизнестегi маусымдық саябырлауды ескерсек бағдарлама жүзеге асырылып жатқан 3 айдың iшiнде қаражаттың 70%-ын игеру — бұл жақсы көрсеткiш", — дейдi "Қазкоммерцбанк" АҚ-ның басқарма директоры Бейбiт Әпсенбетов. Оның пiкiрiнше, шағын кәсiпкерлiктiң дамуы маусымдық уақытқа тәуелдi — қыста көктемге қарағанда несиенi аз мөлшерде алады.

Әпсенбетов мырзаның айтуынша, банк қаражатты толық мөлшерде жаратпайтынына Үкiметтен бөлiнетiн қаржының қымбаттылығы, сондай-ақ қарыз алушыға бөлiнетiн несие мөлшерiнiң шектеулiгi сияқты факторлар әсер етедi. "Өкiнiшке орай, бүгiнгi күнi Қазақстанда 1 миллион долларға өндiрiс бизнесiн дамыту өте қиын", — дейдi Әпсенбетов.

Бағдарлама аясында қаражат ШОБ субъектi¬лерiне — ЖШС, ЖК, ШҚ (шаруа қожалығы) бөлiнедi, ал жеке тұлғалар бұл бағдарламаға қатыспайды. ШОБ субъектiлерiнiң 51%-дан астам капиталы ҚР-ның резиденттерiнiң жеке меншiгiнде болуы керек.

Ал аталған бағдарлама бойынша несие алам деушiлердiң 3 айдан 12 айға дейiн жұмыс iстеп жатқан (қарыз сомасына байланысты) тұрақты бизнесi немесе бастапқы бинесi болуы шарт. Қарыз алушының жобадағы үлесi жоба құнының 30%-нан кем болмауы тиiс. ШКДҚ бағдарламасы бойынша қарыз алушының несиесi 120 000 АЕК-тен (140 160 000 теңге) аспауы қажет, әрi қарыз алушының табысы жақсы болу керек.

Жадыра СЕРIКҚЫЗЫ