АУЫЛ ХИКАЯЛАРЫНАН

БIЗДIҢ ауылда екi ұста болды. Әуелгiсi — темiрден түйiн түйген Шубай деген кiсi. Ұзын бойлы, арықша келген жан едi. Өзi — коммунист. Солай бола тұра дiндар. Бес уақыт намазын қаза қылған емес. Көрiпкел қасиетiн жұрт бiлетiн. Алайда онысын кез келгенге айта бермейтiн. Дегенмен талайлардың тағдырына сауабы тигенi есiмде. Арбасы сынған ауыл тұрғындары сол кiсiге барады. Ал, ол ешкiмнiң меселiн қайтармайды.

Сол бойда шаруасын тындырып жiбередi. Және алғыстан басқа алары жоқ. Ұстаның үлкен пеште көмiр жалынына сом темiрдi балқытып, оны төске қойып, балғасымен соққылап, шаруашылыққа қажеттi заттар жасағаны бiзге қызық көрiнетiн. Кейде: "Қане балам, күшiңдi байқап көрейiн, көрiктi бас", — дейтiн. Сондай мәртебеге ие болғанымызға қуанып, көрiктi қарымыз талғанша пысылдата басамыз.

Ана бiр жылдары ауылға Қажымұқан келiптi. Жұрттың сұрауымен балуандық өнерiн көрсетсе керек. Қалың тақтайдың астында жатып, үстiнен қорабына жүк артқан автомашинаны өткiзген. Жалаң төсiне дәу тас қойып, екi адамға ұзын сапты куәл балғамен ұрғызғанда төс сынып, бiрнеше бөлiктерге бөлiнген. Сол балғамен ұрғандардың бiрi осы Шубай, — дейдi үлкендер.

Шубай ақсақалдың өмiрден өткенi қашан. Қазiр ұстаханасы қаңырап бос тұр. Өкiнiшке орай қазiр ауылда ондай ұста да жоқ. Ал қолынан оны-мұны iс келетiндер, ақшасын алмаса құр алғысыңды мiсе тұтпайды. Кергiп, терiс айналып жүре бередi. Құй құла, құй жыла. Заманына қарай адамының керi дерсiң.

Ұстаның бiрi — Дәулетбай ақсақал едi. Қою қасты, мұрынды, қаба сақалды келiстi келген, тұлғалы кiсi болатын. Ағаштан түйiн түйiп, елтiрiден ат әбзелдерiн жасағанда, шеберлiгiне тәнтi ететiн. Мектептен келген бойда сол кiсiнiң үйiне баратынмын. Маған оның ұсталығы қызық. Жүзi қылпып тұрған ұзын сапты шот балғаны алғаш рет мен сол кiсiнiң қолынан көрдiм. Ол бүгiнгi ұсталардай тақтайды әуелi сызып алып шаппайды. Түрегеп тұрып әлгi шот балғасымен шапқанда, мүлт кетiп, артық кесiп қойғанын көрмейсiң. Көз жобасы атқан оқтай түзу шығады. Қызыққаным соншалық, үйге келiп, сол кiсiден көргенiмдi қайталаушы едiм. Аздап ұсталық өнерiм де бар. Сол ақсақалдан дарыған-ау шамасы.

Дәулетбай ақсақалдың үй-жайы, қора-қопсысы да өзгеше. Басқалар үйлерiн жыңғылдан шарбақ жасап қоршап алса, бұл кiсi аттылы кiсi бойындай дуалмен қоршап, үнемi ақтап отырады. Қапталындағы қора жайы да бөлекше. Әр түлiкке жеке-жеке орын арналған. Кiшiгiрiм қалашық секiлдi әсерде қаласың. Мал астары тап-таза.

Нәшен ағам: "Дәулетбай ақсақал, шешен де сөйлейтiн", — дейдi. Ол ұстаның тапқыр, ұтқыр, орынды әзiлдейтiнiн есiме салды. Несiн айта берейiн, мәрт кiсi едi. Бүгiнде ара-тұра ауылға барамын. Жолаушылап жолға шыққандарына: "Жол болсын!" десем: "Қалаға барамын, ат әбзелдерiн әкелемiн" дейдi. Сонда Дәулетбай ақсақал есiме түседi. "Ауылдан сондай қолының мiсекерi бар жан шықпаған ба?" деп ойлаймын. Қазақ: "Қолдағы бар алтынның қадiрi жоқ" деген ғой. Кезiнде бәрi ынта қойып, сол кiсiге жақын жүрiп, өнерiн үйренiп алғанда, басқалары қалаға қарай сабылар ма едi. Ендi мiне қол өнерi қашан да керек екенiн уақыт өзi көрсетiп отыр.

* * *

ОҢТҮСТIКТЕ көктем ерте шығады. Наурыз бен сәуiрде жауын жаумаса қуаңшылық болды дей бер. Ана бiр жылы жауынды күте-күте жұрттың төзiмi таусылған. Ендi кешiксе бар үмiттiң үзiлгенi. Сәуiрдiң соңына таман ауыл ақсақалдары жиналып, тасаттық беру керек деп шештi. Бiреудiң жемдеп жүрген қысыр биесiн жабылып сатып алып, соқталдай жiгiттер сойып жатқанда ауыл балалары қарап тұрғанымыз есiмде. Сол кезде төменгi жақтан көк есегiне мiнiп, Бәйiмбет ақсақал келе қалды. Үстiнде әр жерi жамалған күпәйке. Орын деген механизатор жiгiт: "О-о, ақсақал келдi. Сыбағасын берiп, батасын алайық", — деп биенiң iш майын қабырғасын бойлай сылып алып, үлкен ожаудай қос уысына салып, есек үстiнде отырған шалға ұсынды. Ақсақал қос қолын жұптап, қан аралас кiлкiген жып-жылы майды қабыл алды да, салп-салп шайқап, бiр деммен қылқылдата жұтты. Содан соң тершiген маңдайын сүртiп, қос қолын жайып: "Алла ниеттерiңдi қабыл етсiн!" деп бетiн сипады да шаруа жайымен жүре бердi. Көп iшiнен бiреу: "Бұл ақсақалдың жасы қаншада?" — дедi таңданып. Жанында тұрған кiсi: "Биыл сексеннiң бесеуiнде", — дедi. Анау таңдана түсiп: "Апыр-ай, сонша майды бiр деммен-ақ жұтты-ау. Неткен денсаулық", — дедi. Көршiсi мырс еттi: "Ақсақалға, бiр қойдың етi де түк емес", — дедi.

Сiз сенесiз бе, сенбейсiз бе? Сол күнi кешке қарай бұлт үйiрiлiп, ағыл-тегiл жауын жауды.

* * *

БӘЙIМБЕТ ақсақал ауылдың бақшасына қарауыл болды. Сол жылғы көкөнiс, оның iшiнде қауын-қарбыз шығымын айтсайшы. Самаурындай қауынның, теңкиген қарбыздың салмағы құшақтай көтергенде зiл тартатын.

Бақшаға бiр қара сиыр қайта-қайта түсiп, қамыстан жасалған шайласында отырған ақсақалға маза бермесе керек. Көк есегiмен ары айдап, берi айдап әбден жүйкесi тозған соң, ұстап алып шайласының түбiне байлайды. "Мен сенiң әуселеңдi көрейiн" — деп бақшадан үш қап қауын әкелдi де, пышағымен тiлiктеп кесiп, iшiн өзi жеп, қабығын сиырға тастайды. Ол қауындарды бiрiнен соң бiрiн кесiп жей бердi, сиыр күйсей бердi.

Үшiншi қаптағы қауындарды жартылаған кезде сиырдың аузынан сiлекейi созыла ағып, ыңырсып барып тоқтайды. Ақсақал тәбетi қайтпай жеуiн жалғастырады. Қарны теңкиген сиырға ызалана қарап: "Ал же!.. Неге жемейсiң?!. Қауын жегiш едiң ғой…" — деп мысқылдайды. Өзi үшiншi қаптағы қауынды да түгел тауысып, шайласындағы төселген көк көрпедей жоңышқаға шалқалап жатып, демiн алған.

Осы жайды ауыл адамдары бертiнге дейiн айтып жүрдi. Тыңдаушылардың бiрi күлiп, бiрi таңырқайтын. Ақсақалды көрсе сәлемдерiн берiп, құрмет көрсететiн.

* * *

СТУДЕНТ кезiм. Күзде елге демалысқа бардым. Ауылда көкпар қызып жатыр екен. Кешкiсiн көкпар Лесбек құрдасымның үйiне түсiрiлiптi. Шақырған соң сол үйдi бетке алдым. Үйi iшiнде жағалай отырғандардың көбi өз қатарларым. Әңгiме-дүкен қызған. Әуелi дастарқанға қуырдақ әкелдi. Содан соң буы бұрқыраған табақ-табақ ет келдi. Бiр кезде бүйрек бетi қызарып бөрткен механизатор Манатай жеңiн түрiп алған шоқпардай қолын жоғары көтерiп:

— Мына тобықты кiм жұтады? — деп дауыстады.

Қолындағы тобық қарыстай етке салбырап, ары берi шайқалтып тұр. Жұрт елең ете қалды. Сол сәтте ашаң өңi күреңiтiп отырған Елшiбек:

— Тобықты мен жұтпағанда, кiм жұтады? Әкел берi, — деп күректей қолын созды.

— Мә, жұт!

Құрдастардың бiрi "Әй байқа" дегенше, Елшiбек ай-шайға қарамай тобықты кең ашылған аузына салып жiбердi де, қылғытып жұта бастады. Сол-ақ екен көзi шарасынан шыға жаздап, жанында отырған жiгiттi тiзесiне сабалай бердi. Қарлыққан үнiнен қиналғаны көрiнiп тұр.

— Өй, жұта алмайтының бар, жайыңа отырмайсың ба. — Манатай орнынан атып тұрып, жанына жетiп барды. — Аш аузыңды. Ол теңбiл-теңбiл болып, қара май сiңген қолының үш саусағын Елшiбектiң аузына сұғып жiберiп, қармай бастады.

— Қазiр, қазiр, шыда… Тобықтың етi бар едi ғой, қайда кеткен. — дейдi ол. Ананың қиналғаны сонша маңдайынан тер бұрқ ете қалды.

— Мiне, iлiндi, — деп суырып алғанда етке iлескен тобық сопаң етiп шыға келдi. Елшiбектiң езуiнен жылыстап қан ақты.

Манатай:

— Мынаны тартып жiбер! — деп шәй кесе толы ащы суды аузына тосты. — Тамағыңды жуып тазартады. Өлмейсiң.

Елшiбек кесенi аузына төңкере салды да:

— Уһ! — деп демiн бiр-ақ алды. — Бұрын тобықты ыспокойно жұтушы едiм. Бұл жолы бiреудiң көзi өттi-ау.

Құрдастар оны қаужаумен болды. Бiз әдеттегiдей әңгiме-дүкеннiң иiнiн қандырып, түн ортасында тарадық.

* * *

АРАҒА жыл салып, ауылға тағы ат iзiн салдым. Елшiбек құрдасыммен кездесiп, бiраз әңгiменiң басын қайырдық. Совхоздан бiр отар қой алып, шопан таяғын қолына ұстапты. Сөз арасында ол:

— Нәрiпбай көкемдi бiлесiң ғой, — деп аңтарыла қарады.

— Иә, — дедiм мен басымды изеп.

— Сол кiсi алыс сапардан оралған екен. Бағана, түс әлетiнде сәлем берейiн деп үйiне бардым. Күн ыстық болған соң жеңешем үйдiң терезелерiн тұмшалап жауып, қараңғылап тастапты. Жеңешем: "Көкең үлкен бөлмеде", — деген соң соның есiгiн аштым. Бөлме iшi тас қараңғы. Шiлденiң шақшиған күнi астынан келген соң ба, түк көрмедiм. Сонда да төр жаққа қарап:

— Ассауламағалейкум, көке, — деп дауыстадым.

— Елшiбекпiсiң, — деген көкемнiң үнi естiлдi. — Кел төрлет.

— Ештеңе көрiп тұрғаным жоқ, көке, — деп едiм ол терезедегi жапқышты қиғаштап қана ашты. Iшке жарық түстi. Көкем төр алдындағы төсенiш көрпелердiң үстiнде шынтақтап жатыр екен. Үстiнде майка. Басын көтерiп, молдасын құрып отырғанда, көзiме алып тұлғасы шөккен түйедей болып көрiндi. Жанына тiзе бүктiм.

— Иә, қайдан жүрсiң? — көкем жөн сұрады.

— Қазiр шопанмын, көке. Сiздi алыс жолдан келдi деген хабарды естiп, амандасуға бет бұрған едiм. Қал-жағдайыңыз жақсы ма? — дедiм шын ниетiммен жiк-жаппар болып.

Көкем көңiлденiп қалды.

— Рахмет, айналайын! Елдi, өзiңдей iнiлердi сағынып қалдым.

Екеумiз ел жайын сөз қылып отырғанда, бөлмеге жеңешем кiрдi. Дастарқан жайып, жаңа пiсiрген ыстық таба нанын турады. Екi иiнiнен ызыңдап демалып тұрған нән самаурынды әкелдi. Бес-алты кеседен шәй iшiп шөл бастық. Көкем жеңешеме қарады:

— Қатын, көжең пiстi ме? — дедi.

— Дайын, — дедi жеңгем құрақ ұшып.

— Алып кел!

Жеңешем үлкен шараның ернеуiнен келген ыстық көженi белi бұралып, зорға көтерiп келдi. Сол сәтте менiң басыма бiр ой сап ете қалды. "Көкемнiң анау-мынау тамаққа тоймайтынын жақсы бiлемiн. Мен де бұл жағынан осал емеспiн. Қой баққалы қарын да шыққан. Бүгiн бiр осы көкеммен көже iшiп жарысып көрейiншi. Қайсысымыз бұрын тояр екенбiз". Көкемнiң көзiн ала бере белдiгiмдi молынан босаттым. Жеңешемнiң ожауы да баланың басындай екен. Үлкен қос табаққа екi ожау көжеден құйып, алдымызға қойды. Көкем масаттанып:

— Iнiм, мақтап жүредi екенсiң. Көжеден тартынбай iш, — дедi.

— Көке-ау, жеңешемнiң бұйырған дәмiн қалай тастап кетемiн, — деп езу тарттым.

Жеңешем iшi шұңғыл ағаш қасықты қолымызға ұстатты. Екеумiз көже iшуге кiрiстiк. Көкем бiреу қуып келе жатқандай үстiн-үстiне iшiп жеп жатыр. Мен де қалыса қоймадым. Сәлден соң босаған табағын жеңешеме қарай шиырып жiбердi.

— Қатын, құйып жiбер.

Iле мен де босаған табағымды алдына ысырдым.

— Жеңеше, құйып жiбер.

Қос табаққа тағы екi ожаудан көже құйылды. Көкемдi қайдам, мен бәстесiп iшiп жатырмын. Тұла бойымыз терге шомды. Көкем ауық-ауық жаялықтай сүлгiмен сүртiнiп, желпiнiп қояды. Мен де солай iстеймiн. Екiншi табақ көженi де тауыстық.

— Қатын, құйып жiбер.

— Жеңеше, құйып жiбер.

Маған құйып болған кезде шараның түбi көрiндi. Көкем үшiншi табақ көженi iшiп:

— Қа…. дей берiп, бос шараны көрiп тұтыққандай тұрып қалды.

Мен де байқамағансып:

— Жеңеше, бар болса та…. — деп бос шараға көз қиығымды тастап, сөз соңын жұтып қалғансып үнсiз отырдым.

Байқаймын үш табақ көже көкемнiң жұмырына жұқ болмады. Лезде өңi өзгерiп, жеңешеме қатулана қарады. Жеңешем екi иығын көтерiп, шарасыздық танытты. Кiнәлi жандай қипақтап отыр.

— Көке, жеңешемнiң көжесi өте дәмдi екен. Әттең аздау болып қалғаны… Оқасы жоқ. Отардағы үйде келiнiңiз бiр қазан көжесiн асып, менi күтiп отырған шығар. Барайын, — деп орнымнан тұрдым.

Көкем сонда ғана менiң бәстесе iшкенiмдi байқады-ау деймiн, әуелi жақсылап әдеттегiдей шешемнен бiр қайырды да:

— Әй, бала. Сен ертең тағы келшi. Әуселеңдi көрейiн, — дедi кiжiнiп.

— Жеңешемнiң дәмдi көжесi тартса әлi талай келермiн, көке. Әзiрге сау болыңыз, — деп үйден шығып кеттiм. — Ол әңгiмесiн осылай аяқтады.

Мәкең шаруаның жай-жапсарын жақсы бiлетiн жан едi. Ауылда бiрiншi болып жеке шаруа қожалығына көшкен де сол. Төрт түлiк малы, мыңғырап төрт қырға жайылатын. Санаулы жылдардан соң ауылдың ең байы да сол Нәрiпбай болды. Кiмсiң — Нәкең едi! Былтыр ғайыптан қайтпас сапарға аттаныпты. Топырағың торқа болсын көке. Ел аузында ол туралы осы тақылеттес әңгiмелер көп. Жұрт соларды әрдайым еске алып, айтып отырады.

* * *

ӘР АУЫЛДЫҢ қалыптасқан өз тәртiбi бар. Әкем бала кезiмде сырттай ауыл ақсақалдарының жөн-жосығын таныстырып отыратын. "Бәленше шалдың төленшеден жасы үлкен. Төленшенiң жасы бәленшеден кiшi болса да жолы үлкен"– дейтiн. Соларды құлағымызға құйып, есiмiзде сақтап өстiк.

Той-томалақта сол шалдар әдеттегiдей төрде қаз-қатар отырады. Үлкен ас келгенде "Бес адамға бiр табақ" деп тарататын салт бар. Соның төртеуi ақсақал да бiреуi мiндеттi түрде жас жiгiт болады. Табақтағы мал мүшелерiн ақсақалдардың алдына орны-орнымен қойып, ет турауға кiрiседi. Сонда ғой, әлгi жiгiт байқамай жанбас, жiлiктердi үлестiруден жаңылысып қалса, есесi кеткен шал қатуланып: "Көргенсiз", — деп дастарқанның шетiн қайырып тастап, ай-шайға қарамай жүре бередi. Соны естiгендер жер болып қалатын. Ұяттан жарыла жаздайтын. Мiне, тәртiп! Бiрақ мұндай жағдай сирек кездесетiн. Кейде сол шалдар қолындағы тоқпан не кәрi жiлiктiң етiн сылып алып, қарсы отырған жiгiттiң алдына тастай салады.

— Балам, мынаны сындыра ғой, — дейдi.

Бiздiң ауылдың жiгiттерi ондайда жiлiктердi ұрып сындыратын балға iздемейдi. Дастарқанның шетiне қояды да тас түйiн жұдырығымен құлаштай қойып қалып, жiлiктi қақ бөледi.

— Бәрекелдi, жiгiт екенсiң, балам! — дедi ақсақал оның сыннан сүрiнбей өткенiне дән риза пiшiн танытады.

Ал жiлiктi ұрып сындыра алмағанға:

— Өй, борқ. Сенi де жiгiт дейдi-ау, — деп мысқылмен қатырады.

Бiздiң ауыл жiгiттерiнiң шымыр әрi намысқой келетiндерi сондықтан.

* * *

МЫНА әгiменiң желiсiн ақын досым Абзал Бөкен айтып берген.

Бұрынғы Жезқазған облысында Ақтоғай деп аталатын аудан болған екен. Соның көршiлес екi совхозына су жаңа екi "Газ-50" автокөлiгi берiледi. Оны совхоз басшылары өр мiнездi екi жiгiтке тапсырған. Бiрiнiң есiмi – Қосан, екiншiсi – Батық.

Бiр жолы сол екеуi шаруашылықтарының iсiмен екi совхоздан бiр-бiрiне қарама-қарсы шығады. Екi совхоздың арасын ойылып кеткен қара жол жалғастырып жатыр екен. Олар жолдың шаңын аспанға шығарып, автомашинаны бар жылдамдығымен жүргiзедi. Екеуi түйiсер жерге жүз метрдей жақындағанда Қосанның жанында отырған кiсi:

— Ақырын жүрiп, анаған жол бер, — дейдi қарсы ұшып келе жатқан автокөлiктi иегiмен меңзеп.

— Керек болса оның өзi жол берсiн, — дейдi бұл кiжiнiп.

Көлiктер бiр-бiрiне елу метрдей жақындағанда Батықтың жанында отырған жан:

— Анау есерге жол бер, — дейдi шошынған үнмен.

— Тапқан екен ол жол беретiн адамды. Жан керек болса өзi жолдан шықсын, — дейдi бұл қасарысып.

Арақашықтық қас пен көздiң арасында қысқара бередi. Қырық…. Отыз… Жиырма… Он…

Екi автомашина бiр-бiрiне бар пәрмендерiмен сүзе соғысқан. Жойқын дауыстан құлақ тұнып, дала жаңғырыққан. Қою шаң сейiлгенде барып, Қосан мен Батық кабиналарынан шығып, көлiктерiне көз тастайды. Екi автомашинаның да алды опырылып, радиаторлары жарылған. Жерге су араласқан қара май ағып жатыр. Екi жақтың да әлгi жол серiктерi жарақаттанған бастары мен аяқтарын ұстап, кабинадан шығып, жерге отыра қалады. Екi жүргiзушi бiр-бiрiне қарсы жүрiп, қол алысып Қосан:

— Екi машинаның күшi де бiрдей екен, ә? — деп жымияды.

Батық:

— Үкiметтiң дүниесi ғой, тап осыдан кемiп қалмас, — деп ыржияды.

Олардан өкiнiштiң нышаны байқалмаған. Шылым шегiп, жүргiншi көлiктердi күтiп, әңгiмеге ден қойыпты.

Үкiметтiкi болған соң солдағы. Ал сол екi автокөлiк өздерiнiң жекеменшiгi болғанда бiр-бiрiне жол берiп, бiр-бiрiне iзет көрсетер едi. Өйткенi көзiнiң ағы мен қарасындай жекеменшiгi ғой.

Көлбай Адырбекұлы

Редакция таңдауы

Балалар әдебиеті: есейген қаламгер ме, балалар ма?

Балалар әдебиеті – әдебиеттің ең бір елеулі саласы. Халқымызда ежелден балалар әдебиетінің бай фольклорлық үлгісі болды. Ертегі, жаңылтпаш, мазақтама, жұмбақ, т.б. Мұндай қызықты нәрселердің...

Қысқа жіп күрмеуге келмей…

Былтыр жыл соңында Дүниежүзілік банк Қазақстанда кедейлер саны 1,5 млн адамға көбеюі мүмкін деген болжам жасады. Сарапшылар 2020 жылы Нұр-Сұлтан мен Алматы қаласы тұрғындары...

Латынграфикалы қазақ әліпбиі: кірме терминдерді жазудағы ұстанымдар

2019 жылғы қазанда Ұлттық кеңес­тің кезекті отырысында Қазақстан Республика­сы­ның Президенті Қ.Тоқаев ғалым­дар­ға жаңа қазақ ұлт­тық латынграфикалы әліпбиін же­тілдіруді тап­сыр­ған болатын. Ал 2021 жылғы 28...

Тәуелсіздік күнтізбесі

1992 жылғы 5 наурызда Қазақстан Республикасы мен Мысыр Араб Республикасы арасында дипломатиялық қаты­нас орнады. 1993 жылғы 5 наурызда Қазақстан Республикасы Прези­дентінің «Мемлекеттік холдингтік компаниялар туралы»...
8b2fcaa2 5115 4b22 9423 fabb054e6a11

Ақылы автожолдарда көлігі бұзылған жүргізушілерге тегін көмек көрсетіледі

«ҚазАвтоЖол» Ұлттық компаниясы ақылы автожолдарда жанармайы таусылған немесе автокөлігі бұзылған жүргізушілерге көмек...
c709612a 9fc3 49aa a6db 08b9ead48a6f

Елордада ауа райының бұзылуына байланысты оқушылар қашықтан оқиды

Нұр-Сұлтан қаласының Білім басқармасы бүгін ауа райының күрт бұзылуына байланысты мектеп оқушылары...
5d0ab8ed 240f 4940 b8a6 5ae2ed6be34b

ШҚО-да дүкенге маскасыз кірген адамға айыппұл салынды

Шығыс Қазақстан облысының 5 ауданында карантиндік шектеуді бұзғандар тіркелді. ШҚО Ақпарат орталығының мәліметіне...

Жаңалықтар

Ақылы автожолдарда көлігі бұзылған жүргізушілерге тегін көмек көрсетіледі

«ҚазАвтоЖол» Ұлттық компаниясы ақылы автожолдарда жанармайы таусылған немесе автокөлігі бұзылған жүргізушілерге көмек тегін көрсетілетінін мәлімдеді. Павлодар облысының Павлодар, Екібастұз, Ақсу, Аққулы, Железин және Тереңкөл аудандарында...

5 наурыз: еліміздің тарихында қандай айтулы оқиғалар болды

Осыдан 25 жыл бұрын, яғни 1996 жылы 5 наурызда Ақмола облыстық қазақ музыкалық-драма театры «Ақан сері-Ақтоқты» пьесасының (режиссер Ж. Омаров) қойылымымен ашылды. Сол жылы...

Елордада ауа райының бұзылуына байланысты оқушылар қашықтан оқиды

Нұр-Сұлтан қаласының Білім басқармасы бүгін ауа райының күрт бұзылуына байланысты мектеп оқушылары мен колледж студенттері қашықтан оқыту форматына көшірілгенін хабарлады. «Нұр-Сұлтан қаласының Білім басқармасы хабарлайды:...

ШҚО-да дүкенге маскасыз кірген адамға айыппұл салынды

Шығыс Қазақстан облысының 5 ауданында карантиндік шектеуді бұзғандар тіркелді. ШҚО Ақпарат орталығының мәліметіне сүйенсек, мониторингілік топтар Шемонаиха ауданында 74 нысанға тексеру жүргізіп, ереже бұзудың 1...

Өткен тәулікте 857 адам коронавирус жұқтырды

Қазақстанда өткен тәулікте 857 адамнан коронавирус анықталды, – деп хабарлады coronavirus2020.kz. Аймақтар бойынша: Нұр-Сұлтан қаласы - 132, Алматы қаласы - 134, Шымкент қаласы - 27,...

Еліміздің басым бөлігінде қар аралас жаңбыр жауады – Қазгидромет

5 наурыз күні Қазақстанның басым бөлігіне әлі де Солтүстік-Батыс циклонның әсері сақталады, жаңбыр мен қар түрінде жауын-шашын күтіледі, – деп хабарлады «Қазгидромет» РМК. Республиканың оңтүстік...

Абай атындағы университет үздіктер қатарына енді

Абай университеті екі бағдарлама бойынша QS World University Ranking by Subject-2021 рейтингінде топ-250 үздіктер қатарына енді. Абай атындағы ҚазҰПУ алғаш рет «QS World University Ranking...

Кремль: «Cанкцияның әсері де, мағынасы да жоқ»

АҚШ-тың "Навальныйдың ісі" бойынша жаңа санкциялары екіжақты қатынастарға "қатты әсер етеді", қазірдің өзінде "жағдай нашар". Бұл туралы Кремльде айтылды. АҚШ-та Ресейдің жаппай қырып-жоятын қару бағдарламасын...

«Құтадғу біліктің» жаңа аудармасы оқырманға тарту етілді

Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің «Отырар» кітапханасында Жүсіп Баласағұнның «Құтадғу білік» еңбегінің жаңа аудармасының таныстырылымы өтті. Қарахандар дәуірінде 1069 жылы жазылған құнды жәдігер...

Министрлік коронавирус «гүл арқылы жұғады» деген ақпаратқа түсінік берді

Коронавирус инфекциясы гүл арқылы жұғады деген ақпарат жалған. Бұл туралы Денсаулық сақтау министрлігінің санитарлық-эпидемиологиялық бақылау комитеті өкілдері айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Департамент мәліметіне қарағанда, Желіде...

Балалар әдебиеті: есейген қаламгер ме, балалар ма?

Балалар әдебиеті – әдебиеттің ең бір елеулі саласы. Халқымызда ежелден балалар әдебиетінің бай фольклорлық үлгісі болды. Ертегі, жаңылтпаш, мазақтама, жұмбақ, т.б. Мұндай қызықты нәрселердің...

Бішкекте қандасымызға арналған музыкалық кеш өтті

1 наурызда  Бішкектегі К.Молдобасанов атындағы Қырғыз ұлттық консерва­тория­сында Қыр­ғыз Республикасындағы қазақтардың арасынан шық­қан талантты әнші, қырғыз елінің  мә­дениетіне еңбек сіңірген қайраткер Ержан Му­синді еске...

Енді WhatsApp-тың компьютерлік нұсқасында бірнеше адаммен видео арқылы сөйлесуге болады

WhatsApp мессенджерінің компьютер арқылы қосылатын нұсқасында бірнеше адам видео және аудио байланыс арқылы сөйлесе алады, - деп хабарлайды Tech Crunch. Аудио және видео қоңыраулар шифрлау арқылы...

Ауылдағы іскер әйелдерге 4000 доллар қайтарымсыз грант беріледі

Ауылды жерлерде кәсіпкерлікпен айналысатын әйелдердің 4000 доллар қайтарымсыз грант ұтып алу мүмкіндіктері бар, деп хабарлайды Аtameken Business.     https://youtu.be/rIWRXS-QT2Q Ол үшін өз ісіңізді ашуға деген...

2020 жылы Қазақстанда 48 ірі сүт фермасы іске қосылған

Өткен жылы ауыл шаруашылығы саласында импорттық өнімдерді алмастыру жоспары бойынша Қазақстанда 48 тауарлы сүт фермасы, 3 ет комбинаты іске қосылды. Бұл туралы Ауыл шаруашылығы...

Пандемия кезінде гендерлік теңсіздік күшейді – ДДСҰ

Пандемия Еуропадағы гендерлік теңсіздікті күшейтті. Бұл туралы Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының (ДДСҰ) Еуропалық аймақтық бюросының директоры Ханс Клюге бейсенбі күні Facebook-те жарияланған Копенгагенде өткен...

Украина коронавирустың үшінші толқынына дайындалуда – Премьер-министр

Украина премьер-министрі Денис Шмыгаль елде COVID-19 үшінші толқынының басталғанын мәлімдеп, келесі локдаунның мүмкіндігін жоққа шығармайтынын айтты.  Укринформ сайтының мәліметінше, Денис Шмыгаль жағдайды бейімделген карантин құралдарымен...

Қысқа жіп күрмеуге келмей…

Былтыр жыл соңында Дүниежүзілік банк Қазақстанда кедейлер саны 1,5 млн адамға көбеюі мүмкін деген болжам жасады. Сарапшылар 2020 жылы Нұр-Сұлтан мен Алматы қаласы тұрғындары...

Еліміздегі мешіттер қазақы стильде болуы керек – Бас мүфти

Елордада Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының төрағалығымен Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы жанынан құрылған Қазақы стильдегі мешіт құрылысы бойынша жұмыс тобының алғашқы мәжілісі өтті, –...

«Nur Otan»: Түркістанның тазалығына жауапты көпбалалы аналар ардақталды

Бүгін «Nur Otan» партиясының Түркістан облыстық филиалында 8 Наурыз – әйелдердің халықаралық мерекесіне орай, бір топ көпбалалы анаға құрмет көрсетілді. Партияның «Бақытты отбасы» жобасы...

Жаңа орда құратын ұрпақ тәрбиелегіміз келеді

Парасат ТАНЕН, Orda Gen жобасының директоры: Тәуелсіздіктің ақ таңында дүниеге келген сәбилердің емін-еркін ойланып, жан-жақты дамып, қазақы мінез қалыптастыруына ертегі арқылы жол ашу – Orda...

Жасотандықтар мереке қарсаңында жас аналарға құрмет көрсетті

8 наурыз қарсаңында жасотандықтар Нұр-Сұлтан қаласындағы №2 көпбейінді орталық аурухананың акушерлік бөлімнің нәзік жанды қызметкерлері мен аналарын құттықтады. «Jas Otan» ЖҚ жетекшісі Нұржан Жетпісбаев: «Әйелдер күнімен...

Өскеменде баланы еденге лақтырған тәрбиешіге іс қозғалды (видео)

Өскемен қаласындағы «Арман» балабақшасының тәрбиешісіне қатысты қылмыстық іс қозғалды. ШҚО әкімдігінің баспасөз қызметі мәлімдегендей, 3 наурызда облыстық білім басқармасына хабарласқан ата-ана «Арман» балабақшасындағы «Еркетай» тобы...

Латынграфикалы қазақ әліпбиі: кірме терминдерді жазудағы ұстанымдар

2019 жылғы қазанда Ұлттық кеңес­тің кезекті отырысында Қазақстан Республика­сы­ның Президенті Қ.Тоқаев ғалым­дар­ға жаңа қазақ ұлт­тық латынграфикалы әліпбиін же­тілдіруді тап­сыр­ған болатын. Ал 2021 жылғы 28...

Тәуелсіздік күнтізбесі

1992 жылғы 5 наурызда Қазақстан Республикасы мен Мысыр Араб Республикасы арасында дипломатиялық қаты­нас орнады. 1993 жылғы 5 наурызда Қазақстан Республикасы Прези­дентінің «Мемлекеттік холдингтік компаниялар туралы»...

Алма ҚҰНАНБАЕВА, Стэнфорд университетінің профессоры: Америкалықтар қазақтың киіз үйіне келіп, күйін тыңдауға құмар

АҚШ-тағы әлемге әйгілі Стэнфорд университетінің профессоры Алма Құнанбаева көп жыл бойы америкалық студенттерге қазақ мәдениеті туралы лекция оқыған. Сонымен қатар ол Беркли қаласында Орта...

Ақмола облысында шахтада топырақ басып қалған жұмысшылар құтқарылды

Ақмола облысында шахтада топырақ үйіндісінің астында қалған екі жұмысшы құтқарылды. Oблыстық ТЖД баспасөз қызметінің мәліметінше, оқиға 4 ақпан күні Астрахан ауданындағы «Айна – ресурс» ЖШС...

Сарқылмас сезім бұлағы

Өнер атаулы сұлулықты дәріптеуден тұрады десек, сол дәріптеудің таусылмас кені, сар­қыл­­мас шабыт көзі – әйелдер. Және бұл өнер­­дің барлық түріне тән. Ежелгі дәуірден бері...

Ақұштап БАҚТЫГЕРЕЕВА: Ақынның мақсаты – әлдекіммен қылыштасу емес, ақиқатқа көз жеткізу

8 наурыз Халықаралық әйелдер күні қарсаңында Túrkistan басы­лымы арқылы қазақ қыздарына өз ақыл-кеңесімді айтқым келеді. Басылымдарыңызды замандастарыммен қатар оқитын жас қыз-келіншектер пайдалысын көңіліне тоқып,...

Рухани жаңғыру − рух тазалығына ұмтылу

Әр дәуір өз жаңалығымен келеді десек те, ұлт ретінде қалып­тас­қан халықтың өзгермейтін бір талабы болады, ол − ру­хани тұрғыдағы біртектіліктен ажырамау. Елді ел ететін...

Енді педагогтер жұмысқа конкурс арқылы қабылданады – министр

Бүгін Парламент Сенатында депутаттар білім саласына қатысты бірнеше маңызды жаңа нормаларды қамтитын заң жобасын қарастырып, мақұлдады. Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов осы құжатта...

Қазынаның шығыны көп, кірісі аз

2020 жыл әлем экономикасы үшін сынақ жылы болды. Көрсеткіштердің бәрі кері кетті. Алыс-беріс азайып, барыс-келістің тоқтауы көп елдің қазынасын ортайтып, қарызын еселеді. Пандемия  Қазақстан...

Тәж-Махалдан мыңнан астам турист эвакуацияланды

Бейсенбі күні таңертең Үндістанның Агра қаласындағы Тәж-Махал кесенесі аумағынан кем дегенде мыңнан астам турист эвакуацияланды, – деп жазды Hindustan Times газеті. Басылымның мәліметінше, жергілікті полицияға...

Жоғарғы соттың екі судьясы қызметінен босатылды

Парламент Сенатының жалпы отырысында ҚР Жоғарғы сотының судьялары қызметінен босатылды. «Сіздердің қарауыңызға Анатолий Сергеевич Смолинді және Серік Қазбекұлы Әбнәсіровті Жоғарғы Сот судьясының қызметінен босату туралы...

Қаржы министрлігі аппаратының жаңа басшысы тағайындалды

ҚР Қаржы министрінің бұйрығымен Абзал Бейсенбекұлы Қаржы министрлігі аппаратының басшысы қызметіне тағайындалды, – деп хабарлады осы ведомствоның баспасөз қызметі. Абзал Бейсенбекұлы 1985 жылы Жамбыл облысында дүниеге...

Австралияда «жұмбақ рейстерге» билет сатыла бастады

Австралиялық Qantas әуе компаниясы бағыты беймәлім рейстердің ашылғаны туралы хабарлады. Компания "жұмбақ рейстер" деп атаған тасымалдың бұл түрі – шекаралар жабық кезде ішкі рейстерді...

Шетелден 500 млн доллардан астам қаржыға сатып алған малдың пайдасы болды ма?

Қазақстан соңғы жылдары шетелден 153 мыңнан астам асыл тұқымды мал сатып алған. Оған барлығы 500 миллионнан астам доллор жұмсалған. Бірақ сатып алып келген малдан...

Оралда көпірдің астынан жас жігіттің мәйіті табылды

Азиат пішіндес жас жігіттің мәйіті бүгін сағат 07.01-де Орал қаласына қарасты Деркөл кентіндегі көпірдің астынан табылған. Бұл туралы БҚО денсаулық сақтау департаменті хабарлады.  Жасы шамамен...

Терезеден құлап кеткен баланы құтқарған павлодарлық 1 млн теңге сыйақы алды

Павлодар қаласының тұрғыны Александр Жұмабаевқа терезеден құлаған баланы құтқарғаны үшін миллион теңге берілді. Ер адам биіктен құлап кеткен қызды қағып алуға үлгермей қалды, алайда...

Туысының үйінен соғым етін ұрлаған жамбылдық бас бостандығынан айрылуы мүмкін

Соғым етін ұрлаған жамбылдық тұрғын бас бостандығынан айрылуы мүмкін,  деп хабарлайды Polisia.kz. Ағымдағы жылдың 1 наурызында Т.Рысқұлов аудандық полиция бөліміне Көгершін ауылының тұрғыны xабарласып, үйінің...

Қазақстанда төлқұжаты жоқ 3,5 мыңнан аса адам анықталды

Қазақстанда жеке басын куәландыратын құжаттары жоқ 3,5 мыңнан аса адам анықталды. Бұл жайында Мәжіліс депутаттарының сауалына ҚР Премьер-Министрі Асқар Маминнің жауабында айтылған. «2020 жылғы қыркүйек...

Apple саңылаусыз iPhone шығарады

Apple физикалық порттарсыз жұмыс істейтін смартфон өндірісін қолға алды. Бұл туралы Appleosophy басылымы хабарлады. Дереккөздердің хабарлауынша, америкалық компанияның инженерлері iPhone-ды компьютермен синхрондаудың жаңа әдістерін жасауда....

Алматыда «Рахат» базарының 300-ге жуық саудагері наразылыққа шықты

Алматыда "Рахат" базарының 300-ге жуық саудагері өздері жан бағып отырған сауда орнының жабылуына қарсылық білдіріп, наразылыққа шықты. Айтуларынша, орнына жиһаз фабрикасын салуға рұқсат беріпті,...

Жұмыс істеуге ең қолайлы мемлекет анықталды

Әлемдегі еңбек мигранттарының ширек бөлігіне жуығы жұмыс істеу үшін Канадаға қоныс аударуды құп көреді екен. Бұл туралы BCG және The Network-тің бірлескен зерттеуінде айтылған,...

Ақмола облысының күре жолдарында көлік қозғалысы шектелді

Ауа райының қолайсыздығына байланысты Ақмола облысының күре жолдарында көліктің барлық түрлерінің қозғалысына шектеу қойылды.  4 наурыз күні сағат 07.00-де Ақмола облысында ауа райының нашарлауы (жел,...

Коронавирусты «мәңгілікке» жұқтырған алғашқы науқастар тіркелді

Америкалық дәрігерлер коронавирусты "мәңгілікке" жұқтырудың алғашқы жағдайларын анықтады, деп хабарлайды medRxiv.  Оңтүстік Калифорния университетінің мамандары вирустың іздері алты ай бойы ақ қан ауруымен ауыратын бірнеше...

4 наурыз: атаулы күндер, есте қалар оқиғалар

4 наурыз Тәуелсіз Қазақстан тарихында қандай оқиғалармен есте қалды? Еске түсіріп көрейік... 1993 жылы «Қазақстан Республикасының мемлекеттік шекарасы туралы» ҚР Заңы күшіне енді. 1997 жылы ҚР...

WhatsApp арқылы 20-ға жуық адамға 70 млн теңгеден астам залал келтірген әйел ұсталды

Ақмола полицейлері интернет-ресурстардың көмегімен пирамида ұйымдастырған алаяқты анықтады, деп хабарлайды Polisia.kz. 2021 жылдың 1 наурызында Көкшетау қаласының ПБ кезекші бөліміне Көкшетау қаласының 65 жастағы тұрғынынан...

Тұман, көктайғақ, жел: Синоптиктер ел өңірлерінде ауа райы қандай болатынын айтты

Бүгін Қазақстанның басым бөлігінде Солтүстік-Батыс циклонының өтуімен құбылмалы ауа райы сақталып, жаңбыр мен қар түрінде жауын-шашын болады. Еліміздің оңтүстігінде қатты жауын-шашын күтіледі, кей жерлерде...

28 мыңға жуық көпбалалы анаға бірреттік төлем беріледі

Шығыс Қазақстан облысында 8 наурыз – Халықаралық әйелдер күніне орай 28 мыңға жуық көпбалалы анаға бірреттік төлем беріледі. Мереке қарсаңында көпбалалы аналар 5 АЕК (14...

Елімізде темекі бағасы қымбаттайды

Ұлттық экономика министрі 2024 жылға дейін темекі бағасын кезең-кезеңмен көтеру жоспарын жариялады. Мәжілісте ЕАЭО-ға мүше елдердің темекі өнімдеріне акциздер саласында салық саясатын жүргізу қағидаттары туралы...

Моңғолия 1 мамырдан бастап шекарасын ашады

Бүгін Моңғолияның министрлер кабинеті 1 мамырдан бастап шекараны ашу туралы шешім қабылдады деп хабарлайды pavlodarnews.kz сайты. Мемлекеттік төтенше комиссия басшысы С.Амарсайханның айтуынша, премьер Л.Оюун-Эрдэнэ өткен...

Этнограф Болат Бопайұлы «Мәдениет саласының үздігі» атанды

Бүгін «Отандастар қоры» және Дүниежүзі қазақтары қауымдастығының ұйымдастыруымен белгілі жазушы, этнограф Болат Бопайұлының салт-дәстүрі туралы 10 кітабының таныстырылымы өтті. Салтанатты жиынға жазушы, түрколог-ғалым Тұрсынхан Зәкенұлы,...

Денсаулық сақтау министрлігі үндеу жасады

Денсаулық сақтау бірінші вице-министрі Марат Шоранов қазақстандықтарға Наурыз мейрамын тек отбасымен тойлауға және үлкен мерекелер өткізбеуге кеңес берді. «Үлкен мерекелік іс-шаралар өткізбей, Наурыз мейрамын отбасымен...

Әзірбайжан Арменияның қанша азаматын тұтқында ұстап отырғаны белгілі болды

Арменияның диаспора істері жөніндегі бас комиссары Заре Синанян РИА Новостиге берген сұхбатында Әзірбайжанның өз аумағында жүзден астам армян азаматын әлі де тұтқында ұстап отырғанын...

Биыл 1-сынып оқушыларының құжаттарын қабылдау 1 сәуірде басталады

Бірінші сынып оқушыларының құжаттарын қабылдау 1 сәуірде басталып, 1 тамызға дейін жалғасады, деп хабарлайды ҚР Білім және ғылым министрлігі. Ведомствоның мәлімдеуінше, бұл – білім беру...

Нұр-Сұлтанда тұрақта тұрған көлік өртеніп кетті

Елорданың сол жағалауында тұрақта тұрған көлік өртеніп кетті. Бұл туралы Нұр-Сұлтан қалалық төтенше жағдайлар департаменті хабарлады. «Бүгін сағат 15:50-де Нұр-Сұлтан қалалық төтенше жағдайлар департаментінің құрамында...

Курьер жігіт 12-қабаттан құлаған сәбиді қағып алды (видео)

Курьер болып жұмыс істейтін вьетнамдық жігіт 12-қабаттан құлаған бүлдіршінді қағып алды, деп хабарлайды Daily Mail.  Нгуен Нгок Ман 12-қабаттың терезесінен құлап кеткен екі жасар бүлдіршіннің...

Нұрсұлтан Назарбаев Михаил Горбачевті мерейтойымен құттықтады

ҚР Тұңғыш Президенті - Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Михаил Горбачевті 90 жас мерейтойымен құттықтады. Бұл туралы Қазақстанның Ресейдегі елшілігінің Instagram-дағы парақшасында хабарланды.  Құттықтауда КСРО Тұңғыш президентінің...

Саша Барон Коэн Қазақстанға келуге ниетті

Сценарист және актер Саша Барон Коэн өзінің ойдан шығарылған кейіпкері — Бораттың отаны Қазақстанға келуге дайын екенін мойындады. Бұл туралы ол "Известия" басылымына берген...

Бішкекте «Астана» халықаралық қаржы орталығының филиалы ашылуы мүмкін

Қырғызстан Президентінің елімізге жасаған мемлекеттік сапарының соңында Қасым-Жомарт Тоқаев пен Садыр Жапаров «Астана» халықаралық қаржы орталығын аралап көрді, деп хабарлады Ақорданың ресми сайты. Мемлекет басшылары...

Қазақстан Қырғызстанға әскери-техникалық көмек көрсетеді

Қазақстан мен Қырғызстан қорғаныс министрлері әскери ынтымақтастық туралы құжаттарға қол қойды, деп хабарлайды ҚР Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі. Қазақстанның Қорғаныс министрі генерал-лейтенант Нұрлан Ермекбаев Қырғызстан...

Жомарт Ертаев тағы да 9 жылға сотталды

Алматыда «Bank RBK», «Qazaq Banki» және «Eurasian Bank» банктерінен 188 миллиард теңгеден астам қаражатты жымқыру ісі бойынша сот үкімі шықты. ҚазАқпараттың хабарлауынша, айыптылардың қатарында экс-банкир...

Кардиолог инфаркт алу қаупін азайтатын үш жаттығуды атады

Кардиолог және жүрек-тамыр хирургі Владимир Хорошев инфаркт қаупін азайту үшін үш жаттығуды ұсынды, деп хабарлайды РИА Новости.  Маман бірінші кезекте көбірек жаяу жүруге кеңес берді:...

Алматы облысында мас жүргізуші 4 оқушыны қағып кетті

Алматы облысында мас көлік жүргізуші 4 оқушыны қағып кетті. Әртүрлі дене жарақаттарын алған үш бала ауруханаға жатқызылды. «Оқиға 2 наурызда сағат 18:40-та Еңбекшіқазақ ауданында болған....

Илон Маск өз қаласын салуға кірісті

Америкалық кәсіпкер, Tesla және SpaceX компанияларының негізін қалаушы Илон Маск Техаста жаңа қала құрылысын қолға алды. Бұл туралы ол өзінің Twitter-дегі парақшасында мәлімдеді. "Мен Техаста...

Айға саяхат: жапон кәсіпкері бұл сапарға 8 адамды таңдап алмақ

Жапон кәсіпкері Юсаку Маэдзава сәрсенбі күні «өзін әртіс деп есептейтін» қоғамның 8 өкілін 2023 жылы Ай орбитасына алып кететінін мәлімдеді. Бұл – SpaceX фирмасы...

Алматыда Роза Бағлановаға ескерткіш қойылады

Алматы қаласы Мәдениет басқармасының хабарлауынша, Қабанбай батыр көшесінің оңтүстік бөлігі мен Байсейітова көшесінің шығыс жағында Роза Бағланованың құрметіне ескерткіш орнатылады. «12 наурызға дейін Роза...

COVID-19: елімізде ПТР тест бағасы арзандап жатыр

Қазақстанның клиникалық-диагностикалық зертханаларымен жасалған монополияға қарсы іс-шаратшеңберінде КВИ ПТР бағасы арзандап жатыр. Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің мәліметінше, 2021 жылғы 1 наурызда КДЗ ОЛИМП COVID-19...

Семейде жер үйден өрт шығып, 2 адам қаза тапты

ШҚО Төтенше жағдайлар департаментінің мәліметінше, 3 наурыз сағат 05:00 шамасында Белибаев көшесіндегі жеке тұрғын үй отқа оранған. Оқиға орнына шұғыл келіп жеткен өрт сөндірушілер...

Нұр-Сұлтанда қашықтан оқыған оқушылар коронавирусты көбірек жұқтырған

Нұр-Сұлтан қаласының бас мемлекеттік санитарлық дәрігері Сархат Бейсенова елорда мектептеріндегі коронавирус статистикасы туралы айтты. «2021 жылдың 1 наурызындағы жағдай бойынша, оқу жылының басынан бері мектеп...

3 наурыз: атаулы күндер мен тарихи оқиғалар

2018 жылы 3 наурызда Қазақстанның Біріккен Ұлттар Ұйымына мүше болуының 26 жылдығы аясында БҰҰ штаб-пәтерінде Қазақстанның Ядролық қаруға тыйым салу туралы шартқа қол қою...

Екібастұзда жолаушылар вагонынан өрт шықты

Екібастұзда жолаушылар вагонының темірден өзге бөлшектерінің барлығы жанып кетті. Әзірге өрт салдарынан келген шығынның мөлшері белгісіз. «2 наурыз күні сағат 13:04-те нөмірі 2-ші мамандандырылған өртке...

Өткен тәулікте елімізде 717 адам коронавирус жұқтырған

Қазақстанда өткен тәулікте 717 адамда коронавирус расталды, – деп хабарлайды coronavirus2020.kz. Аймақ бойынша: Нұр-Сұлтан қаласы - 68, Алматы қаласы - 105, Шымкент қаласы - 12,...

Сарыағашта халықаралық іздеуде жүрген қылмыскер ұсталды

Түркістан облысы Сарыағаш ауданында халықаралық іздеуде жүрген қылмыскер ұсталды. Былтыр мал ұрлаған азамат осы күнге дейін жасырынып жүрген. Облыстық ПД баспасөз қызметінің мәліметінше, күдікті «Мал ұрысы»...

«Алматы жастарына» 10 наурыздан бастап өтінім қабылданады

Оңтүстік шаһардағы жастардың тұрғын үй проблемасын шешетін «Алматы жастары» бағдарламасына қатысуға өтінім қабылдау 10 наурыздан басталады. Бұл туралы «Отбасы банкі» әлеуметтік желідегі парақшасында хабарлады. «Алматы...

3 наурызға арналған ауа райы болжамы – Қазгидромет

Қазгидромет 3 наурызға арналған ауа райы болжамын ұсынады. Қазақстанның басым бөлігінде құбылмалы ауа райы болып, қар мен жаңбыр жауып, кей жерде тұман, көктайғақ, бұрқасын,...

Ресейдегі Әлихан Бөкейханов зиратына гүл шоқтары қойылды

 1 наурызда еліміз Алғыс айту күнін атап өтті. Мереке идеясы Тұңғыш Президент – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевқа тиесілі және Қазақстанда тұратын барлық этностар бір-біріне және...

Әлемдегі барлық миллиардерлердің саны анықталды

Hurun Research Institute зерттеуіне сүйенсек, әлемдегі миллиардерлердің саны 3228-ге жеткен. Зерттеушілердің сөзінше, бұл — рекордты көрсеткіш.  15 қаңтардағы жағдай бойынша планетадағы ең бай адамдардың жиынтық...

Қытай 15 жылда елімізге 19,2 миллиард доллар инвестиция құйған

2020 жылы Қазақстан мен Қытай арасындағы сауда айналымы 4%-ға өсіп, 15,4 миллиард доллар болған. Бұл туралы ҚР сауда және интеграция вице-министрі Қайрат Төребаев айтты,...

Аязда үсіп өлген 5 жасар бала қайтыс болар алдында зорланған

Ресейдің Саратов облысының Вольск қаласында көшеде өлі күйінде табылған бес жасар бала қайтыс болғанға дейін зорланған. Бұл туралы Life Shot Telegram-арнасына сілтеме жасап Lenta.ru...

Елбасы Қырғызстан басшысымен кездесті

Келіссөз басталар алдында Елбасы мен Қырғыз Республикасының Президенті Назарбаев орталығындағы экспозицияларды аралап көрді, деп хабарлайды Elbasy.kz.  Кездесу барысында Нұрсұлтан Назарбаев Садыр Жапаровты Қырғызстан Президенті болып...

Байқоңырдан Ресейдің құпия құрылғылары ұрланды

Белгісіз біреулер Байқоңыр ғарыш айлағынан Ресейдің құпия электроникасын ұрлап кеткен. Бұл туралы  "112" Telegram-арнасына сілтеме жасап Lenta.ru хабарлады.  Арнаның мәліметінше, 1988 жылы "Буран" ғарыш кемесімен...

Психолог 8 наурызда аруларға сыйланатын ең сәтсіз сыйлықтарды атады

Психология ғылымдарының кандидаты Юлия Кочетова 8 наурызда әйелдерге cыйланатын ең сәтсіз сыйлықтардың тізімін жасады, деп хабарлайды "Москва" жаңалықтар агенттігі.  Маманның айтуынша, ең жауыр болған сыйлық...

Балалар құқығын қорғау туралы заң: 3 кодекске 35 түзету енгізілмек

Құжатты саралайтын жаңа жұмыс тобының құрамында 65 адам бар. Парламент мәжілісінің депутаты Динара Закиева қоғамда қызу талқыға түскен балалар құқығын қорғау бойынша заңнамалық актілерге...

Белгісіз коллекционер Черчилльдің суретін рекордтық бағаға сатып алды

Анджелина Джоли Ұлыбританияның бұрынғы премьер-министрі Уинстон Черчилль салған "Кутубия мешітінің мұнарасы" картинасын рекордтық бағаға сатты. Белгісіз коллекционер картина үшін 8,2 миллион фунт стерлинг төлеген,...

Зеленский үндістандық вакцинаны салдырды

Украина президенті Владимир Зеленский Донбассқа сапары кезінде коронавирусқа қарсы вакцина алды. Вакцинация Үндістанда өндірілген Covishield препаратымен жүргізілді, деп хабарлайды korrespondent.net. Президент Жоғары бас қолбасшы ретінде вакцинаны...

Головкин vs Мунгия: Жекпе-жек қашан өтетіні белгілі болды

Геннадий Головкин (41-1-1, 36 КО) орта салмақтағы IBF тұжырымы бойынша әлем чемпионы (әлі IBO титулына ие) титулын мексикалық боксшы Хайме Мунгияға (36-0, 29 КО)...

Ата-анасы жұмысқа кеткен: өрттен 5 жасар бала қаза болды

Солтүстік Қазақстан облысы Аққайың ауданында өрттен бала қаза тапты. Бұл кезде ата-анасы үйде болмаған, - деп хабарлайды Tengrinews.kz. ТЖД өкілдері бала Аққайың ауданы Новороссийск ауылында қаза...

“Ұлытау” тобы АҚШ-та өткен халықаралық байқауда жеңіске жетті

Қазақстандық "Ұлытау" этно-рок тобы Лос-Анджелесте өткен халықаралық байқаудың жеңімпазы атанды, оған әлемнің 83 елінен қатысушылар келген. Бұл туралы Алматының өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингіде топ...

Дәрігерлер карантиндік шектеулерді күшейтуді талап етті

Бразилиялық дәрігер ел билігінен коронавирусқа қарсы шектеу шараларын күшейтуді талап етті, деп хабарлайды РИА Новости.  Ел ауруханаларында орын жоқ, науқастар ем алу үшін кезек күтуге...

Биыл магистранттар шетелде тәжірибеден өте ала ма?

Бүгінде қазақстандық магистранттар COVID-19 пандемиясына байланысты шетелде тағылымдамадан өте алмай отыр. Әлемде және Қазақстанда коронавирус жұқтыру дерегі азайса, магистранттарды шетелге тағылымдамаға жіберу мәселесі қаралады....

Ақтөбе қаласы әкімінің жаңа орынбасары тағайындалды

Президент әкімшілігінің​ келісімімен өңір басшысының өкімімен​ Ақтөбе облысы​ әкімінің орынбасары болып Ермек Кенжеханұлы тағайындалды. Бұл туралы Ақтөбе облысы әкімінің баспасөз қызметі хабарлады. Ермек Кенжеханұлы...

ТЖМ Алматы тұрғындарына үндеу жасады

Сел ұстайтын бөгеттер құрылысына байланысты Үлкен Алматы шатқалына баруға шектеу енгізіледі. Бұл туралы ҚР Төтенше жағдайлар министрі Юрий Ильин мәлімдеді. «Қар мен ылғал қорының жиналуы...

Жасөспірімдерді тәртіпке шақырмақ болған алматылық полицей құрылысы бітпеген үйден құлап кетті

Алматыда полиция қызметкері қараусыз қалған құрылыс нысанынан құлап, жарақат алды. Алматы қалалық Полиция департаментінің мәліметінше, Алатау ауданының ювеналды полиция қызметкері құрылысы бітпеген көпқабатты үйдің төбесіне...

Аралас оқу форматы: Оқушылар мектеп формасын киюге міндеттеле ме?

Оқушылардың аралас форматқа ауысуына байланысты мектеп формасын сатып алудың қажеті жоқ.  Бұл туралы Білім және ғылым вице-министрі Шолпан Каринова мәлімдеді.  «Оқушының ауырып қалуы немесе науқас...

Жамбыл облыстық Ішкі саясат басқармасының басшысы тағайындалды

Жамбыл облысы әкімінің өкімімен облыс әкімдігі Ішкі саясат басқармасының басшысы болып Бейқұт Жамангозов тағайындалды. Бұл туралы Жамбыл облысы әкімінің баспасөз қызметі хабарлады. Бейқұт Тілебалдыұлы 1969...

2 наурыз еліміздің тарихында қандай айтулы оқиғалармен есте қалды?

2 наурыз күні әр жылдары еліміздің тарихында бірқатар маңызды оқиғалар орын алды. 1992 жылы 2 наурызда БҰҰ Бас Ассамблеясының 46-шы сессиясының пленарлық мәжілісінде Қазақстан Республикасы...

Горбачев өмір сүру ұзақтығы жөнінен кеңестік көшбасшылар арасында рекорд орнатты

КСРО-ның бұрынғы президенті Михаил Горбачев кеңестік көшбасшылар арасында өмір сүру ұзақтығы бойынша рекорд орнатты. Бұл туралы Кремль пулының журналисі Дмитрий Смирнов өзінің "№3 пул"...

Қасым-Жомарт Тоқаев Садыр Жапаровпен шағын құрамда келіссөздер өткізді

Ақорда резиденциясында Қырғыз Президенті Садыр Жапаровты салтанатты қарсы алу рәсімі өтті. Екі елдің мемлекеттік әнұрандары орындалғаннан кейін Құрмет қарауылы ротасының бастығы Қазақстан мен Қырғызстан...