"БАЛДӘУРЕН ШАҚ — БАЛАЛЫҚ" АТТЫ "БАЛДЫРҒАН" ЖУРНАЛЫНЫҢ 50 ЖЫЛДЫҒЫНА АРНАЛҒАН ШЫҒАРМАЛАР БӘЙГЕСIНЕ ҚАТЫСЫҢЫЗДАР

"БАЛДӘУРЕН ШАҚ — БАЛАЛЫҚ" АТТЫ "БАЛДЫРҒАН" ЖУРНАЛЫНЫҢ 50 ЖЫЛДЫҒЫНА АРНАЛҒАН ШЫҒАРМАЛАР БӘЙГЕСIНЕ ҚАТЫСЫҢЫЗДАР

"БАЛДӘУРЕН ШАҚ — БАЛАЛЫҚ" АТТЫ "БАЛДЫРҒАН" ЖУРНАЛЫНЫҢ 50 ЖЫЛДЫҒЫНА АРНАЛҒАН ШЫҒАРМАЛАР БӘЙГЕСIНЕ ҚАТЫСЫҢЫЗДАР
ашық дереккөзі

Жас ұрпақтың үлгiлi де ұлағатты, тәртiптi де тәрбиелi, зейiндi де зерек, бiлiмi мен танымының мол болып ержетуiне солардың өздерiне арналып шығып жатқан газет-журналдардың тигiзер ықпалы, қосатын үлесi мол екенi айтпаса да түсiнiктi. Солардың бiрi — биыл шыға бастағанына 50 жыл толғалы отырған бүлдiршiндердiң республикалық бүлдiршiндер журналы "Балдырған" екенi даусыз.

Жарты ғасыр бойы балалардың қуанышына, рухани досына, сырлас серiгiне айналып келе жатқан "Балдырғанның" тойы бүкiл қазақ бүлдiршiндерiнiң тойы. Соларды әсерлi, әдемi шығармаларымен қуантып келе жатқан балалар жазушыларының, ақындарының мерекесi.

Мемлекеттiк балалар басылымдарының "Жас өркен" ЖШС-i өз қарауындағы "Балдырған" журналының 50 жылдық мерейтойына арнап, жас ұрпақты рухани құндылықтарға тәрбиелеу, балалар әдебиетiн қолдау мақсатында балалар қаламгерлерi арасында мектепке дейiнгi бүлдiршiндерге және бастауыш сынып оқушыларына арналған "Балдәурен шақ — балалық" атты әдеби шығармаларға ашық бәйге жариялайды.

Бәйгенiң бас демеушiсi — "Нұр Отан" партиясы.

Бәйге әдебиеттiң поэзия және проза жанрлары бойынша өткiзiледi.

1. Балаларға арналған поэзиялық (тақпақ, өлең, жұмбақ, жаңылтпаш, т.б.) шығармалар.

2. Балаларға арналған прозалық (әңгiме, ертегi, мысал, мектеп сахнасына лайық шағын скетч) шығармалар.

Шығармалар бүгiнгi күн талабына сай еркiн тақырыпта жазылады. Бәйгеге ұсынылатын шығармалар — поэзия 2-5 беттен, проза 2-3 беттен аспауы керек және бұрын еш жерде жарияланбаған болуы тиiс.

Бәйгеге жазу өнерiне қатысы бар кез келген үмiткер, сондай-ақ барлық ақын, жазушы қатысуға құқылы.

Жеңiмпаздарға төмендегiдей жүлделер тағайындалады:

Поэзия жанры бойынша:

Бiр бiрiншi жүлде — 100.000 теңге.

Бiр екiншi жүлде — 70.000 теңге.

Бiр үшiншi жүлде — 30.000 теңге.

Үш ынталандыру жүлдесi — әрқайсысы 10 мың теңгеден.

Проза жанры бойынша:

Бiр бiрiншi жүлде — 100.000 теңге.

Бiр екiншi жүлде — 70.000 теңге.

Бiр үшiншi жүлде — 30.000 теңге.

Үш ынталандыру жүлдесi — әрқайсысы 10 мың теңгеден.

Бәйгеге қатысуға ынта бiлдiрген үмiткерлердiң қолжазбасы 2008 жылдың 1 тамызына дейiн қабылданады. Жүлделер журналдың 50 жылдық мерейтойына арналған салтанатты жиында (3 қазан, 2008 ж.) иелерiне тапсырылады.

Шығармалар мына мекен-жайда қабылданады:

050009 Алматы қаласы, Абай даңғылы, 143-үй (Гагарин даңғылының қиылысы), "Жас өркен" ЖШС-i, 509-бөлме, телефондары: 8 (72-72) 42-29-29, 42-38-64, 69-96-90.

Электрондық адрес: jorken@mail.ru